Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
"7) үміткер –конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген, конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |