Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.04.2024 № 267 қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
1-қосымша

Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

1.

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат

2.

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
2-қосымша

Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.04.2024 № 267 қаулысымен.

Р/с

Екінші санаттағы рұқсаттар

Уәкілетті орган

Келісуші мемлекеттік орган

1.

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі