"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);
2) "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 341-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына қосымша |
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.04.2019 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.09.2020 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Мемлекеттік орган | Лицензияланатын қызмет түрі | Лицензияланатын кіші қызмет түрі | Лицензиар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті | Білім беру қызметі | Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті | |
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру | |||||
Діни білім беру | |||||
2 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті | Білім беру қызметі | Бастауыш білім беру | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері | |
Негізгі орта білім беру | |||||
Жалпы орта білім беру | |||||
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру | |||||
Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру |