Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 932 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2024 № 617 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:

      1) "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты";

      2) "Генетика және физиология институты";

      3) "Ғылым ордасы";

      4) "Зоология институты";

      5) "Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы";

      6) "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты";

      7) "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты";

      8) "Философия, саясаттану және дінтану институты".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2024 № 617 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;

      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов