Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 263 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы:

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он алтыншы, он жетінші, жиырма алтыншы, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын, 3-тармағының он екінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма жетінші, отызыншы, қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 4-тармағының алтыншы абзацын;

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 3-тармағының отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 4-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      3. Мыналардың:

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21), 27) және 50) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген табыстардан төленбейді.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.";

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26), 27) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтқан жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.

      Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.

      Бұл ретте Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген табыстан БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.";

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының жетінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.".

      4. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының төртінші, бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма алтыншы, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші абзацтары, 3-тармақтың жиырма жетінші, қырық бесінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      5. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының бесінші абзацы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңда айқындалған тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адам;".

      6. 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 22) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 27) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген табыстардан төленбейді.";

      қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының отыз бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26) және 27) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.".

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 263 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидаларында:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайын есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспайды.

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.

      3. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі.

      Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады:

      өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.

      Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектілері республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері болып табылады.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қорға әлеуметтік аударымдар:

      1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында;

      2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 22) тармақшасының алтыншы абзацында 26), 32), және 53) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістерден төленбейді.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 52) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын кірісіне түзетулер қолданылмайды;

      3) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

      Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен төлейді.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Банк шотын ашпай банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

      Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.";

      13-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың артық (қате) төлеген бірыңғай жиынтық төлемін қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.";

      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      29-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Міндетті зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналары салымшысының ашық жеке зейнетақы шоттарына түседі. Жеке тұлғада БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайда жеке зейнетақы шоты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) келіп түскен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде ашылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді БЖЗҚ тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – бірыңғай тізім) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт туралы мәліметтер енгізілгені туралы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасын алған күннен бастап салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны немесе зейнетақы төлемдерiн алушыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету тәртібі";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. БЖЗҚ хабардар етуді мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы таңдаған, төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

      1) электрондық:

      БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;

      қолданушының электрондық цифрлық қолтаңбасын немесе логині мен паролін пайдалана отырып жеке кабинет арқылы;

      2) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде;

      3) пошта байланысының қызметтері арқылы.

      Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету тәсілін таңдамаған жағдайда, хабардар етуді БЗЖҚ жеке өзі жүгінген кезде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Осы Қағидалардың 7-1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін БЗЖҚ-да жеке зейнетақы шотын ашқан кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЗЖҚ-ға ұсыну тәсілі "БЗЖҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде" деп автоматты түрде айқындалады, міндетті зейнетақы жарналары салымшысының оны осы Қағидалардың 19-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзгертуге құқығы бар.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Төлем карточкасы арқылы хабардар етуді қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысын немесе міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушыны осы Қағидалар бекітілгенге дейін жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, оның ішінде өткен жыл бойынша жыл сайын міндетті хабардар етуді БЖЗҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға берілген электрондық форматтарда көрсетілген тәсілмен жүзеге асырады.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. БЗЖҚ-ның міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші шеңберінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғамен келісу бойынша айқындалады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай:

      1) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған;

      2) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ны адресаттың көрсетілген мекенжай бойынша болмауы себебінен міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде белгілі болған тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаған;

      3) БЗЖҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) басқа да дереккөздерден:

      БЗЖҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтер алған;

      4) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЗЖҚ-ға қайтару нәтижесінде белгіленген толық емес (дұрыс емес) пошта және электрондық мекенжайлар;

      5) БЗЖҚ-ға тікелей жеке өзі немесе жеке кабинет арқылы жүгінген кезде ақпараттандыру тәсілін таңдаған жағдайларда, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының салымшысын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны немесе зейнетақы төлемдерін алушыны олардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етуді жүзеге асырмайды.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның немесе зейнетақы төлемдерін алушының БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы хабарлау тәртібі";

      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлайды. БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге мыналар жатады:";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген деректемелерді өзгерту мақсатында жеке басын куәландыратын құжатпен және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша өтінішпен – БЖЗҚ-ға немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорацияға зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген зейнетақы төлемдерін алушы Мемлекеттік корпорацияға банк деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлайды.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қорытынды ережелер".

      3. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агенттер жұмыскерлерге төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 39-бабының 2-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төленуге тиіс.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.

      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген он екі мөлшерінен аспауға тиіс.

      Мыналар:

      1) заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірісі, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын және (немесе) нысанасы жеке тұлғалармен жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскердің және (немесе) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайтын ай сайынғы кірісі;

      3) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын кірісі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады.

      Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін алынатын кіріс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.

      Кірісі болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;

      4) мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер;

      5) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;

      6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (кірісінен) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі;

      7) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табысы;

      8) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштің және басқа елді мекендерде 0,5 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      6. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналары:

      1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;

      2) Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;

      3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 31), 32) және 53) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 46) және 47) тармақшаларында (жоғалтқан жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.

      Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 52) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.

      Бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 22) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген табыстардан ұсталмайды;

      4) мүгедектер және Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.

      Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.";

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұсталып қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:

      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге төлеген табыстан және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;

      4) мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;

      5) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (кірісінен) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      6) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.

      Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударылады.";

      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация деректемелерінде қате жіберілген салымшы үшін, сондай-ақ Заңның 24-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерде шоттары бар агенттер міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасымен "ААЖЖЖЖ" форматында міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып аударады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың табыстарынан ұстап қалған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі, жұмыскерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (айы/айлары, жылы) көрсетеді.";

      37-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде:

      1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында;

      2) осы тармақшаның екінші бөлігінде айқындалған кірісті қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген төлемдердің түрлері ескерілмейді.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 52) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатқызылады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 63-1) және 63-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      63-2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
  "Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының
басшысы
  ________________________

Өтініш

      Кімнен ____________________________________________________________

      (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)

      _______________________ № ___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:


Р/с

ЖСН

Т.А.Ә. бар болса

Кезең

Төленген сома

Қайтарылатын сома







      атына қайтаруды сұраймын, референс ________, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сома ________.

      Себебі (қажеттісін белгілеу):______________________________________


төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;

алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кіріске артық есептелген;

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;

төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;

төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;

дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:

      Төлеушінің атауы: __________________

      Төлеушінің ЖСН/БЖН: _______________

      ЖСК: _____________________________

      Төлеушінің БСК: ____________________

      Төлеушінің банкі: __________________

      Төлеушінің банк шотының нөмірі: ___________

      Қосымшалар:

      Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Қолдары:

      Басшы _____________________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Бас бухгалтер:

      ______________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Заңды мекенжайы:

      __________________ Төлеушінің байланыс телефондары: ______________

      Телефон: +7 (____)_________________, E-mail ___________________________

      Толтырылған күні 20 ____жылғы "___" ___________

      Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) куәландырылады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
2-қосымша
  Міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын есептеу,
ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару және
олар бойынша өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жұмыскерде жеке зейнетақы шотының болуы туралы анықтама-pacтама

      Мемлекеттік корпорация жұмыскер(лер)дің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екені туралы хабарлайды


Р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы ЖЖААКК

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жұмыскердің жеке зейнетақы шотының болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

      М.О. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімнің басшысы

      ___________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Берілген күні 20__ жылғы "____" ___________