"Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 320 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Биологиялық әртүрлiлiктi және гендiк қорды сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау мақсатында өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молықтыруды және қолдан өсiрудi қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 306_қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті мемелекеттік басқару саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелерінің  тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

2. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 306 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 306 қаулысына    
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелерінің  тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Петропавлбалық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      9. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      26. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
қаулысымен      
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Орталық аппараттың функциялары.
      Орталық аппарат:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:
      астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;
      өсімдіктерді қорғау;
      биоотын өндірісін және оның айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;
      2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      өсімдіктер карантині;
      бал ара шаруашылығы;
      орман қатынастары;
      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
      халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, су ресурстарын басқару;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;
      4) реттелетін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      5) техникалық реттеу саласындағы өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеуді жүзеге асырады;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      8) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      10) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқым өнімнің (материалдың) қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын жануарлар тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      11) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді бекітеді, жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер енгізеді;
      14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
      15) жануарларды бағалау, олардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
      16) тұқым стандартын әзірлейді және бекітеді;
      17) асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
      18) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақ жүргізу және байқаудан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      19) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне арналған асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      20) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      21) селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмысының ақпараттық базасын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекiтедi;
      22) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      23) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      24) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған баламалы құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      25) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      26) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      27) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекiтедi;
      28) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;
      29) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантинін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      30) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      31) карантинге жатқызылған өнімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      32) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
      33) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      34) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекітеді;
      35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) запасын құру тәртібін әзірлейді және бекiтедi;
      36) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның және фитосанитариялық бақылау бекеттерімен бірге аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      37) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
      38) зертханалық сараптаманы қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеден органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді;
      39) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе өңдеуге жатпайтын, карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
      40) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін айқындайды;
      41) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
      42) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      43) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      44) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      45) астыққа және оның тіршілік циклінің процестеріне арналған техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
      46) астық қолхаты жазылатын бланктерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      47) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп қарау актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
      48) агент пен отандық астық өндірушінің, сондай-ақ агент пен астық экспорттаушының арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      49) агент пен астық өңдеу ұйымының арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      50) астық өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      51) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растауының нысанын әзірлейді және бекітеді және оларды астық экспортаушыға береді;
      52) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесінің арасындағы жария шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      53) астық қолхаттарын бере отырып, қойма жұмысы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      54) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      55) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      56) астық сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      57) астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      58) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      59) астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      60) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
      61) астықтың сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      62) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      63) мемлекеттiк астық ресурстарымен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметi бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары мен стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
      64) ішкі нарықты реттеу мақсатында астық өңдеу ұйымдары сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандырушы ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      65) бал араларды қорғауға және өсімін молайтуға бағытталған ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      66) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
      67) өсiмдiктерді қорғау саласында халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастық жасайды және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
      68) мынадай:
      пестицидтер (улы химикаттар) өндіру (формуляциялау);
      пестицидтер (улы химикаттар) өткізу;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      69) бал жиналатын өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералды тыңайтқыштардың және басқа да препараттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      70) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзірлейді және бекітеді;
      71) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулік, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      72) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
      73) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      74) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      75) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
      76) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындайды;
      77) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      78) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банкін құру және жүргізу қағидаларын бекiтедi;
      79) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      80) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
      81) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
      82) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін бекітеді;
      83) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын оларды пайдалану кезінде есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімі өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін бекітеді;
      84) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      85) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекітеді;
      86) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
      87) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
      88) зертханалық бақылауды қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеден органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      89) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      90) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адамның өмірі мен саулығы үшін зардаптары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді бекітеді;
      91) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      92) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
      93) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      94) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      95) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      96) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      97) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
      98) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      99) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      100) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және одан үзінді көшірме беру қағидаларын бекітеді;
      101) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      102) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      103) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      104) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      105) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      106) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      107) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      108) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      109) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринар дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      110) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      111) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
      112) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      113) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      114) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      115) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      116) жануарларды карантинге қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      117) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      118) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      119) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      120) жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      121) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      122) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      123) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
      124) ветеринария саласындағы нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      125) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      126) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      127) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi әзірлейді және бекітеді;
      128) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      129) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      130) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      131) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      132) ветеринариялық іс-шаралар жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      133) селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлейді;
      134) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      135) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға арналған субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
      136) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      137) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      138) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алаңының бiр гектарына арналған шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
      139) республикадағы және шет елдердегі өсімдік шаруашылығы саласының жай-күйі ахуалын зерделейді;
      140) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
      141) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптасыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
      142) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөнінде кеңестер құрады;
      143) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат береді;
      144) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
      145) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді;
      146) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асырады;
      147) агроөнеркәсiптiк кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      148) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны, бағалық, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ техникалық реттеу мен мемлекет саясат саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
      149) агроөнеркәсiптiк кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      150) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
      151) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізеді;
      152) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
      153) агроөнеркәсiптiк кешеннің дамуына мониторинг жүргізеді;
      154) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысатын ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      155) ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      156) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының запастарын есепке алу нысандары мен есептілік ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      157) өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      158) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді;
      159) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен оларды сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      160) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      161) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      162) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      163) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      164) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
      165) «Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсібі бойынша үздік» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді;
      166) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;
      167) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзiрлейдi және бекітеді;
      168) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
      169) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандырушы қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      170) мыналарды:
      тұқым шаруашылығын дамытуды;
      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
      акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
      тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
      өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
      жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
      отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
      кредиттер мен технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
      шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын;
      ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
      ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      171) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» салаларындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды;
      172) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
      173) «электрондық үкімет» қалыптастыруды, мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары мен мемлекеттік ақпарат жүйелерін, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      174) мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары мен мемлекеттік ақпарат жүйелерін есепке алуды және тіркеуді, сондай-ақ депозитке салуды қамтамасыз етеді;
      175) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма жұмысы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке және сараптамалық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзiрлейдi және бекітеді;
      176) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      177) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      178) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      179) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеуі қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      180) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      181) мақта өңдеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      182) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      183) мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, оларды жою және өтеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      184) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талап етуі бойынша мақта босату тәртібін айқындайды;
      185) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
      186) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      187) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      188) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге қатысады;
      189) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      190) тиісті салада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      191) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;
      192) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      193) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;
      194) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      195) стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;
      196) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
      197) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      198) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
      199) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      200) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
      201) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      202) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
      203) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және оны бақылау бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
      204) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қолжетімді етеді;
      205) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
      206) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
      207) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
      208) стандарттар, нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелер және ұсынымдар әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      209) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіптік стандарттар әзірлейді;
      210) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
      211) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
      212) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
      213) ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      214) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
      215) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін әзірлейді;
      216) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
      217) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;
      218) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
      219) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      220) конкурстық негізде су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
      221) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
      222) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      223) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      224) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      225) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      226) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
      227) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      228) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алу көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;
      229) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      230) орман шаруашылығы саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      231) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      232) Қазақстан Республикасы Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алу туралы ұсыныс енгізеді;
      233) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
      234) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрметті атақтарды, төсбелгілерді және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      235) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      236) су айдындарын балықтандыру, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      237) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      238) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы
7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      239) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      240) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануы, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдануы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      241) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      242) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      243) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төлемақының мөлшерін бекітеді;
      244) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
      245) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаста есептелетін астықты жеткізу мөлшерін айқындайды;
      246) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
      247) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      248) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      249) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді, тапсырыстарды жүзеге асырады;
      250) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы қолда бар ұлттық стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      251) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
      252) техникалық регламенттердің, стандарттардың қорын және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де құжаттарды жүргізуді жүзеге асырады;
      253) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      254) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
      255) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      256) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      257) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыттарын айқындайды;
      258) өз құзыреті шегінде тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталарды бөледі;
      259) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумағын кішірейту бойынша ұсыныстар енгізеді;
      260) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салады және сандық шектеулер енгізеді;
      261) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
      262) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сандық шектеулерді бөлуді жүзеге асырады;
      263) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және квоталардың қолданылу мерзімін айқындайды;
      264) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
      265) орман қорын қорғау, күзету және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      266) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      267) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      268) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      269) орман дақылдарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алаңдарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      270) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
      271) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзеті лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      272) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің, орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша, орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;
      273) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;
      274) көшеттік материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      275) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      276) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      277) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      278) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      279) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      280) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      281) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      282) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      283) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      284) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      285) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      286) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      287) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      288) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      289 өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      290) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
      291) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      292) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекiтедi;
      293) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      294) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді және бекітеді;
      295) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
      296) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4)5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      297) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      298) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      299) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
      300) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
      301) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      302) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      303) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
      304) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      305) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      306) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
      307) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи тіршілік ету ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      308) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      309) жануарлар дүниесін мемлекеттік күзету туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      310) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      311) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      312) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      313) аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      314) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      315) аңшылықта пайдаланылатын аң аулайтын жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      316) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      317) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
      318) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      319) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілері нысандарын, оларды толтыру және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      320) жануарлар дүниесі мен орманды күзету, молықтыру және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киімінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      321) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн күзету, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      322) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      323) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітедi;
      324) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      325) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітедi және оларды орнатуды келіседі;
      326) уылдырық шашу кезеңінде балық аулау үшін тыйым салынған, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған су айдындары мен (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалыс тәртібін әзірлейді және бекітедi;
      327) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта онымен сауда жасау үшін таңба беруді жүзеге асырады;
      328) аңшылық шаруашылықтары, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекараларының аншлагтары үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
      329) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      330) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      331) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      332) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
      333) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      334) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
      335) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      336) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      337) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілген әуесқой (спорттық) балық аулау қағидаларын бекітеді;
      338) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      339) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      340) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      341) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      342) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      343) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      344) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
      345) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республика немесе өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн ұсынады;
      346) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;
      347) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;
      348) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін әзiрлейдi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекітеді;
      349) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін әзiрлейдi және бекітеді;
      350) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін әзiрлейдi және бекітеді;
      351) су объектілері мен ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзiрлейдi және бекітеді;
      352) гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттандыруды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
      353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланатын жерүсті және жерасты су объектілеріне қорытындыны тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      354) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      355) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
      356) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      357) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      358) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсыныс енгізеді;
      359) Қазақстан Республикасында бал араларын тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
      360) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінжүргізу тәртібін бекітеді;
      361) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;
      362) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдеріне болжам жасайды;
      363) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      364) сортты егістіктерді байқаудан өткiзу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      365) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдар өндіру мен элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      366) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      367) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу мәселелері бойынша республикалық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      368) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      369) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      370) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      371) сорт сынау, тұқым шаруашылығы бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      372) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
      373) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      374) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
      375) республика бойынша тұқым тенгерімін жасайды;
      376) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      377) сорттар оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      378) тұқымның сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық талаптарды, өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      379) сорт жаңартуды және сорт алмастыруды жүргізу тәртібі мен мерзімін белгілейді;
      380) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
      381) тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын, олардың құрылымы мен көлемін әзірлейді және бекітеді;
      382) патент беру қорытындысы бар сорт сипаттамасының, сорттың патентке қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
      383) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      384) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
      385) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
      386) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгiлік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      387) жойылған егістік аландарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      388) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      389) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      390) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      391) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      392) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық регламенттер әзірлейді;
      393) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      394) мақта саласын дамыту саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi және бекітеді;
      395) мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын әзiрлейдi және бекітеді;
      396) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      397) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
      398) мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
      399) мақта саласының мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзiрлейдi және бекітеді;
      400) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      401) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзiрлейдi және бекітеді;
      402) мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы паспортын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      403) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      404) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      405) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
      406) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандарын және оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
      407) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
      408) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
      409) биоотын өндірісі мен айналымы саласында техникалық регламенттерді бекітеді;
      410) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      411) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      412) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      413) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      414) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары және (немесе) құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары серияларының (партияларының) сәйкестігін анықтау тәртібін, ветеринариялық нормативтер талаптарын белгілейді;
      415) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      416) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      417) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;
      418) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
      419) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің тәртібін белгілейді;
      420) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
      421) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
      422) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
      423) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
      424) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
      425) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      426) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
      427) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      428) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      429) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
      430) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады;
      431) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      432) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      433) дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекітеді;
      434) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
      435) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;»;
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:
      агроөнеркәсіптік кешен;
      тұқым шаруашылығы;
      өсімдік шаруашылығы;
      бал ара шаруашылығы;
      ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
      1-2) мақта саласын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      1-3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;»;
      нөмірленуге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі 17-3) тармақша 17-1) тармақша болып өзгертілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың жүргізілуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      31) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді;
      32) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      33) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған айлабұйымдарға (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
      34) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;»;
      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «34-1) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;»;
      44), 49), 50), 51), 53), 55), 56), 60), 63), 64), 65) және 68) тармақшалар алып тасталсын;
      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;»;
      114), 115), 116), 117), 135), 136), 137), 138), 145), 150), 151), 153), 166) және 261) тармақшалар алып тасталсын;
      289) және 346) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «289) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаштарды игеруді және ағаштың кесілетін жасын белгілеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;»;
      «346) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын адамдарда;
      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;
      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру, экспорттау (импорттау) және транзиті кезінде;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) бағдары өтетін мал айдау жолдарында, бағдарларда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      құзыреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларының жүзеге асырылуын қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда және оның бөлімшелерінде функциялардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 346-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «346-1) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «350) балық шаруашылығы су айдындарының резервтiк қорында және (немесе) учаскелерiнде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;»;
      352) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 359), 360), 361), 362), 363), 364), 365), 366), 367), 368), 369), 370), 371), 372), 373), 374), 375), 376), 377), 378), 379), 380), 381), 382), 383), 384), 385), 386), 387), 388), 389), 390), 391), 392), 393), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403), 404), 405), 406), 407;) 408), 409), 410), 411), 412), 413), 414), 415), 416), 417), 418), 419), 420) және 421) тармақшалармен толықтырылсын:
      359) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдарды әзірлеуді жүзеге асырады;
      360) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оны жою туралы шешім қабылдайды;
      361) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, карантиндік шаралар әзірлейді;
      362) статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қатысады;
      363) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі жоспарын бекітеді;
      364) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау бойынша техникалық регламенттер әзірлеу, нормативтік құжаттарды өзекті ету және біріздендіру туралы ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
      365) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сәйкестікті растау органдарын және сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімдер жөнінде зертханалар құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
      366) стандарттар мен өзге де құжаттар әзірлеу жөніндегі жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіруді жүзеге асырады;
      367) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
      368) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      369) үкіметтік емес стандарттар әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
      370) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттар әзірлеу бастамашылығын жүзеге асырады;
      371) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
      372) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
      373) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысаны мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
      374) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
      375) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
      376) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
      377) республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді;
      378) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
      379) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
      380) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
      381) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат береді;
      382) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      383) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантиннің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      384) мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылайды;
      385) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      386) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      387) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады;
      388) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
      389) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асырады;
      390) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзылушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      391) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      392) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      393) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсынады;
      394) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орманның өсiрілуіне тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      395) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
      396) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
      397) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамалары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      398) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      399) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
      400) жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      401) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше күзетілетін табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      402) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      403) су қорғау аймақтарының, белдеулерiнің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;
      404) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
      405) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;
      406) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;
      407) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
      408) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіби стандарттар әзірлеуге қатысады;
      409) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;
      410) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
      411) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
      412) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      413) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады»;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Шығыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
      «2. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 447-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «447. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.»;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряды» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық интродукциялық-карантиндік көшеттік» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      29. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      31. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      32. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      33. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      34. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      35. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      36. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      37. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      38. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      39. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 275-құжат):
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;».