"Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 708 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 148-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 2 қарашадағы
№ 708 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген

Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі

Р/с

Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлар тізбесі

Лицензиар

Келісуші мемлекеттік орган


1

2

3

4

1.

Озонды бұзатын заттардың және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдердің экспорты мен импорты

ЭМ

-

2.

Өсімдіктерді (пестицидтерді) қорғау құралдарының импорты

АШМ

-

3.

Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импорты

ЭМ

-

4.

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспорты

БҒМ

-

5.

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспорты

АШМ

-

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы № 1034  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспорты

АШМ

-

7.

Бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспорты

ИДМ

-

8.

Минералды шикізаттың экспорты

ИДМ

-

9.

Есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының экспорты мен импорты

ІІМ

-

10.

Есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импорты

ИДМ

-

11.

Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импорты

АКМ

-

12.

Ақпаратты жария етпей алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспорты мен импорты

ИДМ

ҰҚК

13.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарының экспорты мен импорты

ИДМ

ҰҚК

14.

Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспорты

МСМ

-

15.

Адам ағзалары мен тіндерінің, қаны мен оның компоненттерінің экспорты мен импорты

ДСМ

-

16.

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспорты

ИДМ

-

17.

Еттің жекелеген түрлерінің импорты

ҰЭМ


18.

Дәмдік-хош иісті немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының импорты

ҰЭМ

АШМ


      Ескертпе:

      Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесіне қосылған тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134, "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2016 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды, сондай-ақ осы тауарларды Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 18 тамыздағы № 99 шешімдерімен белгіленеді.


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АКМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі