Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.06.2015 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      С.Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің           
2012 жылғы 14 желтоқсандағы 
№ 1590 қаулысымен     
бекітілген          

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техникалық мамандардың болуы

Қызметкерлер, оның ішінде телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженер-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


2.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


3.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың техникалық мүмкіндіктері

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың схемасы


4.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


5.

Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

1) Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;
2) спутниктік оператор ұсынған спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар көшірмелері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны: құрылатын желінің атауы (эфирлі, кабельді, спутниктік)
хабар тарату қамтылған аумақ;
пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналар (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қолжетімділік жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда);
желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;
желінің сыйымдылығы және/немесе оның ішінде даму кезеңдері бойынша қосылушылардың саны;
Қазақстан Республикасының аумағындағы телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі (өтініш берушінің басқа желілерден жалға алған арналары бойынша нақты техникалық құралдарын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату желісінің жеке құралдары бойынша);
өтініш берушінің желісін басқа телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосуды ұйымдастыру тәсілдері;
жиілікті иеленуді алуға қажетті жабдық;
бас станцияларға желіде таратылатын телерадиохабар таратудың теле-, радио арналарын жеткізу көздері мен тәсілдері;
санитарлық паспорттың болуы (жиілікті иеленуі бар жабдықты қолдану кезінде);
пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасуы және тиесілілігі, олардың тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайында);
пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары.
(спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


6.

Теле-, радиокомпаниялар-қ ұқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға алдын ала шарттар (көпбағдарламалық хабарлар тарату үшін)

Теле-, радиокомпаниялар- құқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


7.

Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен және алаңдар

Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін, техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


8.

Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін өлшеу және сынақ жабдығының құралдары

Метрологиялық сипаттамаларды көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдарының және сынақ жабдығының тізбесі және олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталуын растайтын құжаттар (сертификаттар көшірмелері)


Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі 
қызметті жүзеге асыру үшін олардың   
сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік
талаптары және құжаттардың тізбесіне 
қосымша                  

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны

      1. Қызметкерлер саны:
      инженерлік-техникалық мамандар_________________;
      мамандық бойынша жұмыс өтілім__________________;
      1 жылға дейін__________________________________;
      жылдан астам___________________________________.
      2. Қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер:
      трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
      3. Техникалық мәліметтер:
      1) құрылатын желінің атауы: эфирлі/ кабельді/ спутниктік;
      2) хабар таратумен қамту аумағы_________________________;
      3) желі типі____________________;
      стандарт атауы_______________;
      стандарт нөмірі______________;
      4) таратылатын теле-, арналардың тізімі;
      даму кезеңдері бойынша тізбе__________;
      қысқаша сипаттама________________;
      5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда__________;
      6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;
      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
      көлемі МГц___________________;
      қосылушылар саны_____________;
      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы:
      шарттың нөмірі_____________;
      шарттың жасалған уақыты_____________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
      жекеменшік техникалық құралдар бойынша _______________________;
      өзге желілерді жалға алған арналар бойынша ___________________;
      шарттың нөмірі ______________________;
      шарттың жасалған күні _______________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)__________;
      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
      шарттың нөмірі _________________;
      шарттың жасалған күні __________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке- тұлғаның атауы)_________;
      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;
      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
      студияның орналасқан жері _____________;
      пайдаланылатын желінің типі ____________;
      13) жиілікті иеленуі бар жабдықтың санитарлық паспортының болуы:
      нөмірі және берілген күні ______________;
      паспортты берген органның атауы ___________;
      паспорттың қолдану мерзімі _______________;
      14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
      атауы ______________;
      тиесілігі __________;
      орналасқан жері _______________;
      қызмет көрсету аумағы ___________;
      жиіліктің орналасқан белдеуі ____________;
      арнаның жылдамдығы _________________;
      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ___________.
      4. Ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы шарттың нөмірі _________;
      жасалған күні _________________;
      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
_____________________.
      5. үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
      жекеменшік алаңдар ______________;
      алаңдар көлемі __________________;
      жалға алынған орындар ___________;
      орындар көлемі __________________;
      шарттың нөмірі __________________;
      шарттың жасалған күні ____________;
      шарттың кіммен жасалды____________;