Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 43-жол алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 874-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);».
3. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 603-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшада:
«Екінші балаға төленетін ай сайынғы әлеуметік төлемнің мөлшері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші балаға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері».
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін түзету орталығы», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) бірігу арқылы қайта ұйымдастырылсын.»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) ұйымды денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу құқығына аккредиттеу;»;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы ұйымдар мен олардың ведомстволарының тізбесінде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Республикалық санитариялық авиация орталығы.»;
«2. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь.»;
қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң «Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің байқау кеңесі бар «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесі бар «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.».