2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған үкіметтік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысымен бекітілген |
Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2016 № 668; 29.12.2016 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 31.12.2016 № 922; 13.03.2017 № 113; 22.06.2017 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.08.2017 № 498; 26.08.2017 № 511; 23.10.2017 № 674 қаулыларымен.
Р/с № | Атауы | Жауапты мемлекеттік орган | Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 2015 – 2019 жылдар |
2. | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 2015 – 2019 жылдар |
3. | "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 2015 – 2019 жылдар |
4. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 13.03.2017 № 113 қаулысымен. | ||
5. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | ||
6. | "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі | 2017 – 2021 жылдар |
7. |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | 2017 – 2021 жылдар |
8. | "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі | 2018 – 2022 жылдар |
9. | "Ұлттық экспорттық стратегия" бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | 2018 – 2022 жылдар |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы тізімі
1. "Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 19-құжат).
3. "Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 320 қаулысы.