Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысы.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;

      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2017 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);

      2) "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 341-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2017 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар


1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
 

Білім беру қызметі
 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

Діни білім беру бағдарламалары
 

2.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

Білім беру қызметі

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері

Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

Негізгі орта білімнің
жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары