Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 183 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 677 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2023 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) үміткер –конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген, конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов