Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысымен  
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң
шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамында:
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері (келісім бойынша)»;
      2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
      1-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарының орындалуын жалпы бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздеген жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;».
      3. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      144-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды.».
      4. «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат):
      2-1-тармақ алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсымен:
      «3. Нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуге міндетті.
      Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.»;
      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша;»
      7-тармақ алып тасталсын;
      11-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл кезеңде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүргізу мерзімі әзірлеуші мемлекеттік орган пысықталған заң жобасын қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне ұсынған кезден бастап кемінде екі жұмыс күнін құрауға және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобасын Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне заң жобасының соңғы нұсқасын ұсынуы қажет.»;
      28-тармақта:
      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қойылған проблемалы мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау;»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау жөнінде шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті.».
      5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қатысуымен шетелде өткізілетін талқылауларға бастамашылық жасалған кезде талқылау нысанасы болып табылатын мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган халықаралық төреліктер мен шетелдік соттардағы талқылаулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін хабардар етеді.»;
      37-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      50-тармақта:
      2) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
      9) тармақша алып тасталсын;
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.»;
      82-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
      85-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.»;
      89-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама міндетті түрде жүргізіледі. Бұл ретте қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.»
      90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).»;
      95-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.»;
      көрсетілген Регламентке 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері».
      реттік нөмірлер 9, 10, 11, 12-жолдар цифрлардан кейін «**» деген символдармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «** «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда.».
      6. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жұмыс тобын құру. Жұмыс тобының құрамына міндетті түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің, белгілі бір құқық саласындағы тиісті ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері енгізіледі, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын және ғылымның тиісті салаларының ғалымдарын тарту ұсынылады;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын орындау үшін Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды ескере отырып әзірлейді.»;
      19-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заң жобаларын қарауға және келісуге енгізген кезде олармен бір мезгілде «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің заң жобаларының тұжырымдамалары мен мәтіндерін әзірлеуге қатысқанын растайтын қорытындысы енгізіледі.».
      7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі.».
      8. «Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 326-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі – нормативтік құқықтық актілер) ресімдеу және келісу тәртібін айқындайды.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұрын қабылданған актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің тақырыбына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне, нысанына сілтеме (көрсетілген кезектілікпен) қамтылуға тиіс.».
      9. «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      10. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар»;
      1-1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкерлеріне»;
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      Республикалық мемлекеттік мекемелердің 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі.».
      11. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Заңнама институты».
      12. «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 83-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлік беріле отырып, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.».
      13. «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 729-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық мониторингін жүргізу қағидасында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған құқықтық нормативтік актілерге қатысты уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.»;
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі жүргізген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсынады.
      Әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсыну және оларды зерделеу тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындайды.»;
      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;»;
      21-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) ведомство басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары өздері әзірлеген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары бойынша тіркелімдерді жүргізеді.»;
      26-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқықтық мониторингтеуге жататын Қазақстан Республикасы министрлерінің және мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомство басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу тізілімі) қағаз түрінде жүргізіледі.»;
      14. «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      «1. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімнің 4-бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасындағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 3-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту» деген бөлімінің 4-бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 7-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 11-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 13-жолдағы «ҚР ЗШИ» деген аббревиатура «ҚР ЗИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпеде:
      «ҚР ЗШИ – «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ» деген сөздер «ҚР ЗИ – «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат):
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;»;
      3-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;».
      16. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 қаулысында:
      «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      055 «Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қызметін қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
      1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «055 «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету».
      17. «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-р өкіміне:
      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заң жобалары ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу;»;
      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын сындарлы, оның ішінде заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және өзге де сараптамалар жүргізуді жүзеге асыратын сарапшыларды тарта отырып талқылау;».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысымен   
      бекiтiлген      

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар):
      1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрi – нормативтiк құқықтық актiлер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын талаптарды;
      3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;
      4) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;
      5) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудi;
      6) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттiк құпияларды қамтитын актiлердi қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиіс.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы сауалдарын орталық органдар, олардың ведомстволары және жергiлiктi органдар мұндай сауал түскен кезден бастап екi апта iшiнде орындайды.
      4. Орталық органдардың және олардың ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн – аумақтық әдiлет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi органдардың жергiлiктi бюджеттердi бекiту және нақтылау, әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      6. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу:
      1) мынадай:
      құқық нормаларының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi тұрғысынан;
      актiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне заң сараптамасын;
      2) орталық органның және оның ведомствосының нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органның–аумақтық әдiлет органы басшысының бекiтуiн;
      3) нормативтiк құқықтық актiге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, оны Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзуді;
      4) негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қоюды, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қоюды. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;
      5) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң:
      бiр данасын (төлнұсқалары) нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған органға;
      екiншi және үшiншi даналарын Республикалық құқықтық ақпарат орталығына (бұл тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды) жiберуді қамтиды;
      нормативтiк құқықтық актiнiң төртiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық актi азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).
      7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, осы орган басқармасының отырысында осы актiлер қабылданған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма күннiң iшiнде ұсынылатын нормативтiк құқықтық актiлерiн қоспағанда, орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына бекiтiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi төлнұсқаларын (түпнұсқа мәтiндерiн) қоса алғанда, электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған төрт данада ұсынылады.
      Егер нормативтiк құқықтық актiнi екi және одан да көп мемлекеттiк орган бiрлескен актімен қабылдаған жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк органдар саны бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалар (түпнұсқа мәтiндерiн) қосымша ұсынады.
      Нормативтiк құқықтық актi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген (бекiтiлген) жағдайда, нормативтiк құқықтық акті мемлекеттiк тiркеуге мүдделi мемлекеттiк органдардың соңғысы келiскен (бекiткен) күннен бастап екi апта iшiнде ұсынылады.
      Орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.
      Тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынылған жағдайда, ол тиiстi орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне жатады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ұсынылады.
      Бұл ретте, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiге қайталама сараптамалық қорытындының көшiрмесi қоса берiледi.
      9. Нормативтiк құқықтық актiге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде анықтама-негiздеме қоса берiледi және мыналарды:
      1) нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк органның атауын;
      2) нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негiздемесiн (органның құзыретi);
      3) нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және актi неге байланысты қабылданды);
      4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзiрлеу туралы мәлiметтердi;
      5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актiлердiң деректемелерiн көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтердi;
      6) осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейтiндiгi;
      7) нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтердi;
      8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәлiметтердi;
      9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн) қамтуға тиiс.
      Қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам не осы актiнi шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.
      Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған жағдайда, қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге оны мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам не осы актiнi шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.
      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмше басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.

4. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын талаптар

      10. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актi мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау рәсiмiнiң сақталуы:
      алқалы (сайланбалы) орган үшiн – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;
      орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган үшiн – бiрiншi басшының не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамның қолының болуы;
      2) қолданыстағы заңнамаға:
      Қазақстан Республикасының Конституциясына;
      Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдарға;
      Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасының кодекстерiне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулыларына;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларына;
      орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;
      3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актiні келiсудiң болуы;
      4) нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелерiнiң болуы:
      5) негiзгi нормативтiк құқықтық актiде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын нормалардың болуы;
      6) нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;
      7) нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнің мазмұндалу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;
      8) егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған болса, қосымшалардың болуы;
      9) нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, соның iшiнде қосымшалардағы мәтiндерiнiң де сәйкес келуi;
      10) нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына осы актiнi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметi басшысының, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адамның не заң қызметiнің басшысын алмастыратын адамның әрбiр парағына қол қоюы жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, әрбiр параққа қол қоюды осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам жүргiзедi.
      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, әрбiр параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам жүргiзедi;
      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiге сараптамалық қорытынды көшiрмесiнiң болуы;
      12) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылар көшiрмесiнiң болуы.
      Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, iлеспе хатта сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiне дәлелдi негiздеме келтiредi.
      11. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкес келуiн нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган қамтамасыз етедi.

5. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу

      12. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      13. Тiзiлiмде мемлекеттiк тiркеу күнi, берiлген мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актiнiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау, нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар, нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.

6. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi

      14. Егер нормативтiк құқықтық актiлер:
      1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрсе;
      2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзса;
      3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
      4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнiң шегiнен тыс болса;
      5) мүдделi органдармен келiсiлмесе;
      6) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғаса және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi ұсынған сараптамалық қорытындылар түрiндегi қосымшалары болмаса;
      7) мемлекеттiк тiркеу қағидаларында белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу мен келiсу тәртiбiн бұза отырып қабылданса, мұндай актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылады.
      Бас тарту туралы нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланып, бас тартудың негiздерi көрсетiледі.
      Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (көшiрмесi) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органында қалады.
      Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
      15. Мынадай талаптар сақталмаған жағдайда, нормативтiк құқықтық актi қаралмай бiр жұмыс күнi iшiнде әзiрлеушi мемлекеттiк органға керi қайтарылады:
      1) нормативтiк құқықтық актiде Заңның 17-бабында көрсетiлген деректемелердiң бiреуiнiң болмауы;
      2) нормативтiк құқықтық актiнi елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқасын (түпнұсқа мәтiндерiн) қоса алғанда төрт данада ұсынбау;
      3) нормативтiк құқықтық актiге мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi анықтама-негiздеменiң қоса берiлмеуi;
      4) қоса берiлген анықтама-негiздеменiң осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуi;
      5) нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына қол қою жүргiзiлмеуi;
      6) бiрiншi басшы болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамға тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжат көшiрмесiнiң болмауы.
      Бұл жағдайда орталық орган, оның ведомствосы немесе жергiлiктi орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген мерзiм сақталған кезде оны қайта бекiтпей мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынады.
      16. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден бас тартуды алған күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық орган, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы тиiстi акт шығарады және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.
      Бұл тәртiп алқалы түрде шешiм қабылдайтын орталық органдарға және кезектi (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекiткен күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы актiнi ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.
      Егер нормативтiк құқықтық акт бiрлескен актiмен қабылданса және оны тiркеуден бас тартылса, нормативтiк құқықтық актiнi бiрлесе отырып қабылдаған мемлекеттiк органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқарушы адамдар нормативтiк құқықтық актiнi жою туралы бiрлескен актi шығарады.
      17. Пысықтау мақсатында әзiрлеушi мемлекеттiк орган өзiнiң бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден кері қайтарып алуы мүмкiн.
      Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден кері қайтарып алу әзiрлеушi мемлекеттiк орган хатының негiзiнде жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiнi қайтаратын әзiрлеушi мемлекеттiк органның хаты әдiлет органдарына келiп түскеннен кейiн, осы нормативтiк құқықтық акт хаттың келiп түскен күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әзiрлеушi мемлекеттiк органға тиiстi хатпен қайтарылады.
      Хатты алған күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам мемлекеттiк тiркеуден қайтарылған нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы тиiстi акт шығарады және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.

7. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енгiзілуі

      18. Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне енуi үшiн қажеттi шарт болып табылады.
      Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық күшi болмайды.
      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгiзiледi.
      Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қажеттi мерзiмдер негізге алына отырып белгiленуге тиiс.
      Нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс.
      20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты оларды ресми жариялау болып табылады.
      21. Нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау және жiберу кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн көрсету мiндеттi болып табылады.
      Орталық органдардың, оның ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

8. Тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын
тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртiбi

      22. Нормативтiк құқықтық актiнi күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актiнi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздерiне хабарлайды.
      Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды не тоқтатылды деп оларды бiрлесе қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергiлiктi органдар таниды.
      Бұл тәртiп өзге мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қабылданған актiлерге де қолданылады.
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасайды.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру бөлек нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады.
      23. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығы берiлген мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығымен бiрге өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.