ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4 және 5-тармақтан қараңыз
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
4. Осы қаулы:
2022 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 100) және 101) тармақшаларын;
2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 138) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Ереженің 104) тармақшасының қолданысы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"104) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілетті берілген болса, Министрлік мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның өкiлеттiгiне жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында, сондай-ақ тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2023 № 443 қаулысымен.14. Өкілеттіктер:
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволарға беру;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдаудың өткізілетін орны, күні және уақыты туралы алдын ала хабардар ету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15.Функциялар:
1) азаматтардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
1-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде арыз иелері жолданымдарда көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2-1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
2-2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерлерін бекіту;
2-3) "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2-5) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту;
2-6) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату тәртібін айқындау;
2-7) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім алу мақсатында келетін иммигранттардың тұруға, сондай-ақ оқуға ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2023 № 443 қаулысымен;8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
8-1) білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
10) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің сапасын басқаруды жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;
12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және бекіту;
13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
14) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан алып тастау негіздерін әзірлеу және бекіту;
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлеу және бекіту;
16) мыналарға:
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
рухани білім беруге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;
17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
18) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен тәртібін белгілеу;
20) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;
21) танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімдерін және білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
22) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
23) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
24) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
25) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
26) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
27) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
27-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
28) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
29) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
30) экстернат нысанында және онлайн оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
31) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
32) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру;
33) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
35) бақылаудың тиімді және ашық рәсімдері негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау үшін білімді тексеруді жүргізу;
35-1) білім алушылардың білімін тексеруді жүргізу үшін қағидалар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
36) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
37-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
37-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
37-3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау;
38) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру қағидаларын әзірлеу және бекіту, осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау;
39) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қатысушы банк пен оператор, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді әзірлеу және бекіту;
40) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41) кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту;
42) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекіту;
42-1) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атаулар беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;
43) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілердің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру;
45) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
46) мемлекет атынан доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
47) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
49) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 764 (04.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;50) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумағына әкелуге тыйым салынған, онда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
51) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
52) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;
53) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, осы жұмысты үйлестіру;
53-1) өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі;
54) шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу тәртібін әзірлеу және бекіту;
55) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
56) қысқы және жазғы каникул кезеңінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
57) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
58) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз ету;
59) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
60) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
61) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және стандарттау жөніндегі ұлттық жоспарды қарау;
62) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
63) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
64) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
65) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз ету;
66) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібін әзірлеу;
67) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
68) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім алушыларының заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
69) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;
70) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
71) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
72) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру бөлігінде білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
73) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
73-1) шетелде, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;
73-2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін әзірлеу және бекіту;
73-3) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеу және жыл сайын бекіту;
73-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
73-5) мүдделі мемлекеттік органдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келісу бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын, оның жұмыс тәртібі мен ұйымдастырылуын, сондай-ақ үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуін бағалау парағын бекіту;
73-6) "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан не одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының әкімшісі алдында қаржылай берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
73-7) стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерімі мен еңбек қызметін жүзеге асыруының мониторингі, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде берілген кепіл мүлкін ауыстыру, тұрақсыздық (айыппұл) төлемін қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
73-8) "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде тілдік курстар ұзақтығының кестесін әзірлеу және бекіту;
73-9) "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесін әзірлеу және бекіту;
73-10) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында айқындалатын тұлғалар санаттары үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті санын әзірлеу және жыл сайын белгілеу;
73-11) "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту;
73-12) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білуінің қажетті ең төмен деңгейін әзірлеу және бекіту;
73-13) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
73-14) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
73-15) Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар нысанын әзірлеу және бекіту;
73-16) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалардың баламалылығы кестесін әзірлеу және бекіту;
73-17) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөнінде комиссия құру;
74) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту;
75) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алу;
76) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (PhD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
77) ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
78) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымы мен оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
80) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
81) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
82) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
82-1) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;
83) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;
84) білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, білім беру ұйымын қайта ұйымдастыруға байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;
85) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Сот төрелігі академиясын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
86) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыру;
87) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
88) кредиттік оқыту технологиясын бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
89) білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
90) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылау жүргізу;
91) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;
92) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
93) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын алқалы басқаруды сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
94) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын әзірлеу және бекіту;
95) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
96) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
97) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
98) жастар ұйымдарымен ғылым, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
99) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!100) тармақша осы қаулының 4-тармағына сәйкес 30.08.2022 бастап қолданысқа енгізілді.
100) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!101) тармақша осы қаулының 4-тармағына сәйкес 30.08.2022 бастап қолданысқа енгізілді.
101) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
102) ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және басшылық жасау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!103) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 29.05.2024 № 421 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
103) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
104) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту (биологиялық қауіпсіздік саласына әсер ететін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шегінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі);
105) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
106) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және оларды қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асыруды ұйымдастыру;
107) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
108) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.05.2024 № 421 қаулысымен;109) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
110) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу және бекіту;
111) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
112) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
112-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің аккредиттеуден өту шарттарын сәйкестігін бағалау (балл) шкаласын әзірлеу және бекіту;
112-2) жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
113) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді жүргізу;
114) ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!115) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 29.05.2024 № 421 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
115) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
115-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысын ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және Кеңес төрағасын – Қазақстан Республикасының Президентін ғылым мен технологияларды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі сараптамалық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
116) ғылыми ұйымның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, оның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
117) ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені бекіту;
118) диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
119) дәрежелерді беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
120) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
120-1) ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан бас тартқан не одан айырылған, қаржылық берешегі бар тұлғалардың бюджет қаражатын қайтаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
120-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
121) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
122) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
123) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;
124) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету;
125) жыл сайынғы "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
126) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
127) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің мониторингін жүзеге асыру және ғылымды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
128) ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені әзірлеу және бекіту;
129) ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құру, ұлттық ғылыми кеңестер құрамын бекіту;
130) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеп, бекіту және оның құрамын бекіту;
131) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
131-1 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын әзірлеу және бекіту;
132) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша басты ұйымды айқындау;
133) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
134) мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
135) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136) ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
137) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!138) тармақша осы қаулының 4-тармағына сәйкес 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізілді.
138) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
139) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
140) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
141) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпарат енгізу;
142) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, бекіту және іске асыру;
143) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
144) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында ашық қолжетімділікте орналастыру;
145) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
146) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
147) белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыру;
148) Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
148-1) ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды белгілеу;
148-2) ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149) уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;
150) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
151) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
152) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
152-1) "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша жұмысты үйлестіру;
152-2) "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды әзірлеу және бекіту;
153) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
153-1) тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшартын әзірлеу және бекіту;
154) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
155) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
156) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оның халықаралық беделін нығайту;
157) Республикалық терминологиялық комиссияны құру және оның қызметін қамтамасыз ету;
158) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;
159) мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту, терминологиялық жұмысты жүйелеу;
159-1) терминологиялық жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
160) тіл реформасын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету;
160-1) қазақ тілінің емле қағидаларын әзірлеу және бекіту;
161) мемлекеттік тілді оқытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған қызметті ақпараттандыруды, ІТ-жобаларды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету;
162) мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеуді және басып шығаруды қамтамасыз ету;
163) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
163-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
164) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;
165) орталық және жергілікті атқарушы органдардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
166) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
167) базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;
168) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
169) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
170) мемлекеттік қызметтер көрсету;
171) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
172) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу;
173) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолдану;
174) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
175) лицензиарларды, лицензиялар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
176) біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу, нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
177) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асыру;
177-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
177-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
177-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
177-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
177-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
177-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
177-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
177-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
177-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
177-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
177-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
177-12) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және пайданы бірлесіп пайдалануды ұйымдастырады;
177-13) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
177-14) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
177-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
177-16) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;
177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
177-24) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
177-25) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын келісу;
177-26) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілетін салаларды айқындау;
177-27) жетекші ғалымдардың ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау үшін халықаралық рецензияланатын баспаларды (журналдарды) айқындау;
178) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 05.12.2022 № 972; 16.03.2023 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2023 № 361; 02.06.2023 № 443; 04.09.2023 № 764 (04.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); 31.01.2024 № 52; 29.05.2024 № 421 (қолданысқа енгiзiлу 2-т. қараңыз) қаулыларымен.3-тарау. Министрліктің, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1094 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.08.2023 № 702; 31.01.2024 № 52; 10.04.2024 № 265 қаулыларымен.
1. "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".
3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.01.2024 № 52 қаулысымен.4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.01.2024 № 52 қаулысымен.
5. "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2024 № 52 қаулысымен.
1. "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. "Экономика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
6. "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
7. "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
8. "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
9. "Ғылым ордасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
10. "Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
11. "Микробиология және вирусология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
12. "Генетика және физиология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
13. "Алтай ботаникалық бағы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
14. "Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
15. "Зоология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
16. "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
17. "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
18. "Ақпараттық және есептеу технологиялары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
19. "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
20. "Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
21. "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
22. "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.11.2022 № 868 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.12.2022 № 1003; 11.04.2023 № 281; 06.10.2023 № 881; 20.02.2024 № 105; 16.07.2024 № 567 қаулыларымен.
1. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы.
2. "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы – 50 %.
3. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
4. "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
5. "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
6. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
7. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
8. "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
9. "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
10. "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
11. "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
12. "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 567 қаулысымен.14. "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
15. "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
16. "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
17. "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
18. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
19. "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
20. "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
21. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
22. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
23. "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
24. "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
25. "Рудный индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
26. "Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
27. "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
28. "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
29. "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
30. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
31. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы.
32. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
33. "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
34. "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.12.2023 № 1147; 12.06.2024 № 459 қаулыларымен.
1. "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы.
2. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы.
3. "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы.
4. ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
5. "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6. "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.