Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 809 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 809 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 1-қосымша |
Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік |
2. | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат |
3. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 2-қосымша |
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 809 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Екінші санаттағы рұқсаттар | Уәкілетті орган | Келісуші мемлекеттік орган |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | |||
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті | |||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | |||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |