"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
|
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітіліген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентіне (бұдан әрі – Үкімет Регламенті) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлеуге жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында (бұдан әрі – уәкілетті органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Уәкілетті органдардың заң жобалау жұмысын ұйымдастыруы мыналарды қамтиды:
1) заң жобасының тұжырымдамасын даярлау (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын қоспағанда);
2) заң жобасы тұжырымдамасын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, сондай-ақ әзірлеуші органның интернет-ресурсында орналастыру;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасының тұжырымдамасын, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды алу үшін жіберу;
4) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасы тұжырымдамасына оны жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайда кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
5) заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тұжырымдаманың осы Қағидалардың 4 және 15-тармақтарына сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін жіберу;
6) заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қарау;
7) Комиссия отырысында заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданған жағдайда заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру;
8) заң жобасын, сондай-ақ, егер тиісті заң жобасында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау көзделсе, олардың жобаларын әзірлеу;
9) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын заң жобасын қоғамдық кеңестерге ұсынымдар алу үшін жіберу;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасын, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, жіберу;
11) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына оны жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
12) заң жобасына ғылыми сараптама жүргізу;
13) заң жобасын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, сондай-ақ әзірлеуші-органның интернет-ресурсында орналастыру;
14) Заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететін мемлекеттік бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша мемлекеттік органдардың кешенді ақпараттық жұмысының бірыңғай жоспарында көзделген іс-шараларды жүргізу;
15) заң жобасын Заңға және Үкімет Регламентіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу;
16) мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі негізінде заң жобалары бойынша жария тыңдауларды өткізу;
17) заң жобасын пысықтау кезінде тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша ғылыми сараптама жүргізу;
18) заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізу және оны Үкімет Регламентіне сәйкес қарау;
19) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу;
20) заңдар жобаларына қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
21) заңдар жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу;
22) заңдар жобаларын Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарында қарау кезінде ұсыну мен сүйемелдеу.
3. Заң жобасының тұжырымдамасын дайындау Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының ережелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкімет шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері, Қазақстан Республикасының заңнамасын тиісті салаларда және қоғамдық өмірдің салаларында қолдану практикасы, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Заң жобасының тұжырымдамасын уәкілетті орган қажет болған кезде ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғылымның тиісті салаларындағы ғалымдарды, білімнің түрлі салаларындағы мамандарды тарта отырып, дайындайды.
4. Заң жобасының тұжырымдамасын дайындау кезінде уәкілетті орган:
1) құқықтық реттеудің тиісті саласындағы қолданыстағы заңнаманы талдауды, қолданыстағы құқықтық тетіктер (олар болған жағдайда) тиімділігінің жеткіліксіздігі себептерін айқындауды, жүргізілген заңнамалық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін есепке алуды, ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің көп болуын анықтауды;
2) экономикалық, әлеуметтік, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерттеуді, қорытындылауды және талдауды, заңды қабылдаудың болжалды әлеуметтік, қаржылық-экономикалық, экологиялық, құқықтық және өзге де салдарын зерттеуді жүргізуді, оның ішінде заңның қабылдануына байланысты болуы мүмкін әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ белгілі бір салада қоғамдық қатынастардың даму үрдістері мен нұсқаларын талдауды;
3) егер заң жобасын іске асыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтырса, қажетті қаржылық-экономикалық есептеулер жүргізуді;
4) халықаралық тәжірибені зерттеуді, салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Заң жобасының тұжырымдамасы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
5. Заңнамалық актіні қабылдау қажеттілігі туралы куәландыратын дәлелдерді баяндау нақты, жағымсыз құбылыстар мен процестердің тиімділігі жеткіліксіз қолданыстағы заңнамамен байланысын жан-жақты белгілейтін болуы тиіс. Дәлелдер ретінде жағдайлардың қысқаша мән-жайын көрсете отырып, құқық қолдану практикасындағы үлгілерді, қорытындылар мен ұсыныстарды келтіру қажет.
6. Заңды қабылдаудың әлеуметтік салдарын болжаған кезде оның жалпы қоғамның дамуына, сол сияқты оның жекелеген әлеуметтік топтарына, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкін болатын ықпалды: білім беру және халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейіне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікке, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалды талдау жүргізіледі, болуы мүмкін әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер және басқа да салдар бағаланады.
7. Заңды қабылдаудың қаржылық-экономикалық салдарын болжаған кезде заңды қабылдаумен байланысты мыналар:
1) республикалық және жергілікті бюджеттің тікелей және жанама шығыстары;
2) құқық қолданушылардың және заңнамалық акті нормаларын іске асырудың өзге де субъектілерінің шығыстары;
3) республикалық және жергілікті бюджеттің кірістері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кірістері;
4) өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділік (бәсекенің дамуына ықпал, кредит ресурстарының қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да салдар) бағаланады.
8. Заңды қабылдаудың экологиялық салдарын болжаған кезде заңнамалық актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға әсер етудің бағыты, сипаты мен дәрежесі бағаланады.
9. Заңды қабылдаудың құқықтық салдарын болжау шеңберінде келешек заңның қаралып отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігіне ықпалы, атап айтқанда, заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтардың, тиімсіз және декларативті нормалардың болуы, құқықтар мен міндеттерді іске асыру тетігінің болмауы бағаланады.
10. Мемлекеттік бюджеттен болжалды қаржылық шығындар туралы ақпаратқа тиісті қаржылық есептеулер қоса берілуі тиіс.
11. Салдарды болжаған кезде келешек заңның мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне, тәуекелдеріне ықпалы бағаланады.
12. Заң жобасының дайындалған тұжырымдамасы Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу үшін, сондай-ақ тұжырымдама жобасы бойынша алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.
Егер заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу көзделсе, онда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тұжырымдама жобасымен бірге жаңа редакциядағы заң жобасының алдын ала мәтіні енгізіледі.
Заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссияның барлық мүшелеріне, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмасымен түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, заң жобасының тұжырымдамасы Комиссия мүшелеріне келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады, ал кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы реттеушілік әсерге талдау жасау қажеттігі немесе қажет еместігі туралы қорытындыны ұсынады.
13. Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы бойынша оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізген кезден бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заң жобасы тұжырымдамасының осы Қағидалардың 4 және 15-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін көрсететін алдын ала қорытынды дайындайды. Заң жобасының тұжырымдамасы көрсетілген тармақтың талаптарына сәйкес келмеген кезде әзірлеуші оны пысықтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындысына Комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары қоса беріледі.
14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып, пысықталған заң жобасының тұжырымдамасын Комиссия отырысына шығарады. Егер уәкілетті орган Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспесе, онда тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылануға жатады.
Комиссия отырысында заң жобасы тұжырымдамасының жобасымен бірге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алдын ала қорытындысы қаралады.
15. Комиссия:
1) қолданыстағы заңнамада реттелген қоғамдық қатынастарды регламенттеуді көздейтін;
2) құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына (адам құқықтарының басымдылығы, заңдылық, тең құқықтылық, әділеттік және т.б.) қайшы келетін;
3) реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес келмейтін;
4) реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген, бірақ оны жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексінде көзделген заң жобаларының тұжырымдамаларын мақұлдамайды.
16. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және Заң шығармашылық жұмыстың тұжырымдамалық жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Президенттің тапсырмасына негізделетін Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс тәртіппен әзірлейді.
Егер уәкілетті орган бюджеттік қаражат пен гранттар есебінен заң жобасын әзірлеуге тапсырыс берсе, онда уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезеңінде заң жобасын әзірлеуге бір мезгілде бюджеттік өтінім берумен бір мезгілде оны әзірлеудің орындылығы тұрғысынан Комиссия қорытындысын береді.
17. Заң жобасын әзірлеуші уәкілетті орган заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады. Заң жобасын дайындауға заң жобасын дайындайтын уәкілетті органның заң бөлімшелерінің қызметкерлері міндетті түрде қатысуы тиіс.
Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері тартылады, сондай-ақ белгілі бір құқық саласының ғылыми-зерттеу институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және олармен келісу бойынша ғылымның тиісті салаларының ғалымдары енгізілуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеу кезінде жұмыс тобының құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдері міндетті түрде енгізіледі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2019 № 149 қаулысымен.18. Заң жобасы оның Комиссия мақұлдаған тұжырымдамасына қатаң сәйкестікпен әзірленуі тиіс. Бұл талап заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу сатысына дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы бойынша заң жобасына тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
19. Заң жобаларын әзірлейтін уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізгенге дейін олардың негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау мақсатында олар бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі негізінде жария тыңдаулар өткізеді.
Жария тыңдауларға мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша қоғамдастықтың және заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері, тиісті саладағы ғалымдар мен сарапшылар, партиялардың, оның ішінде парламенттік емес партиялардың өкілдері, сондай-ақ кез келген ниет білдірген тұлғалар шақырылады.
20. Жария тыңдаулар өткізілген жағдайда оларды өткізу туралы ақпарат заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
21. Уәкілетті органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған заң жобаларына мынадай материалдар қоса берілуге тиіс:
1) заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы;
2) Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазба;
3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;
4) заң қабылданған жағдайда ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдары. Қабылданатын заң қолданысының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады;
5) егер заң жобасын іске асыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына әкеп соқса, қаржылық-экономикалық есептемелер;
6) заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
7) заң жобасының ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша қорытынды. Заң жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда, тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздерін келтіруі тиіс;
8) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырмалы кестесі қоса беріледі;
9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса, заң жобасына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары, сондай-ақ қажет болған жағдайда сараптамалық кеңес отырысының хаттамасы қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелденген жазбаша негіздемелерін келтіруі тиіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қоса берілмейді;
10) егер заң жобасы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайларды қоспағанда, оған қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса беріледі. Әзірлеуші қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, ұсынымдармен келіспеу себептерінің жазбаша негіздемелерін қоса беруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қоса берілмейді;
11) Үкімет Регламентіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама парағы;
12) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;
13) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға жататын заңнамалық актілердің тізбесі;
14) егер заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, сол заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары (егер мұндай қажеттілік болмаса, бұл ілеспе хатта көрсетіледі).
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда заң жобасын әзірлеуші орган заңға тәуелді актінің тиісті жобасын сұратады және жоғарыда аталған барлық материалдармен бір мезгілде ұсынады;
15) заң жобасын (заң жобаларын) бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері туралы анықтама;
16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша заң жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп;
17) заң жобасы бойынша жария тыңдау жүргізілген жағдайда оның хаттамасы.
Заңдар жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарауға және келісуге енгізілген кезде бір мезгілде тұжырымдама жобасын және заңнамалық акті жобасының мәтінін әзірлеуге "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқанын растайтын қорытындысы енгізіледі.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.03.2019 № 149 қаулысымен.22. Заң жобасын келісу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу тәртiбi Үкімет Регламентінде айқындалады.
23. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіруді, сондай-ақ осы қызметке әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады.
|
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы әзірлейтін заң жобасы тұжырымдамасының нысаны
1. Заң жобасының атауы.
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттiлiгiнiң негіздемесі.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары.
4. Заң жобасын реттеу нысанасы.
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны.
6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері.
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттiлiгi.
9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтiк құқықтық актілермен реттелуі.
10. Қаралып жатқан мәселе бойынша халықаралық тәжiрибенiң бар болуы.
11. Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 99-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 105-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 255-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж, № 2, 16-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 347-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 364-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 506-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1067 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 767-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 326-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 521-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 149-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 545-құжат).