Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысымен бекітілген |
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581; 25.01.2023 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Р/с № | Тауарлардың тізбесі | Рұқсат беру құжатының атауы | Рұқсат беру құжаттарын беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган | Рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім | лицензия/ қорытынды/ рұқсат | - | ЭГТРМ |
2. | Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) |
лицензия/ | - | АШМ |
3. | Қауіпті қалдықтар |
лицензия/ | - | ЭГТРМ |
4. | Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары, қазбалы жануарлардың сүйектері |
лицензия/ қорытынды | – | ҒЖБМ |
5. | 1) Жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы дәрілік шикізат |
лицензия/ | - | ЭГТРМ |
2) Ғылыми зерттеулерге арналған жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсімдіктердің үлгілері | қорытынды | - | ЭГТРМ | |
6. | 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) қолданылу аясына жататын жабайы фауна мен флора түрлері | рұқсат | - | ЭГТРМ |
7. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері |
лицензия/ | - | ЭГТРМ |
8. | 1) Асыл тастар (алмастар) |
мемлекеттік бақылау актісі/ Кимберлий процесінің сертификаты/ | - | ИИДМ |
2) Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастардан басқа), табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдер, алмастардан жасалған үгінділер мен ұнтақ, өңделмеген, бірақ орны толтырылмаған немесе бекітілмеген өнеркәсіптік емес гауһар тастар (гауһар), өңделмеген немесе жай кесілген, жарылған немесе қарапайым өңдеуге ұшыраған өнеркәсіптік алмастар, асыл тастар мен табиғи інжу-маржандардан жасалған бұйымдар | мемлекеттік бақылау актісі | - | ИИДМ | |
9. | 1) Бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары |
лицензия/ | - | ИИДМ |
2) Құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендері, концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері |
лицензия/ | - | ИИДМ | |
3) Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар, монеталар | мемлекеттік бақылау актісі | - | ИИДМ | |
10. | Минералды шикізат түрлері |
лицензия/ | - | ИИДМ |
11. | Есірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары |
лицензия/ | - | ІІМ |
12. | Есірткі мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар |
лицензия/ | - | ИИДМ |
13. | 1) Тіркелген дәрілік заттар | тізілімге енгізу туралы мәліметтер/ қорытынды | - | ДСМ |
2) Тіркелмеген дәрілік заттар | қорытынды | - | ДСМ | |
14. | Радиоэлектрондық құралдар және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына қосылған не кіретін құрылғылар | лицензия | ҰҚК | ЦДИАӨМ |
қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер | - | ЦДИАӨМ | ||
15. | Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар, | лицензия | ҰҚК | ИИДМ |
қорытынды | - | ҰҚК | ||
16. | Шифрлау (криптографиялық) құралдары | лицензия | ҰҚК | ИИДМ |
қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер | - | ҰҚК | ||
17. | 1) Мәдени құндылықтар, ұлттық архив қорларының құжаттары, архив құжаттарының түпнұсқалары |
лицензия/ | - | МСМ |
2) Мәдени құндылығы бар және антиквариатқа жатқызылмаған қару | қорытынды | - | МСМ | |
18. | Адамның ағзалары мен тіндері, қан және оның компоненттері, адамның биологиялық материалдарының үлгілері |
лицензия/ | - | ДСМ |
19. | Азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондары | қорытынды | - | ІІМ |
20. | Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат | лицензия | - | ЭГТРМ |
21. | Тарифтік квоталар шеңберінде өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлері* | лицензия | тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қажет болған жағдайда | СИМ |
22. | Оларға қатысты автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың жекелеген түрлері** | рұқсат | - | СИМ |
23. | Оларға қатысты орталық мемлекеттік органдар рұқсат беру тәртібін енгізу туралы шешім қабылдаған тауарлардың жекелеген түрлері*** |
лицензия/ | - | тиісті мемлекеттік органдар |
24. | Зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар | |||
1) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары |
лицензия/ | - | АШМ | |
2) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар |
лицензия/ | - | ЭТРМ | |
| Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия | |||
1) сандық шектеулер (квоталар) белгіленген жекелеген тауарлар түрлері **** | бір мәртелік лицензия | - | орталық мемлекеттік органдар | |
2) айрықша құқық белгіленген жекелеген тауарлар түрлері ***** | айрықша лицензия | - | орталық мемлекеттік органдар | |
3) бас лицензия берілетін жекелеген тауарлар түрлері ****** | бас лицензия | - | орталық мемлекеттік органдар |
Ескертпелер:
Экспорты және (немесе) импорты рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың атаулары, кодтары және орталық мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының түрлері "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
* Тарифтік квоталар белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың актілерімен немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
** Автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен және (немесе) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
*** Рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.
**** Сандық шектеулер (квоталар) белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.
***** Айрықша құқық берілген тауарлардың атаулары мен кодтарын, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес тиісті орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде бекітеді.
****** Орталық мемлекеттік органдар бас лицензия беретін тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен айқындалады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ескерту. Ескертпелер жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2023 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат);
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 1919 қаулысының
1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 474-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшаның он үшінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1094-құжат);
4. "Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 370-құжат).