Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң
шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері (келісім бойынша)";

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      3. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      144-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

       5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қатысуымен шетелде өткізілетін талқылауларға бастамашылық жасалған кезде талқылау нысанасы болып табылатын мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган халықаралық төреліктер мен шетелдік соттардағы талқылаулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін хабардар етеді.";

       37-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

       50-тармақта:

       2) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;

       9) тармақша алып тасталсын;

       81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

       82-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;

       85-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.";

       89-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама міндетті түрде жүргізіледі. Бұл ретте қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс."

       90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).";

      95-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.";

      көрсетілген Регламентке 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері".

      реттік нөмірлер 9, 10, 11, 12-жолдар цифрлардан кейін "**" деген символдармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "** "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда.".

      6. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі.".

      8. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Заңнама институты".

      12. "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 83-құжат):

       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлік беріле отырып, "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.".

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен.

      14. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      "1. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімнің 4-бағанында:

      реттік нөмірі 1-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасындағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 3-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту" деген бөлімінің 4-бағанында:

      реттік нөмірі 1-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 5-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 7-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 8-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 10-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 11-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолдағы "ҚР ЗШИ" деген аббревиатура "ҚР ЗИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      "ҚР ЗШИ – "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ММ" деген сөздер "ҚР ЗИ – "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ММ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат):

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы";

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.";

       2-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;";

       3-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;".

      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 223 қаулысымен.

      17. "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-р өкіміне:

       1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң жобалары ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу;";

       2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын сындарлы, оның ішінде заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және өзге де сараптамалар жүргізуді жүзеге асыратын сарапшыларды тарта отырып талқылау;".


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1401 қаулысына
қосымша


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысымен
бекiтiлген

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.