"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 1-қосымша |
Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру
Р/с № | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік |
2. | Ұңғыма объектісін сынау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру | Ұңғыма объектісін сынау кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат |
3. | Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру | Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат |
4. | Теңiздегі құрылыстарды салуға немесе орналастыруға рұқсат беру | Теңiздегі құрылыстарды салуға немесе орналастыруға рұқсат |
5. | Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат беру | Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат |
6. | Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру | Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 2-қосымша |
Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Р/с | Екінші санаттағы рұқсаттар | Уәкілетті орган | Келісуші мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Теңiздегі құрылыстарды салуға немесе орналастыруға рұқсат | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің | |||
Қазақстан Республикасы | |||
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі | |||
2. | Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің | |||
Қазақстан Республикасы | |||
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |