"Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 804 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы», ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 804 қаулысымен   
бекітілген      

«Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»
ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға
арналған даму стратегиясы

      Осы «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес әзірленген.
      Стратегия «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӘКК) 2014 - 2023 жылдарға арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсатын, міндеттерін және іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ оның қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін айқындайды.
      Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.
      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
      Стратегия жақындағы 10 жылға миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктерін және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы;
      2) «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы;
      3) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
      4) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы;
      5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;
      6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы;
      7) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;
      8) «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысы;
      9) «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту  және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысы;
      10) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы;
      11) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы;
      12) «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысы;
      13) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысы;
      14) Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 273 шешімімен бекітілген Қызылорда облысын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы.

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      Облыстың жалпы сипаттамасы
      ӘКК өз қызметін Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында (бұдан әрі - облыс) жүзеге асырады. Облыс Қазақстанның оңтүстігінде Тұран ойпатының шегінде орналасқан, шығысында Қаратау жотасының сілемі, солтүстік-батысында Арал маңындағы Қарақұм құмы, оңтүстік-батысында - Қызылқұм құмы орналасқан.
      Облыс орталығы - Қызылорда қаласы, республикадағы ең көне қалалардың бірі, құрылғанына 190 жылдан асқан. Ең солтүстігінде және ең оңтүстігінде орналасқан учаскелер арасындағы қашықтық тігінен 1000 км астамды құрайды.
      Қызылорда облысының ауданы 226,0 мың шаршы километрді (бұдан  әрі-мың шаршы км) құрайды. Облыс халқы (2014 жылғы 1 қаңтардағы алдын ала деректер бойынша) - 739,8 мың адам немесе Қазақстан Республикасындағы халық санының 4,3 %-ы.

      Қызылорда облысындағы экономикалық ахуалды бағалау
      Облыста қомақты ресурстар бар, олар оның бәсекелік бірегей артықшылықтарының әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл еңбек етуге қабілетті саны көп тұрғындар, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек етуге қабілетті тұрғындар саны жалпы халық санының 47,7 %-ын құрады. Облыс аграрлық-индустриялық өңір болып табылады, айтарлықтай экономикалық әлеуеті мен табиғи ресурстары бар. Мұнай-газ саласы, уран өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы дамып келеді. Бұдан бұрын өңірлік жалпы өнімде (бұдан әрі - ЖӨӨ) индустриялық өнім бар болғаны 3 %-ды құраса, қазіргі уақытта - 49,4 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығының үлесі -3 % шегінде. Әдетте, облыс күріш өсіруде көшбасшы болып табылады - өңір республикада өсірілетін күріштің 90 %-ын өндіреді.
      Облыста мұнайды, газды, полиметалл кендерін, уранды, тұзды қоса алғанда, минералды ресурстардың кен орындары бар. Қорғасын, мырыш, кадмий, германий, алтын, күміс, селен, темір, қоңыр көмір, жанатын тақтатас, қоңыр теміртас, фосфорит, молибден-ванадий және цирконий-титан кендерінің қорлары анықталды. Бұдан басқа, бейметалл пайдалы қазбалар кеңінен таралған, кірпіш саздағы, керамзит шикізаты, құм-қиыршықтас материалы, құрылыс және силикат бұйымдарына арналған құм, құрылыс тастары, әк шығаруға арналған әктастар.
      Шикізат емес сектор саласында йодталған аспаздық тұз, полиэтилен құбырларын және темір-бетон бұйымдарын шығаратын өндірістер тұрақты жұмыс істейді. Перспективада шыны, мұнай өңдеу, цемент және әктас зауыттарын, кен байыту комбинатын және т.б. салу жоспарланып отыр.
      Қолда бар транзит әлеуеті облыс аумағының Азия өңірін, Таяу және Орта Шығыс пен Еуропаны өзара байланыстыратын жолдардың (авиация, теміржол және автомобиль) қиылысында экономикалық тұрғыдан ыңғайлы орналасуынан көрінеді. Туристік әлеуетті дамыту үшін жұмыс істеп тұрған курорттық-рекреациялық аймақтарға, атаулы күндер мен оқиғаларға бай тарих-сәулет ескерткіштеріне негізделген орасан зор мүмкіндіктер бар.
      Облыстың географиялық орналасуы, табиғи-ресурстық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті еліміздің оңтүстік бөлігіндегі логистикалық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
      Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Үкіметтің қатысуымен «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» көлік магистралінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ол облыстың барлық 7 (жеті) ауданы мен Қызылорда қаласын қамтиды. Облыс аумағы арқылы ұзындығы 812 км трасса өтеді, оның құны 184 млрд. теңгені құрайды.
      2004 - 2012 жылдары жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі - ЖӨӨ) 1-кестеге сәйкес оң өсу үрдісі бар. 2012 жылдың осындай кезеңіне қатысты 2013 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖӨӨ мәні 19 %-ға өсті. ЖӨӨ-нің өсуіне құрылыстағы -70 %, өңдеуші өнеркәсіптегі - 35 %, саудадағы - 28 % өсу қарқынының жоғары болуы ықпал етті.

      1-кесте

 

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) құрылымындағы ЖӨӨ үлесінің соңғы жылдардағы серпіні түзу және 2012 жылғы жағдай бойынша шамамен 4 %-ды құрайды.

      2-кесте

      Қызылорда облысы экономикасының құрылымын талдау
      Облыс экономикасының құрылымында ресурстық бағытталу айқын көрінеді, пайдалы қазбаларды өндірудің үлес салмағы қомақты. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі әлі де мейлінше төмен.
      Облыстың ағымдағы даму кезеңінде ЖӨӨ негізгі көлемін қамтамасыз ететін экономикалық қызметтің басты түрі шикі мұнай мен табиғи газ өндіру болып табылады, оның үлесіне 2008 - 2012 жылдары өндірілген ЖӨӨ-нің қомақты бөлігі тиесілі.
      Облыс өнеркәсібінің 2013 жылғы құрылымын мынадай салалармен көрсетуге болады: кен өндіру, энергетика, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және өңдеуші өнеркәсіп салалары - жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі, қағаз және қағаз бұйымдарының өндірісі, жазып алынған материалдарды басып шығару және шығару, кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, машина жасау және металл өңдеу, химия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату, жиһаз өндірісі және құрылыс материалдарының өндірісі.
      Облыс өнеркәсібінің құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 92,9 %-ды, өңдеуші өнеркәсіп - 4,8 %-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау - 1,8 %-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау - 0,5 %-ды құрайды.

      Қызылорда облысы экономикасының басым салаларының жай-күйін бағалау
      Агроөнеркәсіптік кешен
      Ауыл шаруашылығы
      2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 48 253,4 млн. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 99,5 %-ды құрады.

      3-кесте

      Өсімдік шаруашылығы
      2013 жылы Қызылорда облысы шаруашылықтарының барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 157,5 мың га орналасқан, оның ішінде 79,3 мың га - дәнді дақылдар, 54,3 мың га - жем-шөп, 21,8 мың га - картоп, көкөніс,бақша дақылдары және 1,9 мың га майлы дақылдар. Негізгі дақыл - күріш егістігі 75,6 мың га орналастырылды.
      Суаратын суды тиімді пайдалану мақсатында облыста тамшылатып суару әдісі пайдаланылады. Тамшылатып суару әдісі пайдаланылған кезде шығымдылық 3 есе артады, ал суаратын судың шығыстары екі есе азаяды.
      Соңғы 4 жылда ресейлік селекция күрішінің 3 сорты аудандастырылды. Тағы 2 сортты (Фитш, Анаит) аудандастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ күріш тұқымын швейцариялық «Селест Топ» фунгицидімен өңдеу тәжірибесі енгізілді, ол күріш тұқымын 2 есе үнемдеуге, жетілудің вегетативтік кезеңін 7-10 күнге азайтуға мүмкіндік береді, ал су жұмсау 5 %-га дейін азаяды.
      Өңірде күріш кластерін дамыту мақсатында 2013 жылы ӘКК Жалағаш элеваторын сатып алып, ӘКК-нің еншілес кәсіпорнын - «Байқоңыр» агрохолдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. Бұл кәсіпорынды құрудағы мақсат облыстың күріш өсіру шаруашылықтарына күріш өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен қосылған құнын жоғарылатуда көмек көрсету болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында «Ауданы 2,2 га кешенді жылыжай салу» жобасы әзірлену сатысында, мұнда көкөністі жабық топырақта өсірудің голландтық технологиясы пайдаланылатын болады. Жобаны іске асыру облыс халқының маусымаралық кезеңде жас көкөніспен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайтады. Жоспар бойынша жыл сайынғы өндіріс 1200 тоннаны құрайды.
      Сондай-ақ, ӘКК «Ауданы 100 га қарқынды үлгідегі алма бағын отырғызу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады. Жоба бойынша бұта тәріздес алма сортының аласа бұталары мен алма көшеттерін тамшылатып суару технологиясы пайдаланылатын болады. 30 жұмыс орнын құрып, жыл сайын шамамен 4 мың тонна алма өсіру жоспарланып отыр.

      Мал шаруашылығы
      Облыс шаруашылықтарының санаттарында 2013 жылы ірі қара мал басы 243,2 мың басты, қой - 416,2 мың басты, ешкі - 204,6 мың басты, жылқы -75,4 мың басты, түйе - 33,4 мыңды құрады.
      Есепті кезеңде 31,4 мың тонна ет, 78,7 мың тонна сүт (сиыр сүті), 7,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
      2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы ІҚМ басы 256,6 мың басқа, қой мен ешкі - 618,4 мың басқа, жылқы - 79,9 мың басқа, түйе - 32,6 мың басқа, құс - 91,2 мың басқа жетті.
      Облыста 23 асыл тұқымды шаруашыльгқ жұмыс істейді, онда 3,6 мың бас ІҚМ, 49,7 мың бас қой, 4 мың бас жылқы және 3,4 мың бас түйе бар. 1 дистрибьюторлық орталық пен 53 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.
      «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамы арқылы жалпы сомасы 537,3 млн. теңгеге 67 шаруашылыққа қаржы берілді, 3014 бас ірі қара мал мен ет бағытындағы 192 бұқа сатып алынады, жоспар 126 %-ға орындалды.
      «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының шеңберінде Қызылорда облысынада 2015 жылға дейін төл шығару шаруашылықтарының 2,7 мың бас асыл тұқымды ірі мал басын, фермер шаруашылықтарының 8,37 мың бас сиыр, бордақылау алаңдары үшін 5 мың бас мал сатып алуы межеленіп отыр.
      Осылайша, ірі қара мал бойынша сүт бағытын да, ет бағытын да дамыту үшін негіз құрылды.
      Сонымен бірге, жем-шөп базасын нығайту жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Бұл үшін 2013 жылы жем-шөп дақылдарының егістігі 3,8 мың гектарға ұлғайтылды, жоңышқаның элиталық тұқымын шығару жөнінде тұқым өсіретін шаруашылық құрылды.
      «Қызылорда Агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге ӘКК 2014 жылы «Қызылорда облысында 500 басқа арналған бордақылау алаңын салу» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба бойынша шетелдік селекцияның ет бағытындағы ірі қара малын сатып алу, бордақылау кешенін, ет өңдеу цехын салу және ет өнімдерін өндіру жоспарланған. Жоспардағы өндіріс - жылына 507 тонна ет. Жоба шеңберінде 30 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
      Шағын Арал теңізінде балық қорларының гендік қорын сақтау мен оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Шағын Арал теңізі мен көлдер қалпына келтірілген соң облыс бойынша балық аулау 400 тоннадан 6 мың тоннаға дейін өсті.
      13 көлді көлдегі-тауарлық балық шаруашылықтарының қатарына ауыстыру үшін Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты ғылыми-биологиялық негіздеме әзірледі, ол экологиялық сараптамадан өтіп жатыр.
      Шағын Арал теңізіндегі гендік қорды сақтау мақсатында балық өсірумен және су тоғандарына жіберумен айналысатын Қамыстыбас балық питомнигі құнды балық түрлерінің 14,2 млн. шабағын өсіріп, Шағын Арал теңізіне және теңізге жақын орналасқан көлдерге жіберді.
      2012 жылы балық саласын дамыту жөніндегі бағдарлама шеңберінде жекелеген көлдер жүйелерін қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 150 млн, теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Арал ауданының «Ақшатау-Сорғақ», «Қызыларық» көлдерінде, Қазалы ауданының «Қаракөл» көлінде, Қызылорда қаласының «Қалғандария-Қызылорда», «Иіркөл-тоған шаруашылығы» көлдерінде, Жаңақорған ауданының «Қалғандария-Ақтас» көлінде және бұрынғы Қызылорда тоған шаруашылығының ауданы 82 га тоғанында мелиоративтік жұмыстар жүргізілді.

      Өнеркәсіптік өндіріс
      2013 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 1,3 трлн. теңгенің өнімін шығарды, бұл өткен жылдың деңгейіне қатысты 121,5 %-ды құрады.
      Кен өндіру өнеркәсібінде және карьер қазуда 1,25 трлн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 121,3 %. Шикі мұнай өндірудің ақшалай мәндегі көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады.
      Өңдеуші өнеркәсіпте 65,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды немесе өткен жылдың деңгейіне қатысты 130,1 %.
      Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауа баптауда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 24,2 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 110,0 %.

      Жер қойнауын пайдалану
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны 101-ді құрады, олардың ішінде 23 компания көмірсутек шикізатын барлаумен және өндірумен, 6-уы қатты пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен, 2-уі емдік балшық өндірумен, 7-уі жерасты суларын барлаумен және өндірумен айналысады, 77 келісімшарттың негізінде 258 кен орнында 63 жер қойнауын пайдаланушы жалпы таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - ЖПҚ) барлаумен және өндірумен айналысады.

      5-кесте

      Құм-қиыршықтас қоспасының кен орнында 20 келісімшарт негізінде барлау мен өндіруді 24 жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді, олардың ішінде 11-і өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін өндіреді, 12-сі коммерциялық мақсаттарда өндіреді, бір жер қойнауын пайдаланушы өндіру сатысына көшу кезеңінде.
      Құмдақ кен орнында 13 келісімшарт негізінде 13 жер қойнауын пайдаланушы барлау мен өндіруді жүргізеді, олардың ішінде 12-сі өндіруді жүргізеді және 1-еуі барлауда.
      Аспаздық тұз кен орнында 3 келісімшарт негізінде 3 жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және өндірумен айналысады.
      Кварц құмының кен орнында 3 келісімшарт негізінде 3 жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және өндірумен айналысады - «Латон Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Фирма Дана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «EURASIA FLOAT GLASS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Құрылыс құмы мен шағыл құм кен орнында 4 келісімшарт негізінде 4 жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және өндірумен айналысады, олардың ішінде 2-уі құрылыс құмын өндіреді және 1-уі шағын құм өндіреді, 1-уі өндіру сатысына көшу кезеңінде.
      Доломиттер мен әктастардан ұсақтас өндірумен айналысатын компаниялар орнықты жұмыс істеп, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолын салу шеңберінде асфальт зауыттарын, темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттарды және құрылыс компанияларын өз өнімімен қамтамасыз етеді.
      Осы пайдалы қазбалардың негізінде облыста 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, атап айтқанда:
      1) «Цемент зауытын салу» жобасы, «Сыр цементі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) «Әк шығару зауытын салу» жобасы, «Шиелі-Тас - Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      ЖПҚ одан әрі өңдеу мақсатында облыстың жер қойнауын пайдаланушылары ұсақтас шығаратын 11 шағын зауыт, темір-бетон бұйымдарын шығаратын 3 шағын зауыт, 10 шағын кірпіш зауытын, 1 қышқылға төзімді киыршықтас шығаратын шағын зауыт, 1 шайылған құм шығаратын шағын зауыт және 1 минералдық ұнтақ шығаратын шағын зауыт құрды.
      2012 жылы ұсақтас өндірісінің көлемі барлығы 2162,2 мың текше метрді, құм-қиыршықтас қоспасы 495,7 мың текше метрді, күйдірілген кірпіш 45 млн. дананы, құрылыс құмы мен шағыл құм 113,0 мың текше метрді құрады.
      Тұжырымдамаға сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жер қойнауын пайдалану жобаларына жер қойнауын пайдалану құқығымен ғана қатысады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың үлесі тәуелсіз нарықтық бағалау жүргізгеннен кейін ғана айқындалуға тиіс.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жалпы таралған пайдалы қазбалардың кен орындары, техногенді минералды түзілімдер, жерасты сулары, сондай-ақ мыс, қорғасын-мырыш, алтын кені, темір-марганец дивизионда және сирек кездесетін металдар мен жерде сирек кездесетін элементтер дивизионы бойынша жер қойнауын пайдаланудың басым құқығына ие «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы үшін қызығушылық тудырмайтын қатты пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын береді.
      Жер қойнауы туралы заңға сәйкес барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай тәсілдермен беріледі:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығына конкурс өткізу жолымен;
      2) конкурс өткізбей, тікелей келіссөздер негізінде.
      Бүгінгі күнге дейін бизнес өкілдері үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен ынтымақтастық « пайдалы қазбаларды игерудің ең басты тетіктерінің бірі ретінде болды, өйткені жер қойнауын пайдалану құқығын ашық конкурс арқылы алуға мораторий қолданылды. Ұлттық компания ретінде ӘКК-де жер қойнауын пайдалану құқықтарын тікелей келіссөздер негізінде алу артықшылығы болды.
      Осылайша, ӘКК жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаларға жер қойнауын пайдалану құқығымен қатысып, бұл ретте өзінің жер қойнауын пайдалану құқығының нарықтық бағасына сәйкес жобадан қомақты үлес алып отырды.
      Алайда, қазіргі уақытта жоғарыда аталған мораторий алып тасталды және бизнес өкілдерінде жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-жобаны іске асырудың ӘКК-мен ынтымақтастықтан гөрі неғұрлым тиімдірек схемасы бар, яғни, ашық конкурсқа қатысып, өздерінің 100 %-ын сақтап қалады. Әрине, конкурста уақыт шығасылары мен рәсімдік тәуекелдер болуы мүмкін, дегенмен, бұған қарамастан конкурс арқылы өтетін жолдың қаржылай пайда әкелуі жер қойнауын пайдалану субъектілері үшін неғұрлым тартымды болып көрінеді. Бүгінде ӘКК-де пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру бойынша инвесторларға ұсынатын шын мәніндегі өзара пайдалы ұсыныстар жоқтың қасы, өйткені ол жобаларға жер қойнауын пайдалану құқығымен ғана қатысуға құқылы. Жалғыз ұсыныс - бұл құқықтар беру. түріндегі өзі көрсететін қызметтердің бәсекеге қабілетті бағалары.
      Тұжырымдамаға сәйкес ӘКК инвестициялық қызметінің түйінді қағидаты - бұл бәсекелестікті жасамай жобаларды бизнеспен ынтымақтастықта іске асыру. Осылайша, егер жер қойнауын пайдалану саласында бизнес құрылымдарға бизнесті ӘКК-нің қатысуынсыз жүргізу неғұрлым тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы болса, онда олар қажетсіз бәсекелестікті жасамай, мұндай дамуға жәрдем көрсетуге тиіс.
      Баяндалғанды негізге ала отырып және ӘКК қызметі өз өңірі үшін тиісті аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған экономиканың басым салаларындағы перспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыруға бағытталғанын ескере отырып, бүгінгі таңда экономиканың қаралып отырған секторы ӘКК үшін басым болып табылмайды деп пайымдаймыз.

      Шағын және орта бизнесті дамыту
      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (статистикалық тіркелім деректері бойынша) облыста 5084 шағын бизнес субъектісі (заңды тұлғалар) тіркелген, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағыдан 9,3 %-ға артық.
      Бұл ретте тіркелгендердің ішінен кәсіпорындардың 62,9 %-ы (3196 бірлік) жұмыс істеп тұрды, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырды немесе әлеуетті түрде жүзеге асыра алатын болды, 2106 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандардың қатарынан 65,9 %-ы) белсенді болды, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 11,9 %-ға өсті.
      Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 0,09 %-ға өсіп, есепті кезеңде 100,9 млрд. теңгені құрады.
      Қазақстан халқының санында облыс халқының үлесі 4 %-дан артық, ал шағын және орта бизнес өнімдерінің көлемі бойынша оның үлес салмағы бар болғаны 2,8 %.
      Кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай-кредиттік қолдау кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
      Облыста шағын және орта бизнес субъектілерін (бұдан әрі - ШОБ субъектілері) қаржылай-кредиттік қолдау екінші деңгейдегі банктердің филиалдары, «Аграрлық кредиттік корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, микрокредиттік және басқа да кредиттік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде іске асырыла бастағаннан бері жалпы сомасы 12 млрд. теңгеден асатын 150 жоба мақұлданды, олардың ішінде 138 жоба субсидияланады.
      2012 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде Қызылорда облысының шағын және орта бизнес субъектілері жалпы сомасы 1975 млн. теңгеге 12 жобаны іске асырды, 129 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 20 млн. теңге 1 жоба іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны құрылды.
      Индустрияландыру картасының шеңберінде ӘКК «Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге жалпы сомасы 280,0 млн. теңге «Қуаты тәулігіне 80 тонна болатын құрама жем зауытын салу» инвестициялық жобасын іске асыруда («Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), 60 жұмыс орны құрылмақ. Зауытты пайдалануға беру 2014 жылға жоспарланған.
      Индустрияландыру картасынан тыс облыста жалпы құны 6 млрд. теңгеден асатын 18 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Қызылорда қаласында цемент зауытын салу, полиэтилен құбырларының өндірісі, көлік-логистика орталығы жобалары және басқалары бар.
      Кәсіпкерлікті және жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы Қызылорда облысына 1897,1 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
      1) кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға - 294,3 млн. теңге;
      2) валюталық кредиттері бар кәсіпкерлерді қолдауға - 51,2 млн.теңге;
      3) кредиттерге ішінара кепілдік беруге - 48,0 млн. теңге;
      4) бизнеске сервистік қызметтер көрсетуге - 50,0 млн. теңге;
      5) өндірістік инфрақұрылымды дамытуға- 1453,6 млн. теңге.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында 2013 жылдың басынан бері 1499,5 млн. теңгеден астам сомаға 44 жоба мақұлданды.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде Қызылорда облысында ісін жаңадан бастаған кэсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар) («Бизнес-Кеңесші жобасы»), жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау («Бизнес-Кеңесші-2 жобасы»), жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жүзеге асырылады. Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату («Іскерлік байланыстар» жобасы) жолымен шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту, өндірістерді жаңғырту және кеңейту жүргізіледі, бұл жобаның операторы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
      «Қызылорда қаласында өнеркәсіптік алаң құру» және «Қызылорда қаласында индустриялық аймақ құру» жобалары бойынша қажетті инфрақұрылым жеткізу жұмыстары жүргізілді.
      Қазіргі уақытта қағаз бұйымдарын шығару, жылыжай, «Алтын құм» демалыс аймағын салу жөніндегі жобаларға инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстары аяқталды, «Қамбаш» демалыс орталығын, «Қорқыт ата» мемориалы бар кешенде тәу ету орталығын салу шеңберіндегі жобаларға инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстары жүргізілуде, өнеркәсіптік алаңды «Қызылорда — Жалағаш» трассасымен қосатын айналма жол салу басталды.
      Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары ШОБ субъектілеріне 15 млрд. теңгеден астам сомаға кредит берді.
      Ауылдық кредиттік серіктестіктер 941,2 млн. теңге сомасына 363 жобаны қаржыландырды, «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 193,4 млн. теңге сомасына 235 жоба қаржыландырылды.
      Микрокредиттік ұйымдар 3,6 млрд. теңге кредит қаражатын берді.

      Көлік
      Жүк тасымалының көлемі 106135,3 мың тонна жүкті құрады. Осы кезеңдегі жүк айналымы 14106,3 млн. ткм құрады.
      Облыс автокөлігі 251316,5 мың жолаушыны тасымалдады. Жолаушы айналымы 4594,6 млн. жкм құрады.

      Туризм
      Туристік елдер мен өңірлерде туризм ЖІӨ-нің 10 және одан астам пайызын беретіні белгілі, ал Қазақстанда - 1 %-дан кем.
      Облыста аңызға айналған көптеген ұшырулар жүргізілген әлемдегі аса ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың және туризмді Қызылорда облысы мамандануының маңызды саласы ретінде дамытудың бірегей мүмкіндігі бар, оның облыс ЖӨӨ-не үлесі 10 және одан астам пайыз болмақ.
      Әлемде әзірге осыған ұқсас екі-ақ жер бар - АКДІ-тағы Канаверал мүйісі, одан америкалық ғарыш аппараттары ұшырылған кезде миллиондаған адамдар барып тамашалайды, және Байқоңыр, туристік инфрақұрылымның болмауына және осы бір маңызды істің тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты оған жүз шақты адам ғана барады.
      Арал ауданының «Қамыстыбас» демалыс базасы, сондай-ақ «Қорқыт ата» мемориалдық кешені Қызылорда облысының негізгі туристік объектілері болып табылады.
      Бұдан басқа, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы осы көлік дәлізінің бойынан қонақ үй кешендері мен мейманханалар салу жөніндегі жобаларға қатысу үшін ӘКК алдында перспективалы мүмкіндіктер ашады.

      Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі
      Жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға құрылыс саласының қосқан үлесі 2012 жылы 6,2 % болды. 2012 жылы өңірдегі құрылыс индустриясы өнімдерінің өндірісі заттай мәнде мынадай болды:
      1) табиғи құм - 163,2 мың текше метр;
      2) терезелер мен олардың жақтаулары, есіктер мен олардың ағаштан жасалған жақтаулары - 20,2 мың шаршы метр;
      3) құбырлар, түтікшелер, түтіктер мен шлангтер және олардың пластмассадан жасалған фитингтері - 525 144 кг;
      4) керамикалық, отқа төзімсіз кірпіш - 22,1 мың текше метр;
      5) бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары - 130 846 тонна;
      6) тауарлық бетон - 15 182 тонна;
      7) өңделген тас - 4201,04 тонна.
      Облыста бар табиғи шикізат ресурстарының базасы заманауи құрылыс материалдары мен бұйымдардың мол ассортиментін шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді.
      2014 жылы облыста қуаты жылына 148 мың тонна болатын табақ шыны шығару зауытын салу және пайдалануға беру жоспарланған. Табақ шыны жасау үшін негізгі шикізат түрлері кварц құмы, доломит, әктас, кальцийлендірілген сода болмақ. Қытайлық инвесторлар шақырылып, шамамен 500 жұмыс орны құрылады.
      Жобада негізгі технологиялық тораптарда еуропалық жабдықтарды пайдалану көзделген, қосалқы жабдықтарды қытайлық өнім берушілер жеткізеді.
      Сонымен бірге, соңғы жылдары Қызылорда облысында құрылыс материалдарын шығару жөніндегі мейлінше дамыған база қалыптасып келе жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, темір-бетон бұйымдары мен тауарлық бетон шығаруға 6 кәсіпорын маманданған, битумның әрқилы түрін шығару жөніндегі кәсіпорын, асфальт-бетон зауыты орнықты жұмыс істейді.
      Дегенмен, кірпіш, шыны, есік, құбыр, тас сияқты құрылыс материалдарының бір бөлігі Қызылорда облысына сырттан әкелінеді. Өзіндік өндіріс есебінен ішкі нарық құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен шамамен 50 %-ға қамтамасыз етіледі. Ішкі сұраныстың жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты бұл үлесті мейлінше жоғарылату туралы мәселе қаралып жатыр.
      Облыста тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік-тұрмыстық құрылысты еселеу қажет, мұның өзі заманауи құрылыс индустриясының қарқынын тиісінше үдетуді талап етеді. Қызылорда облысында шағын қабатты үйлерді жаппай салу үшін панельдер мен толығымен зауытта әзірленетін басқа да бөлшектерді жоғары механикаландырылған түрде шығару мәселесі пысықталып жатыр.
      Құрылыстың межеленген көлемін, оның ішінде Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға транзиттік теміржол төсеу көлемін ескере отырып, келешекте Қызылорда облысының аумағы арқылы мұнай құбыры мен газ құбырын төсеп, қуатты айдау станцияларын салудың өзі 2020 жылға қарай құрылыс материалдарын өндіру көлемін ұлғайтуды талап етеді.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылы жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдардың өндірісі 102,33 млн. теңгені, қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі - 176,6 млн. теңгені, жиһаз өндірісі - 64,66 млн. теңгені құрады. Қызылорда облысы бойынша өнеркәсіптік өнімнің іс жүзіндегі көлемінің индексі 2012 жылға қатысты 2013 жылы 100,1-ді құрады.

      Жеңіл өнеркәсіп
      Жеңіл өнеркәсіп - бұл экономиканың көпбейінді инвестициялық тартымды секторы. Сапалы өнім шығаратын болса, бұл сектор кәсіпорындарының орнықты өткізу нарығы бар, жоғары, жылына екі-үш рет айналымды және салынған ресурстардың тиімділігін, өңіраралық және салааралық ауқымды кооперацияны қамтамасыз ете алады. Сектордағы инновациялық әлеует те қомақты, өйткені дамыған елдерде бүгінгі күннің өзінде өндірістік технологиялар мен жабдықтардың түр-түрі бар,  әрі олар ұдайы жетілдіріліп отырады.
      Қазіргі уақытта облыстың жеңіл өнеркәсібі өз азаматтарының қажеттілігін шамамен 1 %-ға қанағаттандырады. Онда шағын және орта бизнес кәсіпорындары әрекет етеді, мысалы, «Озық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сұлтан Сүйрік» тігін фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қызылорда СКҚ ОӨК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Олардың бірі өнеркәсіптік компаниялар үшін арнайы киім-кешек тігумен айналысады, тағы біреуі төсек-орын жабдығын, ұлттық костюмдер тігеді. Бұл ретте осы өнімдерге деген сұраныстың басым бөлігі импорттық тауарлар есебінен қамтамасыз етіледі.
      Облыста меншікті жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында ӘКК өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды (оның ішінде, тері-былғары шикізатын, жүн өңдеу) дамытып, қосылған құны жоғары өнім шығаруды жоспарлап отыр.
      ӘКК кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін сервистік-дайындау орталықтарының желісін құру және кеңейту жоспарланған.

      Экономика салаларының даму болжамы және олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпалы
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі ЖӨӨ өсу қарқьшы 106 %-ды құрады.
      2013 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 1348,0 млрд. теңгеге өнім шығарды немесе 2012 жылға қатысты 121,5 %-ды құрады.
      Мұнай өңдеу өнімдерінің, өзге де бейметалл минералдық өнімдердің, химия өнеркәсібі өнімдерінің, тамақ өнімдерінің көлемін ұлғайту есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің өткен жылға қатысты 30 %-ға өсуі қамтамасыз етілді (65,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді).
      Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауа баптауда өнеркәсіптік өнім көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 24,2 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылға қатысты 110,0 %.
      Сонымен қатар, мұнай қорының сарқылуына және ірі мұнай операторларының жұмыс істеп тұрған ұңғымаларын су басуына байланысты шикі мұнай өндіру көлемі төмендеп барады. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10,6 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 97,3 %.
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжамды деректері бойынша 2014 жылы нақты ЖІӨ өсуі - 6%.
      ЖІӨ өсуі ішінара ЖӨӨ өсуінің есебінен қамтамасыз етілетін болады. Аталған салалардың ЖӨӨ-ге қосар үлесінің ұлғаюы кірістердің артуына және экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге ықпал етеді, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылатуға септігін тигізеді. Өндіріс көлемдерінің ұлғаюы бюджетке түсетін түсімдерді де арттырады, мұның өзі мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландырудың өсуіне алып келеді.
      Осылайша, көрсетілген салаларды дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен облыс халқының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді.

      Экспорттық әлеуетті бағалау
      Облыс экономикасын дамытудағы кешенді тәсіл тұрғындардың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуін, ішкі нарықты қазақстандық қамтуы жоғары тауарлармен толықтыруды және осы өңірге тән эксклюзивті өнім шығару есебінен экспорттық құрамдасты қарқынды дамытуды ескеретін өңірді теңгерімді дамытуға негізделуге тиіс.
      Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық шаралар тұтастай алған республикада да, оның ішінде облыста да АӨК-тің тиімді жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
      Өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті өнім шығаруды және өңірді ауыл шаруашылығы саласының экспорттаушысына айналдыруды бірқатар өңірлік проблемаларды шешуден бастау қажет:
      1) жұмыс істеп тұрған кластерлерге (астық, тамақ және т.б.) қосымша жаңа кластерлер қалыптастыру;
      2) бағдарламаларды қаржыландыру көздерін айқындау, мемлекет бөлетін ақша қаражатын пайдаланудың ашықтығына қол жеткізу;
      3) мал тұқымын жақсарту, сапалы жем-шөп пайдалану, ветеринариялық жұмыстың деңгейін жоғарылату және т.б. есебінен жеке қожалықтардың мал шаруашылығы секторын жандандыру жөнінде бағдарлама әзірлеу;
      4) сатып алу-өткізу жүйесінің жұмыс істеуін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу;
      5) заманауи технологиялар негізінде қайталама шикізатты қайта өңдеу жөніндегі өндірістер жүйесін құру;
      6) АӨК-тің экспорттық әлеуетін анықтау мақсатында оны әртараптандыру басымдықтарын айқындау.
      Қызылорда облысында мұнайды, газды, полиметалл кендерін, уранды, тұзды қоса алғанда, минералды ресурстардың кен орындары бар. Қорғасын, мырыш, кадмий, германий, алтын, күміс, селен, темір, қоңыр көмір, жанатын тақтатас, қоңыр теміртас, фосфорит, молибден-ванадий және цирконий-титан кендерінің қорлары анықталды.
      Облыстағы аса маңызды пайдалы қазбалар - көмірсутек шикізаты, түсті металл (қорғасын және мырыш), уран, ванадий, аспаздық тұз және жерасты сулары.
      Ванадий қоры бойынша облыс республикада 1-орынды иеленеді. Өңір шегінде ванадий қорының бірегей Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындары орналасқан. Қаратау сілемінің құрамында ванадий бар тақтатастары жан-жақты мақсатта пайдалануға болатын шикізат болып табылады. Ванадийден басқа сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін элементтердің, алтын мен шунгиттің қорлары құндылығы жоғары кендер болып табылады.
      Солтүстік Арал маңында орналасқан Ақеспе кен орны титанның жалғыз шашыраңқы кен орны болып табылады. Бұдан басқа, облыс аумағында темірдің, фосфориттердің, жанатын тақтатастардың, тальктің, мыстың бірқатар кен орындары бар, қазіргі уақытта бұлар жете барланбаған. Сондай-ақ Арал маңы мұнай бассейнін, атап айтқанда Көкарал жарты аралын геологиялық барлау жұмыстары қисынды соңына дейін жеткізілген жоқ.
      Аспаздық тұздың бірегей шоғыры бар (Арал теңізінің солтүстік жағалауы және оған жақын орналасқан көлдердің қазаншұңқырлары).
      Жаңақорған кен орнының минералды суы мен Теріскен көлінің әйгілі емдік балшығы, сондай-ақ Сор көлінің емдік балшығының перспективалы учаскелері шипажайлар желілерін дамыту үшін алғышарт болады.
      Мырыш, уран, қорғасын қоры бойынша облыс үшінші орында. Бүгінгі таңда «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінің қызметін қалпына келтіру перспективасы облыс үшін маңызды болып табылады, ол алмастырушы әсер беріп, аралас өндірістердің дамуына септігін тигізген болар еді.
      Бірқатар пайдалы қазбалардың қорлары бойынша деректер (жалпықазақстандық қорға қатысты пайызбен):
      1) ванадий —65 %;
      2) мырыш - 15,1 %;
      3) қорғасын -9,6%;
      4) уран-13,7%;
      5) мұнай, газ және конденсат - 4,7 %;
      6) жерасты сулары - 3,5 %.
      Осы байлықтың бәрін игеру, облыс экономикасын сапалы жаңа деңгейге шығару үшін бірқатар перспективалы жобаларды іске асыру пысықталып жатыр.
      Мал шаруашылығы секторы - бұл мемлекеттің күш-жігері жұмсалуға тиіс экономика сегменті, қабаты. Мал шаруашылығын дамытудағы халықаралық тәжірибе бұл саланың өнімдерін ет пен сүт қана құрап қоймай, оған жүн мен тері, қайталама шикізаттың басқа да түрлері жататынын көрсетіп отыр, оларды пайдалану халықтың тұтынуы үшін де, өнеркәсіптің тоқыма, жеңіл, парфюмерлік, фармакологиялық және т.б. түрлі салаларында пайдалану үшін де көптеген тауарларды шығаруға мүмкіндік береді.
      Осылайша, өсімдік шаруашылығы сияқты мал шаруашылығы да экспорттық әлеуеттің құрамдас бөлігіне айналуға тиіс. Мал шаруашылығы кешенін АӨК-тің экспорттық құрамдас бөлігіне қосу бірқатар артықшылықтарға негізделген, олардың қатарына мал ұстаудың айдау-жаю нысандарын дамыту үшін жергілікті тұрғындардың тарихи қалыптасқан дағдысы, өңірдің мал шаруашылығы әлеуеті, жем-шөп базасы және т.б. жатады. Мал шаруашылығының қайталама шикізатын пайдалану республика АӨК-індегі облыстың экспорттық құрамдасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

      Облыстың инвестициялық ахуалын талдау
      2013 жылы облыс экономикасының барлық салаларына тартылған инвестициялар көлемі 371,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 68 %-ға жоғары. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың үлесі мынадай: кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың есебінен - 64 %, шетелдік инвестициялар - 0,2 %, қарыз қаражаты - 19,9 %, жергілікті бюджет - 5,4 %, республикалық бюджет - 10,5 %. Бұл ретте облыс ЖӨӨ бағалау бойынша бір триллион теңгеден асты. Инвестициялар нормасы 35 %-ға жуық.
      Инвестициялар нормасы (оның ЖІӨ-дегі үлесі) мен әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны арасында белгілі бір өзара байланыс бар. 25 %-дық норма, әдетте, экономиканың ең үздік 4-5 % мөлшерінде орташа жылдық өсуіне сәйкес келеді. Орташа жылдық болжамды 8 %-дық қарқынға қол жеткізу үшін инвестициялар нормасы 35-40 %-ды құрауға тиіс.
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты инвестициялардың басым көздері болып табылады, 2012 жылмен салыстырғанда олардың 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көлемі (салыстырмалы бағамен) 44,9 %-ға ұлғайды.
      2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы сыртқы сауда айналымы 3503,6 млн. АКДІ долларын құрап, 104,9 %-ға жетті, оның ішінде экспорт - 3313,5 млн. АҚШ долл. (2012 жылдың деңгейіне қатысты 106,9 %), импорт - 190,1 млн. АҚШ долл. (2012 жылдың деңгейіне қатысты 79,6 %).
      Қызылорда облысының экспорт көлемі орасан зор, өзін-өзі ақтайтын болса және осы экспортты одан әрі ұлғайтуды қамтамасыз ететін өндіріске құйылатын болса, инвестиция тарту оңай. Ванадий, мырыш пен қорғасын өндірісіне, мұнай өндіруді қолдауға, заманауи газ өнеркәсібін құруға, күріш өндірісін кеңейтуге құйылатын инвестициялар дәл осындай болуы мүмкін.

      Сыртқы орта факторларының ықпалы
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне ықпалын тигізуі мүмкін бірқатар жаһандық факторлар орын алып отыр, олардың қатарында: саяси, құқықтық, экономикалық, демографиялық, шаруашылық және экологиялық факторлар да бар.
      Саяси және құқықтық факторлар
      Орнықты, ішкі саяси жағдайлар, сондай-ақ сырттан төнетін қауіптің болмауы және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық облыс экономикасының қарқынды әрі серпінді дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа, мемлекет халық шаруашылығының салаларын, оның ішінде АӨК-ті, машина жасау саласы мен құрылыс индустриясын дамытуға қолайлы ықпалын тигізетін шаралар кешенін қабылдауда. ӘКК өз қызметінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын басшылыққа алады, мұның өзі қызметтің құқықтық негізін қамтамасыз етеді.
      Шаруашылық факторлар
      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап ЖІӨ-нің өсу қарқыны мен ұлттық экономикаға құйылатын инвестицияларды біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр, бұл экономиканың басым салаларын дамытуға ықпал ететін белсенді инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік бермек.
      Дәйекті экономикалық өзгерістер Қазақстан мен облыс экономикасын біртіндеп қалпына келтіруге үміт артуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, мұның әлемдік қаржы нарығында болжанбаған қолайсыз оқиғалар болмаған жағдайда, ӘКК қызметіне оң әсерін тигізетін барлық салдары ескерілді.
      Демографиялық факторлар
      Әлемдік демографияда басты екі үрдіс бар - өмір сүру ұзақтығын жалпы ұлғайту және өлім деңгейін төмендету.
      Осылайша, халық санының жалпы өскені байқалып отыр, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісін перманентті ұлғайту және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту талап етіледі. Осының нәтижесінде инвестициялық қаражат іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты ӘКК облыстың экономикалық әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі мемлекет міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті.
      Экологиялық факторлар
      Климаттық жағдайлардың қатаң болуы облыста жұмыс істейтін компаниялардың қызметі тиімділігінің төмендеуіне ықпалын тигізуі мүмкін. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар үшін өнімнің шықпай қалу, ауыл шаруашылығы малдарының қырылу ықтималдығы артады, машина жасау кәсіпорындары үшін технологиялық жабдықтың істен шығу қаупі артады, құрылыс саласы, тау-кен металлургиясы өнеркәсібі мен көлік-коммуникация кешені үшін ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтар мен көлік-коммуникация инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғарылайды. Көрсетілген мән-жайлар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығына ықпалын тигізуі мүмкін.

      Экономиканың ӘКК үшін басым секторлары
      Экономиканың ӘКК үшін басым секторларын айқындау өңірде қалыптасқан экономикалық мамандануды және ҮИИДМБ мен Қызылорда облысын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасында баяндалған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылды.
      2010 жылғы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев экономиканың шикізаттық емес бес-жеті кластерлік саласына назар аударуды ұсынды. Мұндайлардың қатарына ол - туризмді, мұнай-газ өнеркәсібін, машина жасауды, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, көліктік-логистикалық қызметтерді, металлургия мен құрылыс материалдарының өнеркәсібін жатқызды.
      Елбасының бұл нұсқауын орындау Қызылорда облысы үшін өте маңызды, өйткені жоғарыда аталған салалардың ішінен мұнда металлургия ғана жоқ. Басқа салалардың бәрінде озыңқы даму үшін барынша қолайлы әрі тиімді мүмкіндіктер бар.
      Сондықтан АӨК және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісін дамыту, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту, таза энергетиканы дамытуды қоса алғанда, энергетика, туристік қызмет, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібін дамыту экономиканың ӘКК үшін басым секторлары болып табылады.
      Өнеркәсіп салаларының ішінен, бірінші кезекте, бұл облыстың ауыл шаруашылығын жеделдетіп дамыту базасында тамақ өнеркәсібін дамытуға және келешекте көліктік, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстың дамуына байланысты құрылыс материалдарының өнеркәсібіне қатысты.
      Шешілуі мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің келешекте бірлесіп күш-жігер жұмсауын талап ететін облыстың ауыл шаруашылығының негізгі проблемалары:
      1) материалдық-техникалық базаның қанағаттанғысыз жай-күйі;
      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің өндірістік процестерінің дамымауы;
      3) өндірісті іске қосу және шикізат сатып алу үшін айналым қаражатының жетіспеуі;
      4) ауылдағы жұмыс жағдайларының тартымсыз болуының салдарынан тұрғындардың көшіп кетуіне негізделген кадр әлеуетінің төмен деңгейі.
      Өңдеуші енеркэсіпті дамытудың орасан зор мүмкіндіктері облыстық азық-түлік кешенін дамытуға байланысты, мұнда ет, сүт өңдейтін дамыған өнеркәсіп жоқ, қой шаруашылығының және мал шаруашылығының басқа да салаларының дамуы шикізатты артығымен беретін заманауи тері-былғары өңдеу өнеркәсібі жоқ, дамуы үшін шикізат базасы мол, әрі өрістетіле беретін дамыған жүн өңдеу өнеркәсібі жоқ. Шығарылатын өнімнің сан алуан ассортименті болатын заманауи ет комбинаттарын, халық үшін түрлі сүт өнімдерін шығаратын сүт комбинаттарын құру қажет. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу базасында киім тігуді қоса алғанда, тері-былғары және тоқыма өнеркәсіптерін айтарлықтай дамытуға болады.
      Туризмді, ең алдымен Байқоңыр ғарыш айлағына барумен байланысты халықаралық туризмді қарқынды дамыту Қызылорда облысын жеделдетіп дамытудың тағы бір маңызды көзіне айналуы мүмкін.
      Байқоңырда туризмді дамыту халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға қызығушылығын арттырып, Астанаға, Алматыға және Қазақстанның басқа өңірлеріне де туристердің қосымша ағынын әкеледі.
      Міндет - туризмді Қызылорда облысын дамыту қозғалтқыштарының біріне айналдырып, оның ЖӨӨ жасаудағы үлесін 2020 жылға қарай ЖӨӨ-нің 5 %-ына дейін, ал 2030 жылға қарай - ЖӨӨ-нің 10 %-ына дейін жеткізу.
      Бұдан басқа, Батыс Қытай мен Қазақстанды Ресеймен және Батыс Еуропамен қосатын автомагистраль мен темір жолдың Қызылорда облысының аумағы арқылы өтуіне байланысты ірі транзиттік көлік жүйесі мен логистикалық базалар құру Қызылорда облысын жеделдетіп дамытудың маңызды көзі болып табылады.
      Көліктік-логистикалық құрылым халықаралық жүк транзитінен Қазақстанның қосымша табыс алуына және Қазақстанның өзінің сыртқы саудасын дамытуға ықпал ететін болады.
      «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы облыс орталығында да, осы көлік дәлізінің бойынан да қонақ үй кешендері мен мейманханалар салу жөніндегі жобаларға қатысу үшін ӘКК алдында перспективалы мүмкіндіктер ашады.
      Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдау проблемалары да дереу өз шешімін талап етеді - бұл сыйымдылығы жоғары автобустар жоқ дерлік бірен-саран облыс орталықтарының бірі. Халық саны 200 мың адамнан асатын қалада қазіргі уақытта жолаушылар тасымалдауды шамамен 450 микроавтобус (газельдер) пен сыйымдылығы шағын 305 автобус жүзеге асырады.

      Ішкі ортаны талдау
      ӘКК дамуының негізгі кезеңдері
      ӘКК 2011 жылғы 11 қаңтарда құрылған. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында компания қызметі ұйымдық құрылымды жасақтауға, өңір экономикасының ағымдағы жай-күйін талдауға, мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың өкілдерімен кездесулер мен форумдар өткізуге, өңірлік даму шеңберінде ӘКК мүмкіндіктері мен бағыттары туралы ақпараттық өріс жасауға бағытталды.
      Өңірлік кәсіпорындардың диагностикасы ӘКК-нің алғашқы қадамдарының бірі болды, оның мақсаты мынадай еді:
      1) өңірде өндірілетін өнімнің сапасын кеңейтудің және жақсартудың ағымдағы жай-күйі мен мүмкіндіктерін бағалау;
      2) шағын және орта бизнестің мүддесін ескере отырып, өңірде мемлекеттік бағдарламаларды ілгерілету мүмкіндігін іздеу;
      3) нарықтың нысаналы тауашаларын, өңірде өндірілмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іздеу және импорт алмастыру мүмкіндіктерін кеңейту.
      Диагностика ӘКК қызметінің негізгі бағыттарын, форматы мен дәйектілігін айқындап берді. Диагностика барысында 50-ден астам өңірлік компаниямен жұмыс жүргізілді, оның нәтижесінде қызметтің базалық бағыттары айқындалды:
      1) өңірдің аграрлық секторын дамыту;
      2) индустриялық-инновациялық жобаларды қолдау;
      3) туризмді дамыту;
      4) құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту;
      5) өңірде жеңіл өнеркәсіпті дамыту;
      6) тамақ өнеркәсібін дамыту;
      7) бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау (ақпараттық, консультациялық және әдіснамалық қолдау).
      2011 жылдың басынан бері ӘКК-ге 60-тан астам бизнес-ұсыныс түсті.
      2011 - 2013 жылдары әріптестермен бірге Арал және Қазалы аудандарында балық өңдеу жөніндегі 3 кәсіпорын - «Қызылорда Балық» сервистік-өңдеуші кешен, «Қаратерең Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бөген» сервистік-дайындау орталығы, Қызылорда қаласында сүт және сүт өнімдерінің өндірісі («Шөгірлі Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), Қызылорда қаласында 100 орындық «Дамир балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жаңақорған ауданындағы балшықпен емдейтін шипажайы бар 76 төсек-орындық санаторий («Шипажай Жаңақорған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).
      Олардың жалпы құны 754,3 млн. теңге, бұл ретте:
      1) ӘКК қатысу үлесі -270,5 млн.теңге;
      2) тартылған жеке инвестициялар сомасы - 333,9 млн.теңге.
      Қазіргі уақытта ӘКК-де практикалық тұрғыдан іске асыру сатысында 8 инвестициялық жоба бар, олардың жалпы құны шамамен 8,114 млрд. теңге, мұндағы ӘКК-нің ақшалай үлесі 2,9 млрд. теңгеге жуық.
      Жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, мұндағы ӘКК-нің ақшалай қаражатының үлесі 262,145 млн. теңгеге жуық.
      Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу ӘКК қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
      Негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар шеңберінде «Алтын Қамба» агроөнеркәсіптік комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында сыйымдылығы 3250 тонна көкөніс сақтау қоймасы салынды, сыйымдылығы 100 тонна ет сақтау қоймасы мен сыйымдылығы 150 тонна жеміс сақтау қоймасын салу жөніндегі бірлескен жоба іске асырылды.
      Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылды, көкөніс өнімдерінің егіс алқаптарын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда, тамақ өнімдері мен басқаларын сату жөніндегі көтерме-бөлшек сауда желісі реттелуде.
      Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға қатысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында 2011 жылы 120,0 млн. теңге, ал 2012 жылы - 312,5 млн. теңге бөлінді.
      2011 жылы көппәтерлі 5 тұрғын үй (бұдан әрі - КТҮ) жөнделді. 4 объектіні Мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдады, 1 объекті - 2013 жылға ауысады.
      2012 жылы 14 объектіні жөндеу жоспарланған (10 объекті - Қызылорда қаласында, 2-уі - Қармақшы ауданында және 2-уі - Қазалы ауданында). Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 7 объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алды, атап айтқанда Қызылорда қаласында 3 объекті, Қармақшы ауданында - 2 объекті, Қазалы ауданында 2 объекті. Қызылорда қаласындағы 4 объектіні тапсыруға дайындық жүргізіліп жатыр (1-еуі 2011 жылдан ауысқан).
      Қалған 4 объектіде жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ, жұмыстардың 85 %-ы орындалды.
      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 432,5 млн. теңге бөлінсе, 2011 - 2012 жылдары оның 419,0 млн. теңгесі (97 %-ы) игерілді. Жете игермеудің негізгі себебі - жөндеу үшін қажетті құжаттардың кеш ұсынылуы, шарттарға пәтер иелерінің қол қоймауы, жосықсыз мердігер ұйымдар, сыртқы кәріз желілерінің шамадан тыс тозуы, олар қосымша кедергілер жасай отырып, тазартылған және жөнделген жертеле қабаттарын су басады.
      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ӘКК ауылда микрокредит беру жөніндегі өңірлік уәкілетті орган болып табылады.
      2011 - 2012 жылдары барлығы 607 түпкілікті қарыз алушыға кредит берілді, оның ішінде: 2011 жылы - 200,0 млн. теңге 98 адамға, 2012 жылы -933,0 млн. теңге 509 адамға берілді.
      Мал шаруашылығы (ірі кара мал өсіру), ет өнімдерінің өндірісі, көкөніс пен бақша дақылдарын өсіру, қызмет көрсету саласы (моншалар, шаштараздар, техникалық қызмет көрсету станциялары, тігін салондары, жөндеу шеберханалары) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі салаларына айналды.
      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылда микрокредит беруге екі траншпен 2013 жылға 2,0 млрд.теңге бөлініп, игерілді. Бірінші транш бойынша 2013 жылы бөлінген 1,0 млрд. теңгені ӘКК арқылы 435 адам алды. 2013 жылы екінші транш бойынша бөлінген бюджет қаражатынан 400 адам микрокредит алды. Микрокредитті алушының өзін қоса есептегенде, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құру межеленіп отыр.
      Тұтастай алғанда, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының қаражатын игеруге 46 кредиттік серіктестік пен 8 микрокредиттік ұйым қатысты.
      2013 жылы облыста микрокредит беру бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету проблемасы шешілді. Егер 2011 жылы берілген микрокредиттер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық мөлшерлеме түпкілікті қарыз алушы үшін 8 %-ды, 2012 жылы - 7,3 %-ды құраса, 2013 жылы ӘКК арқылы түпкілікті қарыз алушы берілген микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме 4,4 %-ға дейін азайтылды.

