Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
2. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;
2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады".";
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесі туралы ережеде:
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кеңестің негізгі міндеті фильмді ұлттық деп тану жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру болып табылады.
6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген міндетті іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қарайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру үшін оларды қарастырады;
3) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру бойынша қорытындылар дайындайды;
4) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру бойынша қорытындылар дайындайды;
5) фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы ұсынымдар дайындайды;
6) өндірістің кез келген кезеңінде киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған киножобалардың бастапқы монтажын қарауды жүзеге асырады;
7) Кеңестің құзыретіне жататын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7. Кеңестің құрамы шығармашыл қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан құрылатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Кеңес мүшелерінен тұрады. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің арасынан кеңестің бірінші отырысында мүшелердің қарапайым көпшілік даусымен сайланады. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.";
3. "Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы Мемлекеттiк фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына 2-қосымша |
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің құрамы
Айбасов | − | актер, каскадер, кинорежиссер (келісу бойынша) |
Әбдуәлиев | − | "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша) |
Әмірбекова | − | кинотанушы, "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Кино және ТВ" факультетінің оқытушысы (келісу бойынша) |
Борецкий | − | кинотанушы, киносыншы (келісу бойынша) |
Жолжақсынов | − | актер, кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі (келісу бойынша) |
Күрішбаев | − | "Qara production" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы продюсері (келісу бойынша) |
Қособаев | − | "Equity" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, режиссер, сценарист, продюсер (келісу бойынша) |
Маемиров | − | "Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша) |
Мамасарипова | − | кинопродюсер, сценарист (келісу бойынша) |
Мұрсәлімова | − | өнертану кандидаты, "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Кино және ТВ" факультетінің деканы (келісу бойынша) |
Мұқышева | − | "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің профессоры (келісу бойынша) |
Нөгербек | − | "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Кино тарихы мен теориясы" кафедрасының меңгерушісі (келісу бойынша) |
Омаров | − | "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалар архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы (келісу бойынша) |