"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республика Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 22.06.2018 № 372 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында:

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:

      "Бағдарламаның міндеттері" деген кіші бөлімдегі "5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту" деген жол алып тасталсын;

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген кіші бөлімде:

      "Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

      млн. теңге


2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

РБ*

180 755

113 335

69 516

63 296

215 833

ЖБ*

16 158

11 751

5 010

4 415

14 930

Бюджеттен тыс қаражат

212 968

523 712

107 750

109 900

113 200

Барлық қаражат

409 881

648 798

182 276

177 611

343 963

      ";

      "2. Кіріспе" деген бөлімде:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: "Өңірлерді дамыту", "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы.";

      "4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      "5. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізудің негізгі бағыттары, жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "Экономикалық өсу орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары" деген кіші бөлімдегі "2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу" деген бөлік алып тасталсын;

      "6. Қажетті ресурстар" деген бөлімдегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      млн. теңге


2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

РБ*

180 755

113 335

69 516

63 296

215 833

ЖБ*

16 158

11 751

5 010

4 415

14 930

Бюджеттен тыс қаражат

212 968

523 712

107 750

109 900

113 200

Барлық қаражат

409 881

648 798

182 276

177 611

343 963

      ";

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына 1-қосымшада:

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      "5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      мына:

      "

"ҚИК" ИҰ" АҚ

"Қазақстанның ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы


Жылжымайтын мүлік қоры

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы


ҚТҚЖБ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

      "

      деген жолдар алып тасталсын;

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына 4-қосымша алып тасталсын;

      2) "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 583-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 6-жолмен толықтырылсын:

      "

6.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2017 – 2021 жылдар

      ".

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2016 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 922 қаулысымен
бекітілген

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.
     

Бағдарламаның атауы

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
 

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-7.8 (ПӘ) хаттамасының 3.11-тармағы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы
 

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі


Бағдарламаның мақсаты

Халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру
 


Бағдарламаның міндеттері

1-міндет. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру.
2-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.
3-міндет. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу.
4-міндет. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру.
5-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
6-міндет. Халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету.
7-міндет. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау
 


Іске асыру мерзімдері 

2017 – 2021 жылдар


Нысаналы индикаторлар

Индика-тордың атауы

2016 жыл
(бағалау)

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

2021
жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізу-ге жауапты

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың ш.м.*, оның ішінде:

9619

10116

10530

10652

10694

10797

ресми статис-тика дерек-тері

ИДМ,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

көп пәтерлі тұрғын үй

4825

5116

5130

5172

5204

5297

жеке тұрғын үй

4794

5000

5400

5480

5490

5500

*Осы индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.
 


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебінен көзделеді.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

млрд. теңге


2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

2021
жыл

Барлығы

РБ*, оның ішінде:

168,8

182,0

174, 0

139,0

139,0

802,8

ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидиялар

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

50,0

құрылыс салушылардың кредиттері бойынша субсидиялар

11,0

11,0

11,0



33,0

 
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін жалға берілетін (сатып алу мүмкіндігінсіз) тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

25,0

25,0

25,0

25,0

25,0

125,0

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда ИКИ-ді дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері

86,1

80,0

80,0

80,0

80,0

406,1

ҚТҚЖБ-ны бюджеттік кредиттеу

24,0

24,0

24,0

24,0

24,0

120,0

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жас отбасылар мен ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін жалға берілетін тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2,6

12,0

20,0

0

0

36,2

Кепілдік беру қорының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

10,0

0

0

0

0

10,0

Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алдында бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферт


20,0




20,0

ЖТҚ-ға арналған үлгілік жобалар әзірлеу

0,1





0,1

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ҚТҚЖБ желісі бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемементұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға кредит беру



4,0



4,0

Бюджеттен тыс қаражат**, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты

46,1

139,4

123,3

139,4

104,4

552,6

ЖАО облигацияларын сатып алуға және ЕДБ-ге негізделген депозиттері арқылы

46,1

119,4

103,3

139,4

104,4

512,6

Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерін аяқтауды қаржыландыруға бағытталады


20,0

20,0



40,0

Барлығы

214.9

321,4

297,3

278,4

243,4

1355,4

*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;

**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуынан түскен қаржат түсуіне қарай бағытталатын болады.
 

2. Кіріспе

      Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар республикаға экономикалық және әлеуметтік жағдайы тұрақты ел ретінде орнығуға, капитал мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

      Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылыс саласының үлесі бүгінгі күні 6,2 %-ды құрайды. Құрылыс саласы бойынша тұрғын үй құрылысы секторын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, оның ЖІӨ-нің құрылымындағы үлесі 11%-ды құрайды.

      Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының басым бағытына айналды және жалпыұлттық сипаттағы міндет болып табылады.

      Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең маңызды құралдары – бұл тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандыру болып табылады.

      "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін әзірленді және халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялауға бағытталған.

      Мемлекеттік тұрғын үй саясатында тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшуге басты көңіл бөлінетін болады. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы) және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген тұрғын үй құрылысы саласындағы қаражат шоғырландырылып, осы Бағдарламада қайта бөлінетін болады.

      Тұтас алғанда, Бағдарламаны жеке инвестициялардың әлеуетін тартып іске асыру және кәсіпкерлік қызметті қолдау құрылыс индустриясын дамыту үшін негіз болады, республиканың одан әрі экономикалық өсуін, тұрғын үй құрылысының тұрақты қарқынын сақтауды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ете отырып, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуға қомақты үлес қосады.


3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Тұрғын үй құрылысы саласының ағымдағы жағдайын бағалау

      Тұрғын үй құрылысы секторында өсімнің жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Соңғы үш жылдың ішінде тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 2015 жылы 497,8 млрд. теңгеден 740 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл 24 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үйді немесе 200 мыңнан астам тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етті, сөйтіп республиканың тұрғын үй қоры 340,6 млн. шаршы метр тұрғын үйге дейін ұлғайды. Ағымдағы жылғы 11 айдың ішінде 8,9 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй, оның ішінде 45588 пәтер және 3113 жеке тұрғын үй іске қосылды. Бұл ретте жеке құрылыс салушылар 7,8 млн. шаршы метрді немесе 87,6% пайдалануға берді, оның ішінде халық 4,4 млн. шаршы метр жеке тұрғын үй салды.

      ___________________________________

      ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша

      Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау шаралары туралы

      Мемлекет тұрғын үй құрылысының қарқынын қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдап жатыр.

      Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға және 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламалары, Қазақстан Республикасы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы табысты іске асырылады.

      Осы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу схемалары әзірленді және қолданылуда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу қайта басталды, ЖАО мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылданды, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуына және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ-ді дамытуға және жайластыруға қолдау көрсетілді.

      Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте, 2015 жылдан бастап жалға берілетін, кредиттік және коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлуді көздейтін "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және тұрғын үйлерді іске қосу себеп болды.

      Осы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдан бастап кредиттік тұрғын үй құрылысын тездету үшін ЖАО-ның бағалы қағаздар шығаруы есебінен әрбір 2 жыл сайын қаражаттың айналымға түсуін және оларды ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар және ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын оператор болып табылатын "Бәйтерек девелопмент" АҚ сатып алуын қамтамасыз ететін тетік енгізілді.

      Жеке құрылыс салушыларды және бастапқы тұрғын үй нарығындағы ұсыныстарды қолдау мақсатында коммерциялық тұрғын үй салу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ тартылды.

      ЖАО жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ жүргізуді қамтамасыз етеді. Жалға берілетін, кредиттік, коммерциялық және жеке тұрғын үйлер объектілері үшін шамамен 6 мың км. электрмен, газбен, жылумен және сумен жабдықтау желілерін салуға қаражат бөлінді. Шамамен 109 мың жер учаскесі ИКИ-мен қамтамасыз етілді.

      Мемлекеттік инвестициялар есебінен 105 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген 7 293,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді, оның ішінде:

      Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде 3735,3 мың шаршы метр немесе 46 570 пәтер;

      "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы шеңберінде 2012-2014 жылдары 1955,4 мың шаршы метр немесе 32 683 пәтер;

      "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 1603 мың шаршы метр немесе 26 644 пәтер.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 – 2009 жылдары
62 889 үлескердің құқықтарын қорғау мақсатында 450 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 464,3 млрд. теңге сомасында қаражат жұмсады. Оның ішінде бүгінгі күні 134 үлескер қатысатын 3 проблемалы тұрғын үй объектісінің құрылысы аяқталуда.

      Осындай жағдай және тұрғын үйге сұраныстың өсуі заңнамалық базаны жетілдіруді және тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуді талап етті.

      Осыған байланысты, 2016 жылғы 10 қазанда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы күшіне енді, онда үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың 3 тәсілі қамтылған:

      1) Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;

      2) ЕБД-ның жобалық қаржыландыруы;

      3) құрылыс салушының меншікті қаражаты есебінен тұрғын үй ғимаратының "қаңқасын" тұрғызу.

      Қабылданған шаралар халықтың барлық санаттары үшін бастапқы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға, тұрғын үйдің құрылысын міндетті түрде аяқтауды және үлескерге оның үлесін беруді қамтамасыз етуге, құрылыс процесінде құрылыс салушының үлескерлердің қаражатына қол жеткізуі арқылы қаржыландыру құны мен тұрғын үйді сату бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, тұрғын үй құрылысы секторында тәуекелдерді төмендету есебінен ЕДБ-ның құрылыс секторына кредит беру артады.

      Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы

      Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2016 жылға қарай тұрғын үй құрылысының жыл сайынғы көлемі тұрғын үйдің 8 млн. шаршы метрінен асып түсті.

      Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 2005 жылдан бері 20%-ға өсті және 2016 жылға қарай бір адамға шаққанда 21 шаршы метрді құрады. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін бір тұрғынға кемінде 30 шаршы метр тиесілі болуға тиіс. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Ресейден (23,4 шаршы метр), Польшадан (25 шаршы метр), ҚХР-дан (32 шаршы метр), Германиядан (39 шаршы метр) және АҚШ-тан (69,7 шаршы метр), Ұлыбританиядан (70 шаршы метр) артта қалып отыр. Шет елдердің тәжірибесі тұрғын үймен қамтамасыз етуді лайықты мерзімдерде (бір ұрпақтың өмірлік циклының ішінде) түпкілікті жақсарту үшін құрылыс белсенділігі жылына бір тұрғынға шаққанда 1 шаршы метрге жуық болуы тиіс. Мысалы, тұрғын үй проблемасын қарқынды шешу кезеңінде Жапонияда жыл сайын 1 адам үшін 0,9 – 1 шаршы метр, АҚШ-та – 0,7 – 0,8 шаршы метр, Франция мен Германияда – 0,7 шаршы метрге жуық салынды. Қытай ұзақ уақыт бойы құрылыс белсенділігін 1 адам үшін 1 шаршы метр деңгейінде ұстап тұр.

      Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен едәуір артық және халықтың көші-қоны, демографиялық ахуалдың жақсаруы, урбандалу сияқты факторлар сұранысты арттырып отыр.

      Қазақстан халқының саны2 2013 жылғы 16,9 млн. адамнан 2016 жылғы 1 қарашада 17,7 млн. адамға дейін артты. Қала халқының саны – 10,1 млн. адам, ауыл халқының саны – 7,6 млн. адам болды. Урбандалу деңгейі шамамен 56,9 % құрады.

      Құрылыс белсенділігін 1 адамға ағымдағы 0,6 шаршы метр деңгейінде ұстап тұру үшін 2031 жылға қарай халықтың болжамды саны 24 млн. адам болған кезде тұрғын үй құрылысының жылдық көлемін 12 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту қажет.


      Халық өсімі мен тұрғын үй қорының серпіні



      Тұрғын үй құрылысының жеткіліксіз көлемі тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының өсуіне алып келді, ол 2016 жылғы 1 желтоқсанда 2,5 млн. адамға жетті. Соның ішінде ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар – 400 мың адам, ҚТҚЖБ салымшылары – 780 мың адам және 10 сотық жер алуға кезекте тұрғандар – 1,3 млн. адам.

      Бұл ретте ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардың ішінде 170 мыңнан астамы тұрмысы төмен адамдар, "мемлекеттік қызметшілер және бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi" деген санатқа жататыны – 180 мың адам және "жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатына жататыны – 50 мың адам.

      Сонымен қатар, қор нарығы және басқа да қаржы құралдары дамымаған жағдайларда жеке инвесторлар өздерінің жинақтарын негізінен екі құралға –тұрғын үй жылжымайтын мүлік құрылысына инвестицияға және банктердің депозиттеріне салады.

      2016 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша халықтың ЕДБ-дегі депозиттерінің көлемі 7 390,7 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте ҚТҚЖБ-де халық салымдарының көлемі 381 млрд. теңгені құрады.

      Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін айқындайтын факторлар жылжымайтын мүлік бағалары және тиісті сатып алу қабілеті болып табылады.

      Бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы 2013 жылдан бастап 2016 жылға қарай 189,1 мың теңгеден 248,2 мың теңгеге дейін (1,3 есе) өсті. Астанада (1 шаршы метр үшін 339,8 мың теңге), Атырауда (326,3 мың теңге), Алматыда (304,5 мың теңге), Ақтауда (297,1 мың теңге) бағалар ең жоғары, ал Талдықорған мен Жезқазғанда баға ең төмен – 1 шаршы метр үшін 90 мың теңге деңгейінде.

      Сонымен қатар, ипотекалық кредит берудің ағымдағы нарығында пайыздық мөлшерлемелер жоғары (жылдық 15 – 21%) болғандықтан, ипотекалық қарызға қолжетімділік шектелгендіктен, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне байланысты банктер қарыз алушыларға қатаң талап қоятындықтан, белсенділіктің төмендеуі байқалады.

      Ипотекалық кредит беру нарығында соңғы 3 жыл ішінде ҚТҚЖБ-ның үлесі жыл сайын берілетін ипотекалық қарыздардың 70 %-ына дейін ұлғайды. 2016 жылдың ішінде жаңа салымшылардың өсімі 170 мың адамнан асып, 780 мың адамға дейін жетті.

      Халықтың әртүрлі топтарының төлем қабілетті сұранысын қолдау үшін тұрғын үй нарығында нарықтық тетіктерді дамыту үшін жағдай жасау қажет.

      Теңгерімді тұрғын үй саясатын іске асыру кезінде негізгі сын-қатерлер мыналар болып табылады:

      тұрғын үйге, сондай-ақ жер учаскесіне кезекте тұрғандардың тұрғын үймен толық көлемде қамтамасыз етілмеуі;

      тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жеке инвестицияларды белсенді тартудың болмауы;

      халықтың төлем қабілетті сұранысының төмендеуі;

      құрылыс салушыларға кредит беру көлемінің төмендеуі;

      жеке тұрғын үй салуға бөлінген учаскелер үшін инженерлік коммуникациялар құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

      тұрғын үй құрылысы құнының жоғары болуы, бұл жаппай тұрғын үй құрылысының өсуін тежейтін фактор болып табылады;

      отандық құрылыс материалдары өндірісінің тиімді нарығының болмауы.

      Осы проблемаларды шешу үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, тұрғын үй құрылысында жаңа тәсілдер әзірлеу ұсынылады.


      Тұрғын үй құрылысын қолдаудың халықаралық тәжірибесі туралы

      Халықаралық тәжірибені талдау тұрғын үй құрылысы саласына белсенді қолдау көрсетіліп отырғанын аңғартты.

      1. Ресей Федерациясы.

      Қазіргі кезде Ресейде 2016 – 2020 жылдарға арналған "Тұрғын үй" Федералдық нысаналы бағдарламасы жұмыс істейді.

      Бұл Бағдарламада мынадай кіші бағдарламалар көзделген:

      1) жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      2) федералдық заңнамада белгіленген азаматтардың санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;

      3) Ресей Федерациясы субъектілерінің тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын ынталандыру;

      4) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      5) коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту.

      Бұдан басқа, мемлекет тұрғын үй құрылысының шеңберінде құрылыс салушылар қызметін ынталандырып отыр. Осылайша, "Ресей отбасына арналған тұрғын үй" кіші бағдарламасы шеңберіндегі қолдау шаралары мынадай:

      1) кепілдікті қамтамасыз ете отырып, облигациялар шығару жолымен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерін сатып алуды қамтамасыз етуді қаржыландыру арқылы инженерлік инфрақұрылым салу бойынша қолдау көрсету;

      2) құрылыс салушыларға – "Ресей отбасына арналған тұрғын үй" бағдарламасына қатысушыларға 9,5 % – 13% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікті кредит беру шарттарын ұсыну.

      2. Беларусь Республикасы.

      Тұрғын үй саясаты 2016 – 2020 жылдарға арналған "Тұрғын үй құрылысы" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

      Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

      1) жеңілдікті кредиттер мен субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар азаматтар үшін тұрғын үй салу;

      2) инженерлік және көліктік инфрақұрылымы бар не осындай аудандарға барынша жақын жерлерде жер учаскелерін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

      3) тұрғын үй-құрылыс тұтыну кооперативтерінің құрамында үлестік тәсілмен және мемлекеттік тапсырыс шарттарында мемлекеттік қолдауға құқығы бар азаматтар үшін тұрғын үй салу.

      Тұтас алғанда, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру Беларусь Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытуға, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қосымша салуға және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

      3. Түркия.

      Түркияда тұрғын үй саясатын реттеу саласындағы негізгі уәкілетті органдар:

      1) Қоғамдық жұмыс және тұрғын үй құрылысы министрлігі (министрлік);

      2) Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқармасы (ТОКі) болып табылады.

      Түркия Үкіметінің кезек күттірмейтін іс-қимыл жоспарының шеңберінде 2003 жылдан бері табысы төменгі деңгейдегі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және ескірген үйлерден тұрғындарды заманауи тұрғын үй кешендеріне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Айталық, 2011 жылдың соңында TOKi табысы орташа Түркия азаматтары үшін шамамен 202 000, тұрмысы төмен және кедей отбасылар үшін 140 000 үй салды. TOKi 2023 жылға қарай Түркияда шамамен 500 000 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

      Тұрақты табысы жоқ немесе табысы төмен халықтың аз қамтамасыз етілген топтары үшін алаңы 45-тен 65 шаршы метрге дейін, жалға берілетін, ай сайынғы төлем мөлшері 80 АҚШ долларын құрайтын 20 жыл ішінде өтеу мерзімімен тұрғын үй беру көзделген. Бұл ретте тұрғын үйге ақы төлеу қоныстанғаннан соң 2 жылдан кейін ғана жүргізіледі. Қаза тапқан әскери қызметшілердің, соғыс мүгедектерінің отбасылары, олардың жесірлері мен жетімдеріне тұрғын үй құрылысы үшін пайызсыз қарыздар беріледі.

      4. Қытай.

      Тұрғын үй саясатындағы реформа Қытай экономикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 1999 жылы бекітілген Қолжетімді тұрғын үй құрылысы бағдарламасы табысы төмен отбасыларды неғұрлым арзан тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.

      Тұтас алғанда, тұрғын үй бағдарламасы төрт тетіктен тұрады:

      1) табыс деңгейі төмен отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй салу;

      2) қоғамдық жалға берілетін тұрғын үй. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әдістерінің бірі – бұл мемлекеттің қайталама нарықтан тұрғын үйді сатып алуы және оны мұқтаж азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға беру тетігі болып табылады:

      3) жеке құрылыс салушылар есебінен тұрғын үй құрылысы. Бұл тетіктің шеңберінде жеке құрылыс салушылардан нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен тұрғын алаңдарын сатып алуға мүмкіндік беру жолымен тұрғын үйге сұранысты қанағаттандыру көзделген. Бұл ретте мемлекеттің жер учаскелерін, салықтық жеңілдіктер беруі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауы жеке құрылыс салушылар үшін ынталандыру шаралары болып табылады;

      4) тұрғын үйді субсидиялау. Бұл тетік табысы аз азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ оны жалдауға және күтіп-ұстауға байланысты шығыстарға мемлекеттік субсидия бөлуді көздейді.

      Айталық, 2015 жылы Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін Қытай Үкіметі 20,2 млрд. АҚШ долларын бөлді. Бұл қаражат табысы төмен отбасылар үшін тұрғын үй субсидиялары ретінде пайдаланылды.

      5. Швейцария.

      Швейцарияның тұрғын үй саясатының негізі – мемлекеттің құрылыс салушыларға және жалға берушілерге қаржылық қолдау көрсетуі, сондай-ақ субсидиялар беруі. Мемлекеттік қолдаудың негізгі субъектілері – қоғамдық мұқтаждар үшін тұрғын үй салушылар (қоғамдық қорлар, тұрғын үй кооперативтері және т.б.). Көрсетілген субъектілер салған тұрғын үй басқа инвесторлардың тұрғын үйіне қарағанда неғұрлым арзан болып табылады, бұл азаматтардың жекелеген санаттары үшін тұрғын үйді жалдау ақысын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекет федералдық, кантоналдық және муниципалдық деңгейлерде қоғамдық мұқтаждар үшін тұрғын үй салатын ұйымдар құруды және олардың жұмыс істеуін қолдайды. Сонымен бірге мемлекет жеңілдікті қарыздар, субсидиялар, салықтық преференциялар, төмен бағамен жер учаскелерін беру, кепілдіктер беру арқылы олардың қызметін ынталандырады.

      Халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудағы шетелдік және отандық тәжірибелерді ескере отырып, мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1) ұсыныс бойынша да, сұраныс бойынша да толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын жасау;

      2) тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандыру;

      3) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

      4) тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

      5) халықтың қалың жігі үшін ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылыс жинақтарының қолжетімділігін арттыру.

      Осы міндеттерді шешу жаппай тұрғын үй салуды ынталандыруға және 2017 жылдан бастап жыл сайын 10 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674; 26.12.2017 № 877 қаулысымен.

      Бағдарламаның мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      Осы мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:


Нысаналы индикаторлар
 
 

Индикатор
дың атауы

2016 жыл (баға
лау)

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақ-парат көзі

Қол жеткізуге жауапты

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі,
мың шаршы метр*, оның ішінде:

9619

10116

10530

10652

10694

10797

Ресми деректер

ИДМ,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО,
"Бәйте-рек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

көп пәтерлі тұрғын үй

4825

5116

5130

5172

5204

5297

жеке тұрғын үй

4794

5000

5400

5480

5490

5500

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

      1-міндет. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру.

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

1. Тұрғын үйді сатып алуға арналған субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарыздарының көлемі

млрд.теңге
 

15,0*

105,0*




ЕДБ деректері

ИДМ,
ЕДБ, ҰКП, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "ҚИК" ИҰ" АҚ

2. Жаңа тұрғын үйді сатып алуға арналған субсидияланған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының саны

мың бірлік

1,0*

7,0*




      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      2-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

1. Құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің көлемі

млрд. теңге

15,0*

137,0*




ЕДБ деректері

ИДМ,
ЕДБ, ҰКП,
"Бәйтерек" ҰБХ",
"Даму" КДҚ"
АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қала-ларының ЖАО

2. Құрылыс салушылардың субсидияланатын кредитінің есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр


50,0*

550*

*

*

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      3-міндет. Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Кредиттік тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр

986,3*

992,2*

746,3*

626,9*

871,3*

ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері

ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      4-міндет. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр

150*

150*

150*

150*

150*

ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
ЖАО

ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
ЖАО

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      5-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Жеке тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың
шаршы
метр

5000*

5400*

5480*

5490*

5500*

ресми деректер

ИДМ,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
ЖАО

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      6-міндет. Халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлерді іске қосу көлемі, оның ішінде:

мың
шаршы
метр
 
 
 
 
 
 

291,1*

613,8*

125*



ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі

23,1*

75*

125*



"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйі

165,0

135,0



Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйі

103,0

403,8




      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      7-міндет. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

1. Кепілдік беру қорының үлестік құрылысқа кепілдік беру көлемі

млрд.теңге

9,4

40,1

90,3

105,9

127,1

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері

ИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Кепілдік беру қоры

2. Кепілдік беру қорының кепілдігімен үлестік құрылыс нарығын қамту

%

5

15

20

25

25

      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар: ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, ҰКП, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңі 2017 – 2021 жылдар кезеңі болып табылады.

      Бағдарлама мынадай бағыттар бойынша іске асырылатын болады:

      1) ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру;

      2) жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

      3) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу;

      4) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру;

      5) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

      6) бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылысының бағыттарын іске асыру.

      Бұл бағыттар халықтың арасында тұрғын үйге өсіп келе жатқан сұранысты ЕДБ-ны тарту арқылы қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жеке құрылыс салушыларға қолдау көрсетуге арналған.

      Жалпы, Бағдарламаның басым бағыттарын іске асыру үшін ЖАО:

      1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуі;

      2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды айқындауы;

      3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуі;

      4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс салушыға, оның ішінде жеке құрылыс салушыға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етуі қажет.

      Заңнамалық негізде ЖАО-ға пайдаланылмайтын жерді мемлекеттің мұқтаждары үшін, оның ішінде ЖТҚ үшін сатып алу бойынша қосымша құқық беру көзделетін болады.

      Елді мекендердің бас жоспарлары қажетті әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым қажеттілігін ескере отырып, өзектендірілетін болады.

      Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келетін жобалар бойынша бірінші қабаттарында әлеуметтік мақсаттағы объектілерді (балабақшаларды, балалардың шағын орталықтарын, емханаларды және басқаларды) орналастыра отырып, тұрғын үйлер салуға жол беріледі.

      Құрылыс салуға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды, орамішілік жолдар мен өтпелерді қамтитын ИКИ-мен қамтамасыз етілуі тиіс.

      ИКИ-ді жобалау, дамыту және жайластыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Нәтижесінде көзделген шаралар тұрғын үй құрылысын ынталандырады. ЖАО-да тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған кезектегі адамдар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй құрылысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Тұрғын үйді бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес реттеледі.

5.1. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру

      Ескерту. 5.1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      Халық тарапынан сұранысты ынталандыру мақсатында ЕДБ-ның жыл сайын 150 млрд. теңге беру деңгейінде ипотекалық кредит беру көлемін қалпына келтіру қажет.

      Осы мақсаттар үшін халыққа ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралын енгізу ұсынылады.

      Субсидиялау жылдық 16 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Бағдарлама шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін мынадай субсидия бөлінеді:

      осы кіші бөлім шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 6 % дейін (субсидиялаудан кейін түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 % аспайтын болады);

      "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген 5.5-кіші бөлім бойынша пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7 % құрайтын болады (субсидиялаудан кейін түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 5 % кем емес болады).

      Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:

      осы кіші бөлім шеңберінде тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша кредиттеу мерзімі – "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген 5.5-кіші бөлімге сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 180 айға дейін;

      ЕДБ-ға өтініш берген қарыз алушының ЕДБ-де сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан кемінде 30 % мөлшерде қаражатының және/немесе сатушыға қаражат төлеу туралы растайтын құжаттарының және/немесе қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүліктің құнымен бірдей қосымша кепіл затының болуы;

      ҚТҚЖБ-ға өтініш жасаған қарыз алушының шотында сатып алынатын тұрғын үйдің кемінде 30 % қаражатының болуы;

      нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

      субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы тұрғын үйді Алматы және Астана қалаларында сатып алған кезде – 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген 5.5-кіші бөлім шеңберінде субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарыздарының ең жоғарғы сомасы – 20 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі – 120 ай, бірақ кредиттеу мерзімінен аспайды.

      "Бастапқы тұрғын үй" деген ұғым құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде жеке меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі (салынған объектідегі пәтер, жеке тұрғын үй) деп түсіндіріледі.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидия беру тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      ЕДБ, қарыз аушы мен "ҚИК" ИҰ" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынас келісіммен реттеледі, оның үлгілік нысанын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бекітеді.

      Субсидиялар қаржы агенті "ҚИК" ИҰ" АҚ арқылы жіберіледі, оның көрсеткен қызметіне ақы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді. Түпкілікті қарыз алушыларға аударылатын субсидиялардан жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      "ҚИК" ИҰ" АҚ ипотекалық қарызды субсидиялауды қараған кезде ЕДБ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілген қолданыстағы лицензияның, оның ішінде банктік және ипотекалық қарыздар беруге байланысты өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиялардың болуы;

      ЕДБ-дегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысуы.

      Бағдарлама шеңберінде халыққа ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидия беру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, БВУ қарыз алуға/оған қызмет көрсетуге/субсидия беру шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссия, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      Тұтынушылық мақсатқа, қарыздарды қайта қаржыландыруға, тұрғын емес жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін сатып алуға бағытталған ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға жол берілмейді.

      Ипотекалық нарықты ынталандыру мақсатында "ҚИК" ИҰ" АҚ ЕДБ-ден және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын қаржылық ұйымдардан ипотекалық (оның ішінде "ҚИК" ИҰ" АҚ субсидиялайтын) қарыздар бойынша талап ету құқығын "ҚИК" ИҰ" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес түскен жалдау төлемдерін қайта инвестициялау есебінен сатып алуға құқылы.

      Қосымша талап ету құқықтарын сатып алу үшін капитал нарығында қарыз қаражатын тартуға рұқсат беріледі.

5.2. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру

      Ескерту. 5.2-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      Жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында ЕДБ кредит беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажет.

      Осы мақсатта жеке құрылыс салушыларға ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралын енгізу ұсынылады.

      Субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берген кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Бағдарлама шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7 %-ын өтеу үшін субсидия бөлінеді.

      Субсидиялар қаржы агенті "Даму" КДҚ" АҚ арқылы бөлінеді, оның көрсетілетін қызметтері республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді.

      Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:

      нысаналы мақсаты – тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға айналымдағы қаражатты толықтыру және/немесе инвестициялау, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыру және/немесе инвестициялау үшін бұрын берілген кредитті қайта қаржыландыру;

      кредит валютасы – теңге;

      субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі –36 айға дейін қоса алғанда;

      ЕДБ бұдан бұрын 18 ай ішінде берген, жобаны ӨҮК-ге енгізгенге дейінгі қайта қаржыландырылатын кредиттер жаңа кредиттерге жатады.

      Осы кіші бөлім шеңберінде қаржыландырылатын жобаларға тікелей байланысты емес шығыстарға жол берілмейді.

      ЕДБ ішкі құжаттарға сәйкес құрылыс салушының кредит алуына арналған құжаттарына сараптама жүргізеді.

      Кредит беруге ЕДБ-нің оң шешімін алғаннан кейін жеке құрылыс салушы ынтымақтастық туралы келісім жасау үшін ҚТҚЖБ-ға жүгінеді.

      ҚТҚЖБ жеке құрылыс салушы өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ҚТҚЖБ айқындаған ішкі тәртіпке сәйкес қажетті құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда осы келісімді жасайды не оны жасаудан бас тартады.

      ҚТҚЖБ тарапынан ынтымақтастық туралы келісім жасаудан бас тарту жеке құрылыс салушының Бағдарламаға қатысуға рұқсат алуы үшін кедергі болып табылмайды және ӨҮК осы жобаны қарастыруға құқылы.

      Жеке құрылыс салушы 1 шаршы метрді өткізудің мынадай бекітілген бағасы бойынша ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үйдің кемінде 50 %-ын ұсынады:

      Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында –260 мың теңгеге дейін қоса алғанда;

      басқа өңірлерде –220 мың теңгеге дейін қоса алғанда.

      ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үйді өткізу шарттары ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен, сондай-ақ ҚТҚЖБ мен құрылыс салушының арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.

      Жеке құрылыс салушы кредит беруге ЕДБ-нің оң шешімі және ҚТҚЖБ-ның жобаны қарағанын растайтын құжаттар болған кезде Бағдарламаға қатысуға келісім алу үшін ӨҮК-ге жүгінеді.

      Бұл ретте жеке құрылыс салушы кейін тұрғын үйді салымшыларға өткізу үшін ҚТҚЖБ-ға қайта жүгінуге құқылы. Жасалған келісім шеңберінде салынған тұрғын үйге ҚТҚЖБ салымшыларының арасында сұраныс болмаған жағдайда жеке құрылыс салушы осы бағытта көзделген өткізудің бекітілген құны бойынша тұрғын үйді нарықта өткізеді. Жеке құрылыс салушы пәтерді өткізгені туралы ӨҮК-ге хабарлайды.

      ӨҮК хаттамасының негізінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бекіткен үлгі нысанға сәйкес ЕДБ, жеке құрылыс салушы мен "Даму" КДҚ" АҚ арасында үшжақты шарт жасалады.

      Тұрғын үй құрылысы мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банк беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Бағдарлама шеңберінде құрылыс салушыларға ЕДБ берген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидия беру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ЕДБ қарыз алуға/оған қызмет көрсетуге/субсидия беру шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссия, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

5.3. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын салу

      Ескерту. 5.3-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      5.3.1. Кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыру шарттары мен тетігі.

      ҚТҚЖБ салымшылары, оның ішінде ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін қолжетімді тұрғын үй ұсынысын арттыру мақсатында кредиттік тұрғын үй салу одан әрі жалғасатын болады.

      Кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес хаттамасының шарттарына сәйкес 2 жылға дейінгі айналым мерзімділігімен ЖАО-ның облигациялар шығаруы жолымен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен қарыз қаражатын тарту есебінен, бұрын бөлінген қаражатты құрылыстың жаңа жобаларына қайта бағыттай отырып жүзеге асырылады.

      ЖАО-ның облигацияларын сатып алуды қамтамасыз ету мыналар есебінен жүзеге асырылады:

      1) 2016 жылы ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алуды қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға берілген 67 млрд. теңге;

      2) 2017 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салуға пайдаланбаған 17,4 млрд. теңге;

      3) жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді өткізуден "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қайтаратын 95,6 млрд. теңге;

      4) 2017 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ коммерциялық тұрғын үй салуға пайдаланбаған 21,1 млрд. теңге;

      5) коммерциялық тұрғын үйді өткізуден "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қайтаратын 75,9 млрд. теңге.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы бюджетінің борыш лимитін ескере отырып, облигацияларды шығару есебінен, қаржыландыруға жататын жобаларды келісу арқылы тартылған қаражатты өңірлер арасында бөлуді жоспарлауды жүзеге асырады. Жобаларды ҚТҚЖБ-мен келісу қосымша талап етіледі.

      Уәкілетті органның өңірлер арасында қаражатты бөлуді тиімді жоспарлау мақсатында ЖАО ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде қаржы операторы "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ға қаражаттың мақсатты игерілуі, құрылыстың барысы және объектілерді өткізу туралы ақпарат береді. Бұл ретте "Бәйтерек девелопмент" АҚ ЖАО объектілерінің құрылысына мониторингті жүзеге асырады.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ ЖАО-ның облигацияларын сатып алуды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражаты, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша ЖАО-ның тұрғын үйді өткізуден түскен қайтарымды қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      ЖАО уәкілетті органмен келісу бойынша:

      бұдан бұрын берілген облигациялық қарыздар ішінара немесе толық өтелген жағдайда "Бәйтерек девелопмент" АҚ-дан облигациялық қарыздар алуға;

      бір облигациялық қарыз шеңберінде тұрғын үйді өткізуден алынған қаражатты қайта пайдалануға құқылы.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ уәкілетті органмен келісу бойынша қаражаттың бөлінбеген көлемін мынадай талаптарға сәйкес болған кезде ЕДБ-де шартты салымдар орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыруға жіберуіне жол беріледі:

      жеке құрылыс салушының меншік, жер пайдалану құқығында жер учаскесінің немесе бас жоспарға және елді мекенді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тиісті ИКИ-мен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілуі жоспарланған, ауыртпалықтан бос тиісті нысаналы мақсаты бар, тексеріп қарау және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және/немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін берілген жер учаскесінің болуы;

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

      шарттастырылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1 %-дан аспауы қажет, бұл ретте жеке құрылыс салушыға берілген ЕДБ-нің тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салудың және өткізудің мынадай құнына сәйкестігін ескере отырып белгіленеді:

      Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында 200 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде – 180 мың теңгеге дейін;

      тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 80 шаршы метрден аспауға тиіс. Тұрғын үй салуға жұмсалған шығындар құрылыс салушының есебінен өтелген кезде тұрғын үйді алаңын рұқсат етілген ауытқудан асырып салуға болады.

      Жеке құрылыс салушылар одан әрі өткізу құқығымен жапсарлас салынған коммерциялық алаңдары, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және/немесе қосымша қабаттары бар тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

      Құрылыс салушылардың қаражаты үшін ЕДБ-ге қойылатын талаптар "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.

      Жеке құрылыс салушылар ЕДБ-ге өтінім жібереді, бұл ретте ЕДБ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген кезде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеуді дербес жүзеге асырады.

      ЕДБ "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ға өтінім жібереді.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ ЕДБ-ге жіберілген тұрғын үй құрылысы жобаларын ҚТҚЖБ-мен келіседі.

      Тұрғын үйді өткізу тәртібі "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның, ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен және олардың арасында жасалған әріптестік туралы келісіммен айқындалады.

      5.3.2. ЖАО-ның кредиттік тұрғын үй салу шарттары мен тетігі

      ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салу мен өткізудің бағалық параметрлері:

      Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 180 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 140 мың теңгеге дейін.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 80 шаршы метрден аспауға тиіс.

      Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады. Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайтарылады.

      Өткізудің түпкілікті құны осы кіші бөлімде көрсетілген бағалық параметрлерден аспауға тиіс. Тұрғын үйді ҚТҚЖБ салымшыларына өткізу құнын төмендету мақсатында ЖАО құрылыс шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеуге құқылы.

      Өтінім берілген жобаларды іріктеу кезінде индустриялық үй құрылысы жобаларына басымдық беріледі. Осы мақсатта, сондай-ақ іске қосылатын тұрғын үйлер санын арттыру үшін индустриялық үй құрылысы технологиялары қолданылатын шағын тұрғын үйлердің үлгілік жобалары әзірленді.

      Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың бағалық параметрін сақтау және тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту мақсатында ЖАО жеке құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануға құқылы.

      Жеке құрылыс салушылар және ЖАО одан әрі өткізу құқығымен жапсарлас салынған коммерциялық алаңдары, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және/немесе қосымша қабаттары бар тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты іске асырылған кезде ЖАО және/немесе жеке құрылыс салушы мемлекеттік немесе меншікті қаражат есебінен салынып жатқан үй-жайлардың алаңдары мен құнын бөле отырып, кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын ресімдейді, сондай-ақ конкурстың шарттарында мердігерлік құрылыс ұйымдарының сауда және кеңсе алаңдары, қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды өтеуін және тұрғын, сауда және кеңсе алаңдарын пайдалануға жеке беруін көздейді.

      Бұл ретте ЖАО мен мердігерлік құрылыс ұйымдары бекітілген және келісілген жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес құрылысты қаржыландыруды жүзеге асырады.

      Бағалы қағаздар шығару есебінен ЖАО-ның құрылыс салушыларды тартуы Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жеке құрылыс салушылармен бірлесіп ұйымдастырылатын тұрғын үй құрылысының жобалары мынадай шарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады:

      құрылыс салушының меншік, жер пайдалану құқығында жер учаскесінің немесе бас жоспарға және елді мекенді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тиісті ИКИ-мен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілуі жоспарланған, тиісті нысаналы мақсаты бар, ауыртпалықтан бос тексеріп қарау және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және/немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін берілген жер учаскесінің болуы;

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

      жеке құрылыс салушының кепіл түрінде қамтамасыз етуге жер учаскесін, аяқталмаған құрылыс пен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынуға келісімі.

      Жеке құрылыс салушылар ұсынған тұрғын үй құрылысының жобаларын іріктеу және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      5.3.3 Тұрғын үйді сатып алуды қамтамасыз ету тәртібі мен талаптары

      Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді сатып алуды тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және/немесе меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру тәртібі мен талаптары ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.

      ЖАО құрылыстың жүргізілу барысын, тұрғын үйдің пайдалануға уақтылы берілуін және ҚТҚЖБ салымшыларының тұрғын үйді сатып алуы есебінен қаражаттың қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Салымшылардың кредиттік тұрғын үйлерді сатып алуы үшін ҚТҚЖБ жылдық 5% -дан кем емес мөлшерлеме бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.

      Кредиттік тұрғын үй салуға бағытталған қаражаттың айналымын қамтамасыз ету үшін 2017 жылдан бастап ҚТҚЖБ-ға кейін салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5 жыл бойы жыл сайын бюджеттік кредит түрінде 24 млрд. теңгеден бөлінетін болады.

      ҚТҚЖБ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ЖАО және "Бәйтерек девелопмент" АҚ салған тұрғын үйлерді сатып алу үшін кредит беруге бюджеттік кредит қаражатын пайдалануға құқылы.

      ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы Бағдарламаның, сондай-ақ өңірлік бағдарламалар шеңберінде ҚТҚЖБ-ның салымшыларына кредит беру үшін бюджеттік кредит беруге құқылы.

      Төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары ҚТҚЖБ салымшыларына алдыңғы мемлекеттік және үкіметтік (салалық) бағдарламалар шеңберінде ҚТҚЖБ бұрын берген қаражаттың қалдығы және қайтарымды қаражат (ол болған жағдайда), атап айқанда:

      12,2 млрд. теңге мөлшеріндегі бюджеттік кредит қаражаты;

      25 млрд. теңге мөлшеріндегі жарғылық капитал қаражаты;

      22 млрд. теңге мөлшеріндегі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның облигациялық қарыз қаражаты есебінен беріледі.

      Бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үйді өткізу және бөлу шарттары ҚТҚЖБ мен ЖАО-ның арасындағы келісіммен айқындалады.

      Құрылыс объектісіндегі ЖАО арқылы салынған кредиттік тұрғын үйдің кемінде 50 %-ы ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын, ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардың арасында бөлінеді. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген не төлем қабілетін бағалауды растаған ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардың арасында өтініш берушілердің саны жеткіліксіз болған жағдайда тұрғын үй ҚТҚЖБ-ның басқа салымшыларының ішінен өтініш бергендерге бөлінеді.

      Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу, сондай-ақ оларға тұрғын үйді бөлу тәртібі балдық жүйенің негізінде ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады. Қатысушыларды іріктеген кезде ҚТҚЖБ айқындайтын бағалау көрсеткішін және (немесе) іріктеуге қатысатын салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың өзге де сапалық сипаттамаларын негізге ала отырып, көп балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларының тұрғын үйді сатып алуға басым құқығы болады.

      Осы бағыт шеңберінде өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға рұқсат беріледі.

      Осы талаптың орындалуын бақылау өткізілетін объектілер бойынша өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің қатысуын тексеру туралы өтініш берушінің міндетті келісімі негізінде жүзеге асырылады.

      Кредиттік тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған адамдарға және ҚТҚЖБ салымшыларына өткізілмеген жағдайда, ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеген кезде ЖАО бөлінбеген кредиттік тұрғын үйлерге иелік етуге құқылы.

      Сондай-ақ ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы қаржыландырылатын кредиттік тұрғын үйлерді сатып алуға және осы үйлерге өз бетінше иелік етуге құқылы.

      ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге өтініш берушіге қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

      2) ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен төлем қабілетін растау;

      3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген өзге де мүшелерінің:

      әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;

      тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы саманнан салынған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

      4) өтініші берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

      Құрылыс объектісінде бөлінбеген тұрғын үй болған және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін осы объекті бойынша өтініш беруші болмаған жағдайда бөлінбеген тұрғын үй ҚТҚЖБ ішкі құжаттарына сәйкес жоғарыда көрсетілген 3) және 4) тармақшалардың талаптарына сай келмейтін ҚТҚЖБ салымшыларына өткізіледі.

      Астана және Алматы қалаларында кредиттік тұрғын үй алуға үміткер қатысушылар үшін көрсетілген қалалардағы тұрғылықты жері бойынша кемінде соңғы 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы талап етіледі.

      ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау талап етіледі.

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО тиісті облыстың барлық елді мекендерінде ЖАО-да есепке қойылған кезекте тұрғандардың жеке деректерін және жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) көрсете отырып, жаңартылған тізімін ҚТҚЖБ-ға жібереді. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардың тізімдерін дұрыс және уақытында жаңарту үшін жауапкершілік ЖАО-ға жүктеледі.

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылысы басталған объектілерден тұрғын үй алуға үміткер салымшыларға тұрғын үйді өткізу және іріктеу рәсімдерін осы тармаққа сәйкес ҚТҚЖБ жүргізеді.

5.4. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру

      Ескерту. 5.4-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      ЖАО-ның сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салуына және (немесе) ағымдағы тұрғын үй қорын сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй ретінде реконструкциялауына республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері көзделеді.

      Осы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған кезектілік тәртібімен ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардың ішінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі.

      ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін бағалық параметрлер:

      Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 180 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 140 мың теңгеге дейін.

      Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.

      Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      ЖАО-ның жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй салуына және (немесе) реконструкциялауына жол беріледі.

      Тұрғын үйді реконструкциялау жергілікті бюджет қаражаты есебінен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттамамен айқындалған қаражат көлемінде жүзеге асырылады. Тұрғын үй реконструкцияланған жағдайда 1 шаршы метрдің құны Бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғын үй құрылысы құнының 60 %-ынан аспауы тиіс.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 65 шаршы метрден аспауға тиіс. Тұрғын үй салуға жұмсалған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелген кезде 2017 жылы тұрғын үй алаңын рұқсат етілген ауытқудан асырып салуға болады.

5.5. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

      Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті ЖТҚ алады.

      2015 жылы 8,9 млн. шаршы метр іске қосылған тұрғын үйдің ішіндегі ЖТҚ-ның үлесі 4,4 млн. шаршы метрді құрады. 2016 жылдың 11 айының ішінде 9,0 млн. шаршы метр іске қосылған тұрғын үйдің ішінен ЖТҚ-ның көлемі 5,0 млн. шаршы метрді құрады.

      ЖТҚ-ның жоғары үлесі оның халықтың негізгі топтары үшін тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімді тәсілі болып табылатынын растайды.

      Тұтас алғанда, ЖТҚ бағыты оның одан әрі дамуына ықпал ететін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен регламенттеледі.

      ЖТҚ-ны одан әрі ынталандыру үшін мемлекет ЖТҚ салынатын аудандардағы ИКИ құрылысын қаржыландыруды жалғастыратын болады. ЖТҚ дамыту үшін ИКИ құрылысына республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінетін болады, ол шамамен 40 мыңнан астам жер учаскесін сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылумен, газбен жабдықтау, телефондандыру, су бұру (кәріз) желілерін, инженерлік құрылыстарды, орамшілік жолдар мен өтпе жолдарды қамтитын өзге де инженерлік коммуникациялар жүргізу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналар көзделеді:

      1) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын ЖАО-ның таратуы. Бұл жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;

      2) бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес ЖТҚ-ға арналған алаңдарды беру;

      3) алаңдарды тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін ИКИ-мен қамтамасыз ету;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарға жер учаскелерін беру.

      Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылыс үлгілерінің сыртқы келбетінің әркелкілігімен және бей-берекет салынумен сипатталады.

      Осыған байланысты бұл бағыттың шеңберінде көптеген озық әлемдік қалалардың үлгісінде бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үйлер салуға басымдық беріледі.

      1. Жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру.

      ЖАО бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй және/немесе оқшауланған аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының пилоттық жобасын (бұдан әрі – пилоттық жоба) ұйымдастырады.

      Осы жобада тұрғын үй ЖТҚ-ға жер учаскесін алу үшін кезекте тұрған азаматтарға (бұдан әрі – кезекте тұрғандар) өткізіледі.

      Қазақстандық өндірушіні қолдау мақсатында үй құрылысы комбинаттарының технологияларын, өзге де және (немесе) жергілікті материалдар пайдаланылатын үлгілік жобаларды қолдануға жол беріледі.

      Үлгілік құрылыс жобаларында ҰҚК технологияларын және жергілікті құрылыс материалдарын қолдану құрылыс құнының 1 шаршы метрі үшін 120 мыңнан қымбаттамауын (ИКИ құнын есепке алмағанда) қамтамасыз етуге, құрылыс саласындағы қазақстандық қамту үлесін 90 %-ға дейін ұлғайтуға және өңдеуші өнеркәсіпте құрылыс материалдары өндірісінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Пилоттық жоба облыс орталықтарында іске асыралады. ЖАО-ның облыс орталықтарының қала маңы аумағында, даму әлеуеті жоғары шағын және моноқалаларда осы жобаны қолдануды айқындауға құқығы бар.

      Пилоттық жобаны қаржыландыру:

      1) "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын салу" деген 5.3-кіші бөлімге сәйкес ЖАО-ның бағалы қағаздар шығару арқылы қарыздар тартуы;

      2) бірыңғай құрылыс салушының жеке қаражаты, оның ішінде ЕДБ-нің қарыз қаражаты, сондай-ақ "Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру" деген 5.2-кіші бөлімге сәйкес берілетін субсидияланған кредит есебінен жүзеге асырылады.

      Бағалы қағаздар шығару жолымен пилоттық жоба қаржыландырылған жағдайда ЖАО Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы құрылысты ұйымдастырады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, жеке кәсіпкерлер арқылы құрылысты іске асыруды ұйымдастыруға жол беріледі.

      Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу және өткізу құны (ИКИ құнын есептемегенде) 120 мың теңгеден аспауға тиіс. Өткізілетін тұрғын үйдің жалпы құнына сумен және электрмен жабдықтау желілеріне қосу нүктесінен тұрғын үйге дейін ИКИ жүргізуге арналған шығындар қосылады.

      Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысы негізінде анықталады. Тұрғын үй құрылысы құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.

      Пилоттық жобаға қатысатын кезекте тұрғандар дайын тұрғын үйді өз қаражаты есебінен немесе ҚТҚЖБ қарызы арқылы сатып алады.

      Кредит беру үшін "Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру" деген 5.1-кіші бөлім шеңберінде көзделген 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге субсидиялау тетігінің есебінен төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары көзделген. 5 (бес) жыл өткеннен кейін, сондай-ақ тұрғын үй қарыздарына ауысқан кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылады.

      Кредит беру мақсатында ҚТҚЖБ қарыз қаражатын тартуға, сондай-ақ кредит беру процесінде өз қаражатын қарыз қаражатымен ауыстыруға құқылы. Қарыз қаражатын тарту және Бағдарламаның осы бағыты бойынша қарыз алушыларға кредит беру шарттары ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      2. Пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тетігі.

      1) ЖАО бекітілген бас жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес пилоттық жобаны іске асыруға алаңдар бөледі және алаңдарды ИКИ-мен қамтамасыз етеді (олар жоқ болған жағдайда);

      2) ЖАО кезекте тұрғандарға пилоттық жобаны іске асыру туралы хабарландыру береді, үйдің мәлімделген параметрлеріне сәйкес алдын ала тізім қалыптастырады және кезекте тұрғандарға ҚТҚЖБ-да төлем қабілетін бағалаудан өту үшін жолдама береді немесе кезекте тұрғандардан тұрғын үйді сатып алуға жеке қаражатының бар екенін растайтын құжаттарды алады;

      3) ҚТҚЖБ кезекте тұрғандардың төлем қабілетіне бағалау жүргізеді және кезекте тұрғандар туралы тиісті ақпаратты ЖАО-ға ұсынады (ЖАО тұрғын үйді сатып алуды растаған кезекте тұрғандардың түпкілікті тізімін қалыптастырады);

      4) ЖАО құрылымдық бөлімшелерге, бірыңғай құрылыс салушыға не кезекте тұрғандарға үйлер салуды ұйымдастыру үшін уақытша жер учаскелерін бөледі;

      5) ЖАО, бірыңғай құрылыс салушы, ҚТҚЖБ және кезекте тұрған адам үйлерді салу, өткізу шарттары, ИКИ (оны жайластырған жағдайда) және жер учаскелерін беру туралы өзара іс-қимыл туралы келісім жасайды;

      6) үй пайдалануға берілгеннен кейін ЖАО (бірыңғай құрылыс салушы) кезекте тұрған адамға жер учаскесін ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз пайдалануға құқық береді.

      Үйді сатып алу үшін кезекте тұрғандарға ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін қарызды ҚТҚЖБ-де ресімдеу үшін ЖАО (бірыңғай құрылыс салушы) кезекте тұрған адамдар үшін уәкілетті органда тіркелген жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын, үйді сатып алу-сату шарттарын немесе пайдалануға беру актісін ҚТҚЖБ-ға беруді қамтамасыз етеді;

      7) кезекте тұрғандарға жер учаскелерін жеке меншікке берілуі ол құрылыс құнын толық төлеген кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

5.6. Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылысының бағыттарын іске асыру

      Ескерту. 5.6-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      Осы Бағдарлама шеңберінде Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында бұрын көзделген тұрғын үй құрылысының мынадай бағыттарын іске асыру аяқталады:

      1) ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй;

      2) "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі;

      3) "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлері;

      4) Жылжымайтын мүлік қорының коммерциялық және сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйлері.

      Сонымен қатар, үлестік салымдарды қорғау, ҚТҚЖБ-ның жеке құрылыс салушылармен бірге тұрғын үй құрылысының жобаларын қаржыландыру бойынша тұрғын үй құрылысының бұрын көзделген тетіктерін және Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасы одан әрі іске асыру жалғасатын болады.

      ЖАО-ның жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін, "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін, "Бәйтерек девелопмент" АҚ және Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерін алуға үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) 1 бірліктен артық тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етілмейді. Осы талаптың орындалуын бақылау өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің қатысуын тексеру туралы өтініш берушінің міндетті келісімі негізінде жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен соттан тыс тәртіппен мәжбүрлі немесе соттың шешімі бойынша кепілдікке алынған тұрғын үйді өткізу жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы сатып алу-сату шарттары бойынша меншікке сатып алған кредиттік немесе жалға берілетін тұрғын үйді сатып алған күнінен бастап бес жыл ішінде иеліктен шығаруға жол берілмейді;

      3) жалдау шарты жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс.

      ЖАО-ның жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін, "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін, "Бәйтерек девелопмент" АҚ және Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерін алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

      3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

      4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

      5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

      6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

      7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

      8) жалақы туралы анықтама;

      9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

      10) меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;

      11) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.

      Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйге үміткерлер үшін қосымша мыналар талап етіледі:

      1) өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;

      2) отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрін растайтын анықтама;

      3) өтініш берген күнге кемінде соңғы екі және одан көп жыл Алматы немесе Астана қалаларында тұру фактісін растайтын құжат;

      4) өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) "кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар" мәртебесін растауына арналған құжаттар;

      5) Тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде "жас отбасы" санаты бойынша өтініш берілетін орын бойынша қатысу туралы және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде салынған үйде тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмегені туралы мәліметтер;

      6) тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және тиісті ЖАО-ның шешімі.

      Құжаттар ЖАО Бағдарламаның белгілі бір бағыты бойынша пәтерлер санын, типтерін және өткізу тәсілдерін (сату, сатып алу мүмкіндігімен жалға алу, сатып алу мүмкіндігінсіз жалға алу) көрсете отырып, тұрғын үйді өткізу туралы хабарландыруларды жариялаған кезде тапсырылады. Аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданады. Ауылдық елді мекендерде, кенттерде ауылдық округтердің (ауылдардың, кенттердің) әкімдері қағаз жеткізгіште қабылдайды.

      Операторлар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде:

      1) пәтерлердің белгілі бір типтеріне үміткерлерден өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап тіркеу күні мен уақытын көрсете отырып, барлық келіп түскен өтініштердің тізімін;

      2) іріктеу рәсімдері аяқталған күннен бастап өтінішті тіркеу күнін, уақытын, қатысушының санатын, мұқтаждарды, балдарды есепке алу күнін көрсете отырып, пәтерлердің белгілі бір типтеріне арналған Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті тізімдерін өзінің интернет-ресурсында жариялай отырып, олардың өтініштерін қабылдаған сәттен бастап пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

      5.6.1. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй.

      2017 – 2019 жылдары ЖАО Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде көзделген ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар және жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй объектілерінің құрылысын РБ-дан бөлінген шығыстар есебінен аяқтайды.

      Кемінде екі жыл некеде тұрған, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде) жас отбасы, сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы жас отбасыларға арналған тұрғын үй алуға үміткерлер болып табылады.

      Жас отбасыларға арналған тұрғын үй алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

      2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл тіркеуде болуы ескерілетін Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұру мерзіміне қарамастан, қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы;

      3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:

      әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;

      осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

      4) өтініші берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

      5) тиісті табыстармен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

      Жас отбасыларға арналған тұрғын үйді өткізу мынадай тәртіппен пулдар қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады:

      1) мынадай өлшемшарттар бойынша есептелетін балдардың ең көп саны бойынша үміткерлер тізімдерін тиісінше қалыптастыра отырып, үміткерлерден пәтерлердің белгілі бір типтеріне өтініштерді және құжаттарды қабылдау:

      бірінші бала үшін – 20 балл, екінші және кейінгі әрбір бала үшін 30 балл;

      мүгедек болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;

      "жас отбасы" санаты бойынша Тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде өтініш берілетін орын бойынша бұрын қатысқан және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, салынған үйден тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмеген үміткерлер үшін – 5 балл;

      жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл;

      2) үміткерлердің Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізе отырып, үміткерлер қатарынан пәтерлер түрлерінің санына мөлшерлес болатын одан кейінгі бөлек қалыптастыру, оның ішінде олардың төлем қабілеттілігін бағалау және Бағдарламаның өзге де бағыттары бойынша өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің қатысу фактілері бойынша рәсімдерден өтуі.

      Қалыптастырылған тізімге сәйкес Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін қатысушы ретінде қаралатын өтініш берушіге төлем қабілеттілігін бағалау рәсімінен өту және қажетті құжаттарды:

      ЖАО жолдамасы алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде – қаржы институттарына;

      жүргізілген бағалау нәтижелері туралы қаржы институтының хабарламасы алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға ұсыну туралы қажеттігі туралы хабарланады.

      Өтініш беруші тиісті кірісті растамаған не белгіленген мерзімде хабарлама ұсынбаған жағдайда, ЖАО алдын ала тізімдердің кейінгі өтініш берушілерінен іріктеу жүргізуге құқылы.

      Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін өтініш берушіге:

      осы кіші бөлімде көзделген бағыттар бойынша 1 бірліктен астам тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу немесе сатып алу мүмкіндігімен жалдау фактілері анықталған жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Бағдарлама бағыттарының біреуін таңдау қажеттігі жөнінде;

      өзге нормалар бойынша Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмейтіндігі жөнінде хабарлама жіберіледі.

      Бағдарламаның пулына қосу кезектілігі жинаған балдың санымен айқындалады. Балл тең болған кезде өтініш беруші жұбайының біреуі мемлекеттік қызметшіге не бюджеттiк ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын отбасы басымдыққа ие болады;

      3) тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті пулын бекіту, оларды хабардар ету және бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚТҚЖБ-ға бекітілген тізімдерді жіберу.

      5.6.2. "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйі.

      2017 – 2018 жылдары "ҚИК" ИҰ" АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бұрын басталған және көзделген жобалардың құрылысын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және РБ бұрын бөлінген қаражаты есебінен аяқтайды және дайын тұрғын үйді сатып алады.

      "ҚИК" ИҰ" АҚ 2015 жылы жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен Алматы қаласындағы Атлетика ауылы объектілерінің 2017 жылғы Универсиада аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйді өткізе отырып, жалпы алаңы кемінде 86 033 шаршы метр тұрғын үй бөлігінің құрылысын қаржыландыруға, сондай-ақ құрылыс барысында көрсетілген қызметтер үшін, оның ішінде техникалық және авторлық қадағалау мен тұрғын үй құрылысына байланысты өзге де шығыстарды төлеуге құқылы. Бұл ретте "ҚИК" ИҰ" АҚ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган келіскен кезде мемлекеттік заңды тұлғалармен Атлетика ауылы объектілерінің тұрғын бөлігін өткізуге құқылы.

      Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі:

      көп балалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      оралмандар;

      1 және 2 топтағы мүгедектер;

      мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

      Бұл ретте тұрғын үйдің 50 %-ы кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35-тен аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы сияқты жоғарыда көрсетілген санаттардағы адамдарға өткізіледі.

      Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тәртібі:

      ЖАО-ның тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті пулын бекітуі (пулға қатысушылардың саны пәтерлердің санына мөлшерлес болуы тиіс);

      түпкілікті пул бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға қабылданған шешімдер туралы ЖАО-ның хабарлауы және бекітілген тізімдерді "ҚИК" ИҰ" АҚ-ға жіберуі;

      "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілетін жүргізу;

      Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілетін бағалау нәтижесін ескере отырып, пәтерлердің нөмірлері мен қабаттарда орналасуы бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты "ҚИК" ИҰ" АҚ-дан алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО-ның тұрғын үйді бөлуі.

      Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу, іріктеу және бөлу шарттары "ҚИК" ИҰ" АҚ мен ЖАО-ның арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.

      ЖАО кезекте тұрғандар арасында тұрғын үйді бөлмеген жағдайда "ҚИК" ИҰ" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес оны теңгерімге қабылдаған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін осы тұрғын үйді басқа адамдарға бөлуге құқылы.

      Сатып алу мүмкіндігімен жалға алу мыналарды көздейді:

      жалға алу мерзімі 20 жылға дейін;

      жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі туралы талап;

      жалға алушының жалдау төлемақыларын және мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және өзге де пайдалану шығыстарын төлеуі;

      жалға алушы жалдау шарты бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда тұрғын үйді жеке меншікке беру туралы талап;

      жалдау төлемақылары енгізілмеген, сондай-ақ жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі;

      жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының жөндеуі туралы талап.

      Бұрын қабылданған бағдарламалар шеңберінде басталған және өткізіліп жатқан, алаңдары белгіленген шектердің 25 %-дан артық емес рұқсат етілген ауытқудан асатын жобаларды қоспағанда, жалға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 80 шаршы метрден аспауға тиіс.

      "ҚИК" ИҰ" АҚ сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үйді "ҚИК" ИҰ" АҚ-мен тиісті келісімдер/меморандумдар жасаған мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыскерлеріне, оның ішінде түскен жалдау төлемдерін қайта инвестициялау есебінен өткізуді жалғастыруға құқылы. Жобаларды іріктеу тәртібі, тұрғын үйді өткізу шарттары "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

      Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Ақтау және Атырау қалаларында тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құны – 200 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде – 180 мың теңгеге дейін құрайды.

      Құрылыс салушыларды іріктеу, жалға берілетін тұрғын үйді тапсыру және сату тәртібі, құрылыс салушыларға және тұрғын үй құрылысының жобаларына қойылатын талаптар "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      Ескерту. 5.6.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      5.6.3. "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлері.

      2017 – 2018 жылдары "Бәйтерек девелопмент" АҚ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде басталған жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй объектілерінің құрылысын және көрсетілген "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының шарттары мен талаптарына сәйкес оларды толық өткізуге дейін жасалған келісімдер бойынша өткізуді аяқтайды.

      Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу және объектілерді келісу шарттары, тәртібі "Бәйтерек девелопмент" АҚ мен ҚТҚЖБ арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен және "Бәйтерек девелопмент" АҚ мен ҚТҚЖБ ішкі құжаттарымен айқындалады.

      Белгіленген мерзімде ҚТҚЖБ-мен келісілмеген тұрғын үй және ҚТҚЖБ бөлмеген салымшалар арасында жағдайда, "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес кредиттік тұрғын үйді өткізу құны бойынша басқа адамдарға өткізеді.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ тұрғын үйді бөлмеген жағдайда, тұрғын үйді ЖАО-да кезекте тұрғандарға сатып алу арқылы жалға өткізіледі.

      ҚТҚЖБ-мен келісілмеген тұрғын үй және салымшылар арасында ҚТҚЖБ бөлмеген тұрғын үй белгіленген мерзімде ЖАО-да кезекте тұрғандарға сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін болады.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ ЖАО-ға өткізілетін жалға берілетін тұрғын үй туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жіберген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде ЖАО өтінім берушілерді іріктеуді және жалға берілетін тұрғын үйді ЖАО-да кезекте тұрғандардың арасында бөлуді жүзеге асырады.

      ЖАО белгіленген мерзімде ЖАО-да кезекте тұрғандардың арасында тұрғын үйді бөлмеген жағдайда "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйді өткізу құны бойынша басқа адамдарға өткізеді.

      Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тәртібі:

      ЖАО тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті пулын бекіту;

      түпкілікті пул бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға қабылданған шешімдер туралы ЖАО-ның хабарлауы және бекітілген тізімдерді "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ға жіберуі;

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілетін бағалау рәсімдерінен өтуін қамтамасыз ету;

      Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілетін бағалау нәтижесін ескере отырып, пәтерлердің нөмірлері мен қабаттарда орналасуы бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты "Бәйтерек девелопмент" АҚ-дан алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО-ның тұрғын үйді бөлуі.

      Сатып алу мүмкіндігімен жалға алу мыналарды көздейді:

      жалға алу мерзімі 20 жылға дейін;

      жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі туралы талап;

      жалға алушының жалдау төлемақыларын және мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және өзге де пайдалану шығыстарын төлеуі;

      жалға алушы жалдау шарты бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда тұрғын үйді жеке меншікке беру туралы талап;

      жалдау төлемақылары енгізілмеген, сондай-ақ жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі;

      жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының жөндеуі туралы талап.

      Сатып алу мүмкіндігі бар жалға ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібінде мынадай тұлғалар санаттарға өткізіледі:

      көп балалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      оралмандар;

      1 және 2 топтағы мүгедектер;

      мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

      Ескерту. 5.6.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674; 26.12.2017 № 877 қаулыларымен.

      5.6.4. Жылжымайтын мүлік қорының коммерциялық және сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үйлері.

      2017 – 2018 жылдары Жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы мен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үйлердің және коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысын осы тармақтың шарттарына сәйкес аяқтайды.

      1) Коммерциялық тұрғын үй.

      Тұрғын үй объектілері құрылысының жобаларын іріктеу және қарау Жылжымайтын мүлік қорының ішкі рәсімдеріне сәйкес өткізіледі.

      Құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жоба құнының 20% құрауға тиіс және мыналарды: жер учаскесін сатып алу (кадастрлық құны бойынша), жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, мемлекеттік немесе кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өту шығындарын және (немесе) тиісті банк кепілдіктерімен не объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге қаржыландырудың расталған көздерінің болуымен қамтамасыз етілген ақша қаражатын және (немесе) Жылжымайтын мүлік қорының қатысуы мен жобаны іске асыру басталған кезге дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмысының көлемі бойынша техникалық аудит қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылысты қамтуы мүмкін.

      Коммерциялық тұрғын үйдің құрылыс салушысы жобаны қаржыландыру басталған кезден бастап 24 айдан аспайтын мерзімде құрылыс объектісіндегі жылжымайтын мүліктің бүкіл пулынан тұрғын үйді қаржыландыру басталған кезге белгіленген құрылыс құнына 20 %-дан аспайтын үстеме баға бойынша эскроу-шотты пайдаланып өткізуге құқылы.

      Құрылыс салушыға (инвесторға) өткізу үшін берілген мерзім өткеннен кейін жобадағы жылжымайтын мүліктің өткізілмеген тұрғын үйінің бүкіл пулы құрылыс құнының 20%-ы мөлшеріндегі дисконтпен Жылжымайтын мүлік қорына беріледі.

      Тұрғын үйді өткізуге құқық берген кезде қаражаттың қайтарымдылығы және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылығы қағидаттарын негізге ала отырып, бағаның төменгі шегі белгіленеді.

      2016 жылы құрылысы басталған тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңы 5%-дан аспайтын ықтимал ауытқумен 105 шаршы метрден аспауға тиіс.

      Жеке құрылыс салушыларды қолдау шеңберінде тұрғын үй құрылысының құны Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Ақтау және Атырау қалаларында 240 мың теңгеге дейінгі ал қалған өңірлерде 200 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды.

      Коммерциялық тұрғын үйді жеке тұлғаларға өткізу жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үйді заңды тұлғаларға өткізуге жол беріледі, бірақ ол жобадағы тұрғын үйдің (пәтерлердің) жалпы санының 20%-нан аспауға тиіс.

      Тұрғын үйлерді өткізу тәртібі және құрылыс салушылар мен тұрғын үй құрылысының жобаларына қойылатын талаптар Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестициялардың сақталуын және қайтарылуын басшылыққа ала отырып, объектілер құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

      Жылжымайтын мүлік қоры 2018 жылы объектілер құрылысына салынған инвестициялардың "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 2018 жылдан бастап ЖАО тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі кредиттік тұрғын үйлердің әрі қарай салынуын қаржыландыруды, сондай-ақ бағалы қағаздарды сатып алу арқылы Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыруды көздейді.

      2) Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй.

      Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты пайдаланылатын болады.

      Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:

      Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.

      Жылжымайтын мүлік қорының ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларға (бұдан әрі – жобалар) іріктеу жүргізеді және оларды қарайды.

      Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      ауыртпалықтан бос, ЖАО-ның инфрақұрылымды дамыту жоспарларына сәйкес тиісті ИКИ-мен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерінің болуы;

      мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар ЖСҚ-ның болуы;

      тұрғын үйдің жайлылық сыныбы – "Тұрғын үй ғимараттары" Қазақстан Республикасының ҚНжҚ 3.02-43-2007 бойынша 3-сыныптан жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және бір пәтерлі аз қабатты үйдің (коттедждің) жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспауға, Қазақстан Республикасының ҚНжҚ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс. Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен олардың қала маңы аймақтарында тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны инфляция коэффициентіне немесе құрылыстағы баға индексінің өзгеруіне сәйкес бағаларды жыл сайын түзетумен 185 мың теңге дейінгі соманы, ал қалған өңірлерде құрылысы 2016 жылы басталған жобалар бойынша 150 мың теңгеге дейігі соманы құрайды;

      құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға, ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындарды және/немесе объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге берілген тиісті кепілдіктермен не қаржыландырудың расталған көздерімен қамтамасыз етілген ақшалай қаражатты және/немесе жобаны Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен іске асыру басталған сәтке дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша жасалған техникалық аудит қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылысты қоса алғанда, жоба құнының 20 %-ынан кем болмауға тиіс.

      Іріктеу кезінде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.

      ЖАО-ның жер учаскелерінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы.

      ЖАО Жылжымайтын мүлік қорына тиісті ИКИ-мен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу үшін құрылыс компанияларын (инвесторларды) тарта отырып, осы тармақшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады. Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар және/немесе жобалар бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.

      Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру.

      Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы ЕДБ-ге нысаналы депозиттерді орналастырады, осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит беруді жүзеге асырады.

      Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебіне Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы тармақшада көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Жылжымайтын мүлік қорының ЕДБ-ге нысаналы депозиттерді орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттамасымен регламенттеледі.

      Жылжымайтын мүлік қоры салынып жатқан және дайын (пайдалануға берілген) жылжымайтын мүлік объектілерінде осы тармақшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

      Құрылыс аяқталып, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.

      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестициялардың сақталуы және қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

      Бағдарламаға қатысушылар – ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың санаттарына жататындар.

      Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

      1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

      2) тұрғын үйді өткізу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті кірістермен растау.

      Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары

      Тиісті табыс деңгейі болған кезде Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй меншігіне өткізіледі немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға беріледі.

      Өтініш берушілер талаптарды орындау мақсатында Жылжымайтын мүлік қорының ішкі талаптарына сәйкес тиісті кірісті (төлем қабілеттілігін бағалау) растайды.

      Меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігін білдірген үміткерлер үшін төлем қабілеттілігін бағалау рәсімі алып тасталды.

      ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады.

      Тұрғын үйді өткізу рәсімдері:

      1) ЖАО Жылжымайтын мүлік қорынан ақпарат алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тұрғын үйді өткізу шарттары, азаматтардың санаттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдайтын орындар (қажет болған жағдайда), құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарландыруларды интернет-ресурстар арқылы жариялауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау мерзімін ЖАО дербес айқындайды, бірақ ол 5 жұмыс күнінен аспайды;

      2) ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей Жылжымайтын мүлік қорымен келісімдерде айқындалатын мерзімде пулдарды қалыптастыруды қамтамасыз ету.

      Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу мынадай тәртіппен пулдарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады:

      1) тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алудың бөлек тиісті тізімдерінде Заңның 74-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен үміткерлердің бөлек тізімдерін тиісінше қалыптастыра отырып, үміткерлерден пәтерлердің белгілі бір типтеріне арналған өтініштер мен құжаттарды қабылдау;

      2) үміткерлердің Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізе отырып, қатысушылар пулының үміткерлері қатарынан пәтерлер типтерінің санына мөлшерлес болатын одан кейінгі бөлек қалыптастыру, оның ішінде олардың төлем қабілеттілігін бағалау және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының өзге де бағыттары бойынша өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің қатысу фактілері бойынша рәсімдерден өтуі.

      Қалыптастырылған тізімге сәйкес Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін қатысушы ретінде қаралатын өтініш берушіге төлем қабілеттілігін бағалау рәсімінен өту және қажетті құжаттарды:

      ЖАО жолдамасы алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде – қаржы институттарына;

      жүргізілген бағалау нәтижелері туралы қаржы институтының хабарламасы алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға ұсыну қажеттігі туралы хабарланады.

      Өтініш беруші тиісті кірісті растамаған не белгіленген мерзімде хабарлама ұсынбаған жағдайда, ЖАО алдын ала тізімдердің кейінгі өтініш берушілерінен іріктеу жүргізуге құқылы.

      Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмейтін өтініш берушіге Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Қабылданған өтініштердің жиынтық санына әрбір бөлек тізімдегі пәтерлердің белгілі бір типіне қабылданған өтініштер санының үйлесімін айқындаудан және аталған үйлесімді өткізілетін пәтерлер санына қолданудан әрбір пул бойынша пәтерлердің белгілі бір типінің саны шығады;

      3) Жылжымайтын мүлік қорына тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті пулын бекіту.

      Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерін ЖАО арқылы өткізу:

      1) ЖАО-мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге қол қою;

      2) Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес ЖАО арқылы өткізу белгіленген тұрғын үй-жайлардың тізімдерін құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, ай сайынғы жалдау төлемақысының мөлшері, сату бағалары, сондай-ақ әрбір пәтер типі бойынша өткізу тәсілдері) туралы ақпаратпен қоса ЖАО-ға жіберу;

      3) тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын жалдау төлемақысының ең жоғары сомасын есептеу әдістемесін жіберу;

      4) Бағдарламаның іріктелген үміткерлерінің бекітілген тізімдерін ЖАО-дан алу;

      5) ЖАО ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен айқындалатын кезектілікке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін беру, оларға тұрғын үйлерді бекітіп беру және шарттары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын сатып алу мүмкіндігімен жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасасу.

      Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО пулындағы жеке тұлғаға:

      1) ай сайынғы жалдау төлемақыларын төлеу үшін төлем қабілеттілігі жеткілікті болмаған;

      2) сатып алу мүмкіндігімен жалдау шартын жасасқан кезде кепілді жарнаның қажетті сомасын немесе сатып алу-сату шартын жасау үшін қажетті қаражат сомасын төлемеген;

      3) ЖАО тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 40 (қырық) күн мерзімде талап етілетін құжаттарды ұсынбаған жағдайда тұрғын үй-жайларды бөлуден бас тартуға құқылы.

      Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО-ға сатып алу-сату немесе жалдау шарттарын жасасудан бас тартылған адамдар туралы тиісті ақпаратты жібереді.

      Жылжымайтын мүлік қорының ЖАО арқылы өткізу белгіленбеген тұрғын үйі, сондай-ақ бөлінбеген тұрғын үй және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлар Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес өткізілуі тиіс.

      Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басымдық беру қағидаты сақтала отырып жүргізіледі.

      Жалдау төлемақысының мөлшері Жылжымайтын мүлік қорының құрылысын қаржыландыруға және қаржылық орнықтылығына бөлінген қаражаттың қайтарымдылығы қағидаттарын негізге ала отырып айқындалады.

      Жылжымайтын мүлік қоры мен жалға алушының арасында сатып алу мүмкіндігі бар жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу мүмкіндігі бар жалдау шартында жалға алушының тұрғын үй-жайларды мерзімінен бұрын жеке меншігіне сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.

      Жеке тұлғалар тұрғын үй-жайларды сатып алу, оның ішінде бір реттен асырмай сатып алу мүмкіндігі бар жалдау шартымен сатып алу құқығын іске асыра алады.

      Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үй-жайларды сатып алу мүмкіндігімен жалға беруі 15 жылға дейін жүзеге асырылады, бұл ретте сатып алу мүмкіндігімен жалға алудың ең ұзақ мерзімі Жылжымайтын мүлік қорының қаржыландыру шарттарына байланысты қысқартылуы мүмкін. Жалға алушы сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалға алушының меншігіне беретін болады.

      Сатып алу мүмкіндігімен жалдау шарты жалға алушының жалдау төлемақыларын, мүлік салығын, жер салығы мен мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде коммуналдық және өзге де пайдалану шығыстарын төлеуін көздейді.

      Бұл ретте мүлік салығы мен жер салығының сомасы жалдау төлемақысының мөлшеріне қосылмайды және салық заңнамасында айқындалған қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша аталған салықтарды төлеу фактісі бойынша Жылжымайтын мүлік қоры ұсынған хабарламалар негізінде жалға алушылар өтейді.

      Құрылысы 2012 жылы басталған жобалар бойынша тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық бағасы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және олардың қала маңындағы аймақтарында 180 мың теңгеден, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде 144 мың теңгеден аспайды. Кейінгі жылдары тікелей сату бағасы тұрғын үйдің (пәтердің) 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі есепке алына отырып, нақтыланатын болады.

      Ескерту. 5.6.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674; 26.12.2017 № 877 қаулыларымен.

      5.6.5. Кепілдік беру қорының қатысуымен үлестік салымдарды қорғау тетігін іске асыру.

      2016 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама шеңберінде азаматтардың коммерциялық тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылданды.

      Үлестік тұрғын үй құрылысына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында бұрын жұмыс істеген "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ның базасында Кепілдік беру қоры құрылды, ол үлестік құрылысқа қатысушыларға қаржылық тұрақтылық, тәжірибенің болуы жөнінде біліктілік талаптарын белгілейтін және инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлер ақшасының нысаналы пайдаланылуын бақылау тетіктерін енгізетін болады.

      Үлестік салымдарға кепілдік беру тетігін іске асыру үшін мемлекет Кепілдік беру қорын 2017 жылы 10 млрд. теңге мөлшерінде капиталдандыруды көздеп отыр.

      Кепілдік беру қорының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысының жобалары бойынша ҚТҚЖБ салымшыларға ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен және шарттарда үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқықтарын кепілдікке қойып, тұрғын үйді сатып алуы үшін кредит беруге құқылы.

      5.6.6. ҚТҚЖБ-ның жеке құрылыс салушылардың қатысуымен тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруы:

      1) ЕДБ-де шарттастырылған депозиттерге қаражат орналастыру арқылы.

      Тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тартуды ынталандыру мақсатында түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7 %-дан асырмау шартымен, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен расталған құрылыс құнының 100 %-ына дейінгі мөлшерде жылдық 3 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге шартты депозиттерді орналастыру арқылы құрылыс салушыларға кейіннен кредит беру үшін ЕДБ-ні қорландыру жүзеге асырылатын болады.

      Аталған тетікті іске асыру үшін бос қаражат болған кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысында айқындалған іс-шараларды қаржыландыруға арналған жарғылық капиталдың қаражаты пайдаланылуы мүмкін 20 млрд. теңгеге дейінгі мөлшердегі ҚТҚЖБ қаражатын жұмсау жоспарланып отыр. Бұл үшін бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚТҚЖБ-ның жарғылық капиталының қаражатын қайта бөлу қажет.

      Тұрғын үй құрылысының жобаларын іске асыру тетігі, шарттары, тәртібі және шартты депозиттерді орналастыру есебінен салынған тұрғын үйді сатып алушыларға қойылатын талаптар ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

      2) ЖАО-ның бағалы қағаздарын ҚТҚЖБ-ның сатып алуы арқылы.

      ҚТҚЖБ салымшылары үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту мақсатында ЖАО тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрі құрылысының құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрін өткізу құны ЖАО-ның облигациялық қарыздарын тартуға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар ескеріле отырып айқындалады.

      ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйді өткізу құнын төмендету мақсатында ЖАО құрылысқа арналған шығындардың бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеуге құқылы.

      Тұрғын үй құрылысының жобаларын іске асыру тетігі, шарттары, тәртібі және ЖАО-ның бағалы қағаздарды орналастыру есебінен салынған тұрғын үйді сатып алушыларға қойылатын талаптар ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

      5.6.7. Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасын іске асыру.

      Астана қаласына елорданың мәртебесіне сәйкес келетін заманауи сәулеттік келбет беру мақсатында Астана қаласының әкімдігі 2012 жылдан бастап "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасының шеңберінде елорданың "ескі" кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейтін авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасын іске асыруды бастады.

      Астана қаласының қалыптасқан бөлігінде алаңы 588 мың шаршы метр 2978 үйді немесе 11264 пәтерді реконструкциялау және бұзу көзделген, олар реконструкцияланатын 42 ауданға, 315,6 га аумаққа бөлінген. Оның ішінде 5 қабатты тұрғын үйлердің 66 бірлігі, 4 қабатты тұрғын үйлердің 13 бірлігі, 3 қабатты тұрғын үйлердің 19 бірлігі, 2 қабатты тұрғын үйлердің 174 бірлігі, 1 қабатты тұрғын үйлердің (барактар) 127 бірлігі және усадьбалық типтегі 2579 үй бар. Бұзылатын тұрғын үйдің орнына жобаланып отырған тұрғын үй алаңы 3,1 млн. шаршы метрді құрайды.

      Жобаны іске асыру басталғаннан бері 109 авариялық үй бұзылды және уәкілетті ұйым 2 817 пәтерді Астана қаласының коммуналдық меншігіне берді.

      Астана қаласының әкімдігі жобаны іске асыру үшін уәкілетті ұйым құрды, оның функцияларына:

      тұрғын үйлерді жобалауды және салуды, оның ішінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан алынған кірістерді қайта инвестициялау және жобаны іске асыру барысында ілеспе көрсетілетін қызметтерді ұсыну есебінен ұйымдастыру;

      авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін Астана қаласының коммуналдық меншігіне салынған тұрғын үйдің және тұрғын емес үй-жайлардың үлесін беруді қамтамасыз ету;

      тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың бір бөлігін нарықта сату кіреді.

      Астана қаласының әкімдігі осы жоба шеңберінде:

      1) құрылған уәкілетті ұйымның қызметін үйлестіреді;

      2) үй құрылыстарын комиссиялық зерттеп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша олардың табиғи тозуын көрсетіп және тұрғын үйді авариялық деп тану үшін негіздерді белгілей отырып, техникалық зерттеп-қарау актілерін жасайды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай шеңберінде жер учаскелерін алып қоюды және босатуды жүргізеді, авариялық үй құрылыстарын бұзуды жүзеге асырады;

      4) реконструкциялау аудандарын айқындайды, құрылысты жүзеге асыру үшін жер учаскелерін бөлуді жүргізеді;

      5) инженерлік желілердің құрылысын және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін қолданыстағы және кейін уәкілетті ұйым Астана қаласының коммуналдық меншігіне беретін тұрғын үй үлестері есебінен қалыптастырылатын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      7) авариялық тұрғын үйлердің меншік иелеріне бұзылатын тұрғын үйлердің орнына алаңы бойынша тең келетін, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер береді;

      8) авариялық тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне реквизицияланатын мүліктің құнын өтеуді ұйымдастырады. Авариялық тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда, реквизицияланатын мүлік үшін өтемақы салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша тең көлемде тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

      Пилоттық жоба шеңберінде жобаны қайта инвестициялау мақсатында нарықта өткізу үшін кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар шағын габаритті тұрғын үйлер мен жайлылығы I-IV сыныпты тұрғын үйлерді салу көзделіп отыр.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі құрылысының құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін сату құны 192 400 теңгеден төмен болмайды деп көзделуде, бұл ретте сату бағасы салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне және сатылатын кезде жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасына байланысты болады.

      Жобаны қаржыландыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-дан "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы шеңберінде 40 млрд. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 20 млрд. теңге, 2014 жылы – 20 млрд. теңге мөлшерінде кредит қаражатын алды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алдында бұдан бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуі үшін республикалық бюджеттен 40 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 20 млрд. теңге, 2018 жылы – 20 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансферт көздеп отыр.

      Одан әрі жобаны қаржыландыру басқа көздердің есебінен жүзеге асырылады: жеке инвестицияларды тарту, ЕДБ-ден қарыз алу, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын толықтыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан және жобаны іске асыру барысында ілеспе көрсетілетін қызметтерді ұсынудан түскен кіріс.

      Жобаны іске асыру:

      2017 жылдың соңына қарай алаңы 150 мың шаршы метр болатын 228 авариялық үйді бұзу, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың 3 519 меншік иесін көшіру бойынша іс-шараларды орындауды;

      тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды нарық бағалары бойынша сатудан және жобаны іске асыру барысында ілеспе көрсетілетін қызметтер ұсынудан түскен қаражатты қайта инвестициялау есебінен авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін тұрғын үй салу бойынша жергілікті бюджетке түсетін жүктемені төмендетеді;

      2018 жылдан бастап салынған тұрғын үй көлемінің 10 %-ын авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беруді және қалған 90 % көлемін жобаны қайта инвестициялау мақсатында еркін нарықта сатуды;

      мемлекеттік инвестициялардың бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5.6.7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      5.6.8. Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыру тетігін іске асыру.

      Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін (бұдан әрі - объектілер) "Бәйтерек девелопмент" АҚ төлемдік, орамдылық және қайтарымдық жағдайларында Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) кредит беруге құқылы.

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаражат көздері және уәкілетті ұйымды кредиттеу шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша кеңестің хаттамасына сәйкес айқындалады.

      Астана қаласының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ВАК) объектілердің тізбесін қарастырады және оларды кредиттік қаражат есебінен қаржыландыру үшін уәкілетті ұйымдарға ұсынады.

      Объектілердің бағалық және техникалық параметрлері бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы мен орындалған жұмыстардың көлемі туралы техникалық аудиттің нәтижелері негізінде анықталады.

      Уәкілетті ұйым көрсетілген растайтын құжаттардың, сондай-ақ, бос алаңдар туралы деректердің негізінде құрылысын аяқтау үшін қажетті қаржы қаражатының көлемін және объектілерді іске асырудың экономикалық тиімділігін анықтайды.

      Объектілер экономикалық тиімді болмаған жағдайда, оларды "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ынан тартылатын кредит қаражаттары есебінен аяқтауға жол берілмейді.

      Салынған қаражаттың қайтарымдылығын объектілердің құрылысын аяқтауды жүзеге асыратын тұлғалармен уәкілетті ұйымға бос алаңдарды және/немесе оларды өткізуден түскен қаражаттарды беру есебінен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қаулы 5.6.8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 877 қаулысымен.

5.7. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруы

      Ескерту. Бағдарлама 5.7-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674 қаулысымен.

      5.7.1 Әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін ҚТҚЖБ тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру.

      Жеке құрылыс салушылардың қатысуымен әскери қызметшілерді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады.

      ҚТҚЖБ-ның әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруі үшін бұрын берілген бюджеттік кредиттерге, оның iшiнде олардың мерзімін ұзарту арқылы қайта құрылымдау жүргізуі қажет.

      Әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй жобаларын іріктеудің және тұрғын үйді өткізудің талаптары мен тәртібі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен және (немесе) ҚТҚЖБ мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және/немесе өзге уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен/меморандуммен айқындалады.

      ҚТҚЖБ құрылысты қаржыландырудың және тұрғын үйді өткізудің өзге де тетіктерін әзірлеуі және енгізуі мүмкін.

      5.7.2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігі бойынша халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту есебінен тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру.

      Бюджеттен тыс қаржыландыруды кеңейту мақсатында "Бәйтерек" девелопмент" АҚ жаңа технологияларды қолдана отырып, энергиялық тиімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігімен халықаралық қаржы институттарының қаражатын тартатын болады.

      Тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салу мен өткізудің бағалық параметрлері жобаның рентабельділігі және қаражаттың қайтарымдылығы негізінде айқындалатын болады.

      Сондай-ақ "Бәйтерек" девелопмент" АҚ тиісті келісімдер/меморандумдар жасалған мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ҚТҚЖБ салымшылары үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарымен тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жеке инвестицияларды тарту және/немесе халықаралық қаржы институттарының тартылған қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте, "Бәйтерек девелопмент" АҚ өзінің жеке қаражаттары есебінен тұрғын үй құрылысының шартты қаржыландырылуын жүзеге асыруға құқылы.

      Тұрғын үй құрылысының жобаларын іріктеу және қарау тәртібі және тұрғын үйді ҚТҚЖБ, ЖАО және өзге де тұлғалар арқылы өткізу "Бәйтерек" девелопмент" АҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.

      ҚТҚЖБ-ның салымшыларына тұрғын үйді өткізу тәртібі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен және ынтымақтастық туралы келісімімен айқындалады.

6. Қажетті ресурстар

      Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674; 26.12.2017 № 877 қаулыларымен.

      Бағдарламаны іске асыруға арналған шығындарды қаржыландыру республикалық бюджет, жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ капитал нарығына тартылатын басқа да қаражат, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен көзделеді.

      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

      млрд. теңге


2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020
жыл

2021
жыл

Барлығы

РБ*, оның ішінде:

168,8

182,0

174, 0

139,0

139,0

802,8

ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидиялар

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

50,0

құрылыс салушылардың кредиттері бойынша субсидиялар

11,0

11,0

11,0



33,0

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін жалға берілетін (сатып алу мүмкіндігінсіз) тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

25,0

25,0

25,0

25,0

25,0

125,0

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда ИКИ-ді дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері

86,1

80,0

80,0

80,0

80,0

406,1

ҚТҚЖБ-ны бюджеттік кредиттеу

24,0

24,0

24,0

24,0

24,0

120,0

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жас отбасылар мен ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін жалға берілетін тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2,6

12,0

20,0

0

0

36,2

Кепілдік беру қорының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

10,0

0

0

0

0

10,0

Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алдында бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферт


20,0




20,0

ЖТҚ-ға арналған үлгілік жобалар әзірлеу

0,1





0,1

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ҚТҚЖБ желісі бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемемен тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға кредит беру



4,0



4,0

Бюджеттен тыс қаражат**, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты

46,1

139,4

123,3

139,4

104,4

552,6

ЖАО облигацияларын сатып алуға және ЕДБ-ге негізделген депозиттері арқылы

46,1

119,4

103,3

139,4

104,4

512,6

Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерін аяқтауды қаржыландыруға бағытталады


20,0

20,0



40,0

Барлығы

214,9

321,4

297,3

278,4

243,4

1355,4

      *Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;

      **осы қаражат тұрғын үйдің сатылуынан түскен қаражаттың түсуіне қарай бағыталаттың болады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

"Бәйтерек"
ҰБХ" АҚ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚИК" ИҰ" АҚ

"Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

Жылжымайтын мүлік қоры

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы

ҚТҚЖБ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

Кепілдік беру қоры

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы

"Даму" КДҚ" АҚ

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ЕДБ

екінші деңгейдегі банктер

РБ

республикалық бюджет

ИКИ

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым

ЖТҚ

жеке тұрғын үй құрылысы

ӨҮК

Өңірлік үйлестіру кеңесі

ҰҚК

үй құрылысы комбинаттары

ЖСҚ

жобалау-сметалық құжаттама

ҚНжҚ

құрылыс нормалары және қағидалары

  "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына
  қосымша

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2017 № 674; 26.12.2017 № 877 қаулыларымен.

Р/с

 

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның коды

2017
жыл

2018
жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Мақсаты: Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру







Нысаналы индикатор**:
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИДМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша),
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

10116

10530

10652

10694

10797





көп пәтерлі тұрғын үй




5116

5130

5172

5204

5297




жеке тұрғын үй

5000

5400

5480

5490

5500


1-міндет. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру



1-көрсеткіш**:
Субсидиялана-тын ипотекалық тұрғын үй қарыздарының көлемі

млрд. теңге



ИДМ, ЕДБ, ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

15,0**

105,0*








2-көрсеткіш**:
Субсидия-ланатын ипотекалық тұрғын үй
қарыздарының
көлемі

мың бірлік

1,0*

7,0*








Іс-шаралар

1

Халыққа ЕДБ берген
ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, оның ішінде:

млрд. теңге
 

шарт
 

жыл сайын,
2017 –2021 жылдар

ИДМ, Қаржымині,
ЕДБ, ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚИК" ИҰ" АҚ (келісім бойынша)

9,6*

9,6*

9,6*

9,6*

9,6*

48,33*
 
 
 

РБ* қара-
жаты

228
 


субсидиялар




8,7

8,7

8,7

8,7

8,7

43,5*




жеке табыс салығы




0,966

0,966

0,966

0,966

0,966

4,83



2

Субсидиялау шеңберінде көрсетілетін оператор қызметтеріне ақы төлеу

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жыл-дар

ИДМ, "ҚИК" ИҰ" АҚ (келісім бойынша)
 

0,334*

0,334*

0,334*

0,334*

0,334*

1,67*

РБ* қара-жаты

228

3

Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлек-еттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлеу

бірлік

ҰЭМ бұй-рығы

2017 жылғы ақпан

ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

-

-

-

-

-

-




2-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру


1-көрсеткіш. Құрылыс салушының субсидияла-натын кредиттерінің көлемі

млрд. теңге



ИДМ, ЕДБ,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ,
"Даму" КДҚ" АҚ, ҰКП,
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

15,0**

137,0**

**

**

**

**




2-көрсеткіш. Құрылыс салушының субсидиялана-тын кредиттерінің есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр




50,0**

550,0**

**

**

**



Іс-шаралар

4

Құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлеме-сінің бір бөлігін субсидиялау

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 –2019 жыл-дар

ИДМ, Қаржымині, ЕДБ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, ҰКП, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

10,7*

10,7*

10,7*

*

*

32,1

РБ* қара-жаты

228

5

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлеме-лерін субсидиялау тәртібін әзірлеу


ҰЭМ бұй-рығы

2017 жылғы ақпан

ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

-

-

-

-

-

-


6

Субсидиялау шеңберінде көрсетілетін оператор қызметтеріне ақы төлеу

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИДМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

0,3*

0,3*

0,3*

*

*

0,9*

РБ* қара-жаты

228

3-міндет. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу







Көрсеткіш**:
Кредиттік тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

986,3**

992,2*

746,3*

626,9*

871,3*

4222,9*



Іс-шаралар

7
 

ЖАО-ның облигациялық қарыздар бойынша тартылған қаражат және қаражатты қайта пайдалану есебінен тұрғын үйді іске қосуын қамтамасыз ету**

млрд.теңге

пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, "Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісім бойынша)

43,1

119,4

100,3

139,4

101,4

503,6

бюджеттен тыс қаражат


мың шаршы метр

597*

921,7*

746,3*

626,9*

871,3*

3763,1*


8

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер құрылысын аяқтауын қамтамасыз ету

мың шаршы метр

пайдалануға беру актісі

2017 –2018 жылдар

"Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісім бойынша)

389,3

70,5




459,8




9

"Бәйтерек" ҰБХ " АҚ-ның ЖАО-ның
бағалы қағаздарын сатып алуын, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның тартқан және тұрғын үй сатудан қайта инвестиция-ланған қаражатын қамтамасыз етуі

млрд.
теңге

мәміле туралы есеп

жыл сайын, 2017 –2021 жыл-дар
 

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Бәйтерек девелоп-мент" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО, ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині

44,1

153,0

161,4

176,2

161,8

696,6



9

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алуын, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның тартқан және тұрғын үй сатудан қайта инвестицияланған қаражатын қамтамасыз етуі

млрд.теңге

мәміле туралы есеп

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, ҰЭМ, ИДМ, Қаржы-мині

43,1

119,4

100,3

139,4

101,4

503,6

бюджеттен тыс қаражат



10

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның облигацияла-рын, ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алуын қамтамасыз ету

млрд.
теңге

мәміле туралы есеп

жыл сайын, 2017 –2021 жыл-дар
 

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Бәйтерек девелоп-мент" АҚ (келісім бойынша)
 

21,1

62,0

13,9



97,0



11

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту

млрд.
теңге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, шарт

2019 жыл

ИДМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО



4,0*



4,0*

РБ* қаражаты


12

Салымшы-ларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін ҚТҚЖБ бюджеттік кредит беруінің негізгі шарттарын бекіту

млрд.
теңге
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша),
ҚТҚЖБ (келісім бойынша)

24,0

24,0

24,0

24,0

24,0

120,0

РБ* қаражаты


13

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламала-ры шеңберінде ҚТҚЖБ бұдан бұрын берген 57 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредиттердің мерзімдерін ұзарту мәселесін ВАК-қа енгізу


ВАК-тың шешімі

2017 жыл

ИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек"ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)










4-міндет. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру


Көрсеткіш**
Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

150

150

150

150

150

750



Іс-шаралар

14

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструк-циялауға нысаналы даму трансферт-терін бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, келісімдер

жыл сайын, 2017 – 2021 жыл-дар

ИДМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалалар-ының ЖАО

25,0

25,0

25,0

25,0

25,0

125,0

ҰҚ, РБ* қаражаты

228

15

ЖАО-ның сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуын қамтамасыз етуі **

мың шаршы метр

пайдалануға беру актісі

жыл сайын,
2017 – 2021 жыл-дар

облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

150

150

150

150

150

750




5-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту


Көрсеткіш**:
Жеке тұрғын үйді іске қосу көлемі  

мың шаршы метр



ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

5000

5400

5480

5490

5500

26870




Іс-шаралар

16

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылысы, оның ішінде ЖТҚ салынатын аудандарда ИКИ-ді жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға нысаналы даму трансферттерін бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, келісімдер жасасу

жыл сайын, 2017 – 2021 жыл-дар

ИДМ, ЭМ, Қаржымині,
облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

86,1*

80,0*

80,0*

80,0*

80,0*

406,1*

ҰҚ, РБ* қаражаты
 

228

17

ЖТҚ салынатын аудандарға бөлу жоспарланып отырған жер учаскелері туралы ақпарат ұсыну


ИДМ-ге ақпарат

жарты жылдық негізде

облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

-

-

-

-

-

-

-


18

Елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету және болашақтағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымды ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәліметтер беру


ИДМ-ге ақпа-рат

жыл сайын, мәслихаттың сессиясында бекі-тілгеннен кейін есепті жылдан кейінгі жылдың
1 ақпа-нына қарай

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО









19

Болашақтағы әлеуметтік және көліктік инфрақұры-лымды ескере отырып, бас жоспарларға тиісті өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізу


ПМК-ге ақпа-рат

2017
жылғы шілде

ИДМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

-

-

-

-

-

-

-


20

ЖТҚ үшін үлгілік жобаларды әзірлеу

млрд.
теңге

бұй-рық

2017 – 2018 жыл-дар

ИДМ

0,1






РБ* қара-жаты
 



6-міндет. Халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету


1-көрсеткіш**
Жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлерді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Жылжы-майтын мүлік
қоры" (келісім бойынша)

292,8

613,8

125,5



1032,1




Іс-шаралар

21

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструк-циялауға нысаналы даму трансферт-терін бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, келісімдер

жыл сайын,
2017 – 2019 жыл-дар

ИДМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалалары-ның ЖАО

2,6*

12*

20*



34,6*

РБ қара-жаты

228

22

ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етуі**

мың шаршы метр

пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2017 – 2019 жыл-дар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

23,1**

75**

125**



223,1**



23

"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйді салуын/сатып алуын қамтамасыз ету

мың шаршы метр

пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2017 –2018 жыл-дар

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚИК" ИҰ" АҚ

 165,0

135,0




300,0



24

Жылжымай-тын мүлік қорының тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету, оның
ішінде:

мың шаршы метр

пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2017 – 2018 жыл-дар

Жылжымайтын мүлік қоры (келісім бойынша)

103,0

403,8




 
 
506,8



сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй





27,4

154,8




182,2



коммерциялық тұрғын үй

75,6

249,0




324,6


7-міндет. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау


1-көрсеткіш Қордың үлестік құрылысқа кепілдік беру көлемі

млрд.теңге



"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), Кепілдік беру қоры

9,4

40,1

90,3

105,9

127,1*

422,8

бюджеттен тыс қаражат



2-көрсеткіш Үлестік құрылыс нарығын кепілдіктермен қамту

%

5

15

20

25

25





Іс-шаралар

25

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталын ұлғайту

млрд.
теңге

акцияларды орналастыру
 

2017
жыл

ИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), Кепілдік беру қоры

10,0





10,0
 

ҰҚ* қаражаты
 

206

26

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның Астана қаласының уәкілетті ұйымына кредиттік қаражат беруі

млрд.теңге

кредиттік шарт

жыл сайын, 2018 – 2019 жылдар

"Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі


20,0

20,0



40,0

бюджеттен тыс қаражат


      Ескертпе:

      * қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде айқындалатын болады;

      ** көрсеткіштердің орындалуы тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлеміне байланысты айқындалады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

"Бәйтерек"ҰБХ" АҚ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚИК" ИҰ" АҚ

"Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

Жылжымайтын мүлік қоры

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы

ҚТҚЖБ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

РБ

республикалық бюджет

ҰҚ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ЖТҚ

жеке тұрғын үй құрылысы