"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 219 қаулысымен.1. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" акционерлік қоғамы Мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 211 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
"Штат санының лимиті" деген бағанда:
8) тармақшада "141" деген сандар "140" деген сандармен ауыстырылсын;
17) тармақшада "27" деген сандар "28" деген сандармен ауыстырылсын.
4. "Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 82 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 342-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |