Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 1-қосымша |
Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік |
2. | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат |
3. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 2-қосымша |
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с | Екінші санаттағы рұқсаттар | Уәкілетті орган | Келісуші мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | |||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi | |||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |