"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 972 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 323-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "323-1) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, хабарларда, үн қосуларда, ұсыныстарда, сұрау салуларда халық көтеретін жүйелі проблемаларды уақытылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және оларды анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов