"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:
1) "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты";
2) "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті";
3) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті";
4) "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті";
5) "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті";
6) "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті";
7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті";
8) "Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті";
9) "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті";
10) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті";
11) "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты";
12) "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті";
13) "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті";
14) "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты";
15) "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті";
16) "Рудный индустриялық институты";
17) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті";
18) "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті";
19) "Тараз мемлекеттік педагогикалық институты";
20) "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |