«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353 қаулысымен.
2. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 395 қаулысына
қосымша
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Р/с |
Рұқсат беру рәсімінің атауы |
Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 |
2 |
3 |
1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» |
||
1. |
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою |
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |
2. |
Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою |
Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |
3. |
Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке, қайта есепке қою |
Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке, қайта есепке қою туралы куәлік |