Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысымен

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қарасу ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Западное ауылы таратылсын.
      2. Таратылған Западное ауылы Қарасу ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына енгізілсін.
      3. Жамбыл ауылдық округі Қарасу ауданының Жамбыл ауылы болып қайта құрылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов

Сессия төрағасы
________________ А. Сергеев


Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________ С. Ещанов