Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 932 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 142148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:
      1) «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты»;
      2) «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті»;
      3) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті»;
      4) «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті»;
      5) «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті»;
      6) «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті»;
      7) «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті»;
      8) «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті»;
      9) «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті»;
      10) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті»;
      11) «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты»;
      12) «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
      13) «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті»;
      14) «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты»;
      15) «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті»;
      16) «Рудный индустриялық институты»;
      17) «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті»;
      18) «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті»;
      19) «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты»;
      20) «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты».
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов