Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;
      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);
      2) «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 341-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына     
қосымша         

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті


Білім беру қызметі

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары

Діни білім беру бағдарламалары

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Білім беру қызметі

Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері

Жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

Негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары

Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары