2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған үкіметтік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысымен
бекітілген
Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі
Р/с № |
Атауы |
Жауапты мемлекеттік орган |
Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
2015 – 2019 жылдар |
2. |
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
2015 – 2019 жылдар |
3. |
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
2015 – 2019 жылдар |
4. |
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2016 – 2019 жылдар |
5. |
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
2015 – 2019 жылдар |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы тізімі
1. «Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 19-құжат).
3. «Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 320 қаулысы.