Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
2) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.07.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен бекітілген |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.07.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1. Осы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.
4. Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
Сыйлықты бір уақытта әр номинация бойынша екіден аспайтын ізденушіге беруге болады, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2023 № 183 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
6. Сыйлық мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан арнайы құрылған "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.
Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және он бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Егер Комиссия мүшесінің сыйлық алуға өтінімдерді қарау кезінде тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) болса, Комиссия мүшесі сыйлық алуға өтінімдерді қарауға қатыспайды.
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Комиссияға еркін жазбаша нысанда хабарлайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2022 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау бұл туралы хабарландыру жасалған кезден басталады және сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылғанға дейін төрт ай бұрын тоқтатылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2018 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса);
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
7) кандидаттың жетістіктері туралы өзге де растаушы материалдар (бар болса).
Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап, бір күн мерзімде тіркейді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Ұсынатын ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні болмаған құжаттарды уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде ұсынады.
Уәкілетті орган хабарламада көрсетілген ескертулерді ескере отырып пысықталған өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.
Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға өтінімді қайтарады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
11. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды.
Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінен мынадай бағыттар бойынша 6 секция құрылады: "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және қоғамдық қызмет", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым".
Секция қызметін Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия төрағасы тағайындаған жетекші басқарады.
Секция отырысы хаттамамен рәсімделеді, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды және Комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.
Екiншi кезеңде – Комиссия сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
13. Хаттама жобасы мен негіздемесі бар хабарлама хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
Ұсынатын ұйымдар хаттама жобасы бар хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасына қарсылықтар беруі мүмкін.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Хаттамада сыйлық беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлық берілмейтін кандидатуралар көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13-1. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ол берілетін жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізеді.
Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2018 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2023 № 183 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлық беру туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында Республика күніне орай жарияланады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2023 № 183 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Сыйлыққа ие болған адамдарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.05.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Республика күнiне орайластырылады.
Уәкілетті орган тиісті жылдың отызыншы қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2023 № 183 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Лауреаттың төсбелгiсi мен дипломының сипаттамасын Комиссияның төрағасы бекiтедi.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
Ескерту. Тіркеу өтінімі жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.05.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Тегі ___________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)____________________________________________
2. Туған күні______________________________________________________
3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _______________________________
_________________________________________________________________
4. Номинация _____________________________________________________
5. Білімі __________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) _________________________
7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)______
__________________________________________________________________
___________________________________________________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ____________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________
10. Байланыс телефоны ______________________________________________
11. Электрондық пошта ______________________________________________
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1.
2.
Ұйым басшысы __________________ _____________________________
(қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр қою орны (бар болса)
20__ жылғы "___"_________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен бекітілген |
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет.
2. Ғылым.
3. Дизайн және бейнелеу өнері.
4. Журналистика.
5. Классикалық музыка.
6. Қоғамдық қызмет.
7. Спорт.
8. Театр және кино.
9. Эстрада.
10. Халық шығармашылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
7 тамыздағы № 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1038 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 418-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 500-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 341-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 695-құжат).