Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
Сыйлықты бір уақытта әр номинация бойынша екіден аспайтын ізденушіге беруге болады, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.";
13-1 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ол берілетін жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізеді.
14. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлық беру туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында Республика күніне орай жарияланады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Республика күнiне орайластырылады.
Уәкілетті орган тиісті жылдың отызыншы қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.";
2) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
"7) үміткер –конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген, конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы.".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |