Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысы.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және

      37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген

Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда– ҚР Үкіметінің 02.11.2017 № 708 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлар тізбесі

Лицензиар

Келісуші мемлекеттік орган


1

2

3

4

1.

Озонды бұзатын заттардың және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдердің экспорты мен импорты

ЭМ

-

2.

Өсімдіктерді (пестицидтерді) қорғау құралдарының импорты

АШМ

-

3.

Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импорты

ЭМ

-

4.

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспорты

БҒМ

-

5.

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспорты

АШМ

-

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы № 1034  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспорты

АШМ

-

7.

Бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспорты

ИДМ

-

8.

Минералды шикізаттың экспорты

ИДМ

-

9.

Есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының экспорты мен импорты

ІІМ

-

10.

Есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импорты

ИДМ

-

11.

Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импорты

АКМ

-

12.

Ақпаратты жария етпей алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспорты мен импорты

ИДМ

ҰҚК

13.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының экспорты мен импорты

ИДМ

ҰҚК

14.

Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспорты

МСМ

-

15.

Адам ағзалары мен тіндерінің, қаны мен оның компоненттерінің экспорты мен импорты

ДСМ

-

16.

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспорты

ИДМ

-

17.

Еттің жекелеген түрлерінің импорты

ҰЭМ


18.

Дәмдік-хош иісті немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының импорты

ҰЭМ

АШМ

            Ескертпе:

      Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесіне қосылған тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134, "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2016 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды, сондай-ақ осы тауарларды Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 18 тамыздағы № 99 шешімдерімен белгіленеді.


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АКМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат);

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 1919 қаулысының

      1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 474-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшаның он үшінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1094-құжат);

      4. "Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 370-құжат).