      Стратегиялық жоспарлау
      Орналастырылған акцияларды төлеуге ӘКК-ге берілген кәсіпорындарда ӘКК құрылғанға дейінгі стратегиялық жоспарлау жүйесі формальды сипатта болды, ал кейбіреуінде мүлдем болған жоқ.
      Қазіргі кезде қызметкерлердің ӘКК стратегиясын және ӘКК мен кәсіпорындар топтарының арасындағы көрсеткіштердің келісімділігін түсінетіні байқалады. Кәсіпорындар топтарында Теңгерімделген көрсеткіштер жүйесін әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр, ол стратегияны іске асыру құралы бола отырып, миссияны, пайымды және стратегиялық бағыттарды нақты мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер нысанында құрылымдық бөлімшелер басшыларының деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
      ӘКК компаниялар тобында стратегиялық жоспарлау жүйесін толық регламенттеуді, акционер мен ӘКК-нің өзара іс-қимыл жасау процестерін сипаттауды жоспарлауда.

      Корпоративтік басқару
      Тиімділікті жоғарылату және ӘКК қызметін заңнама талаптарына сәйкес келтіру мақсатында 2011 жылғы мамырда Корпоративтік басқару кодексі әзірленіп, қабылданды, онда ӘКК-нің жұмыс істеу қағидаттары айқындалып, Акционердің, Директорлар кеңесінің және ӘКК атқарушы органының өзара іс-қимыл жасауы регламенттеледі.
      Құрамында жеті мүшесі бар Директорлар кеңесі ӘКК-нің басқарушы органы болып табылады, оның ішінде үшеуі - тәуелсіз директорлар, бизнес өкілдері.
      ӘКК мүддесінде әрекет ете отырып, тиімді, кәсіпқой әрі тәуелсіз Директорлар кеңесі корпоративтік басқарудың тиісті деңгейін қамтамасыз етіп, дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайды, акционерлердің құқықтарын қорғап, басқарма қызметін бақылауды жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар ретінде бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін қосу ӘКК қызметін тәуелсіз әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Құрамында Төраға және Төрағаның үш орынбасары болатын Басқарма ӘКК-нің атқарушы органы болып табылады. ӘКК басқармасы апта сайын мәжіліс өткізеді және ӘКК-ні жедел басқару бойынша шешімдер қабылдайды.
      ӘКК-нің басқарушылық практикасына басшылық пен құрылымдық бөлімшелер басшыларының апта сайынғы жедел кеңестерін өткізу енгізілген.
      Мұндай практиканы енгізу нәтижесі мынадай:
      1) басқарушылық шешімдер қабылдаудың жеделдігін арттыру;
      2) шешімдердің орындалуын бақылауды жақсарту;
      3) құрылымдық бөлімшелер басшыларының жұмысқа ден қоюын арттыру, шынайы командалық жұмыс үшін жағдайлар жасау.
      Директорлар кеңесіне есеп беретін Корпоративтік хатшы Басқарманың, ӘКК-нің құрылымдық бәлімшелерінің лауазымды адамдарының акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруге бағытталған рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етеді.
      Корпоративтік басқару қағидаттарын қолдану ӘКК қызметіне объективті талдау жүргізу үшін негіз болады. ӘКК қызметінің заңнамаға және жетекші халықаралық стандарттар мен корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ менеджменттің заманауи әдістерін енгізу корпоративтік басқару басымдығы болып табылады.
      Басқарудың тиімді моделін қамтамасыз ету үшін ӘКК корпоративтік басқарудың әлемдік үздік практикаға сәйкес келетін заманауи стандарттарын белсенді түрде енгізуде және Акционер айқындаған әрі әлеуетті инвесторлар үшін ӘКК-нің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірыңғай саясат шеңберінде оны жетілдіру жөнінде ұдайы жұмыс жүргізетін болады.
      ӘКК экономиканы дамытудың заманауи үрдістеріне сай келетін басқару әдістері мен бизнес-процестерге және бизнесті жүргізудің алдыңғы қатарлы практикасына кешу жөнінде жұмыс жүргізеді. ӘКК қызметінің ашықтығын жоғарылату, ӘКК есептерін, оның ішінде басқарма, Директорлар кеңесі мен ӘКК акционерлерінің шешімдерін (жасырын ақпаратты қоспағанда) жариялау практикасын енгізу жөніндегі іс-шаралар жалғасын табады.
      Корпоративтік басқару сапасын жақсарту мақсатында ӘКК «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компаниялар тобының үлгісі бойынша Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау әдістемесінің негізінде корпоративтік басқаруға диагностика жүргізуді жоспарлап отыр. Әдістеме корпоративтік басқарудың ең үздік практикасына сәйкестік рейтингін айқындауға мүмкіндік береді және ӘКК-дегі корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін ұдайы мониторингтеу құралына айналуға тиіс.
      Диагностиканың мақсаты корпоративтік басқару жүйесін бағалау мен дамытудың құрылымдалған әрі дәйекті тәсілі арқылы үздік әлемдік практика негізінде корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату болып табылады. Бұл ретте корпоративтік басқару мынадай негізгі үш құрамдауыш бойынша бағаланады: құрылым, процестер мен ашықтық.
      Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі компания қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне, ашықтықты арттыруға, шешім қабылдау процесінің толықтығына әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлардың компанияны қабылдауына да оң ықпалын тигізеді.
      ӘКК-нің кадр саясаты қайта қаралып, бизнесте жұмыс тәжірибесі бар адамдарды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тартуға бағдарланады.
      Оның нарықтық жағдайларда жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдердің бәрін анықтауға бағытталған тиімді менеджмент жүйесі енгізіліп, ішкі бақылау және мониторинг тетіктері реттеледі.
      Еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару моделі ӘКК жобаларды инвестициялауды мынадай негізгі нысандарда жүзеге асырады:
      1) жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерімен (бұдан әрі - әріптестер) бірге бірлескен кәсіпорындар (бұдан әрі - БК) құру, бұл ретте жобаларға ӘКК-нің қатысу үлесі 49 %-дан аспайды;
      2) «Қызылорда қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — еншілес компания арқылы ӘКК активін әріптестерге қаржылық лизингке беру.
      ӘКК мен әріптестер арасындағы ынтымақтастық бірлескен кәсіпорын құру және активтерді жарғылық капиталға салымдар ретінде беру нысанында жүзеге асырылады. Ақша қаражаты, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен басқа да өтімді активтер ӘКК мен әріптестің активтері бола алады. ӘКК қарыз қаражатын тарту кезінде кепілгер болуы мүмкін.
      Еншілес компанияның (бұдан әрі - Компания) қызметіне ӘКК-нің қатысу дәрежесі ӘКК-ні басқару моделін операциялық модельге жатқызуға мүмкіндік береді.
      Басқарудың операциялық моделінің артықшылықтары бар: жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалуына тікелей бақылау жүргізуге мүмкіндік береді; іске асырылып жатқан жобалар бойынша түпкілікті жауапкер ретінде Компания басшылығының жеке жауапкершілігі дәрежесінің жоғары болуын көздейді.

      Персоналды басқару
      Стратегиялық менеджмент жүйесінде ұзақ мерзімді кезеңге арналған бәсекелі артықшылық құрудың негізгі көздерінің бірі ретінде персоналдың алатын орны ерекше.
      Өз алдына қойылған міндеттер мен функцияларды, орындалатын жұмыстар көлемін негізге ала отырып, ӘКК-нің ұйымдық құрылымы құрылымдық бөлімшелердің жеткілікті сандық құрамын білдіреді.
      Құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасауы жүргізілетін шарттар олардың бірлескен қызметінің табысты болуына, процеспен және еңбек нәтижелерімен қанағаттану деңгейіне ықпалын тигізеді.
      ӘКК іске асырып отырған кадр саясаты жұмыскерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін ескере отырьш және бекітілген ішкі құжаттарға сәйкес экономика саласында білікті кадрлардың жетіспеуіне байланысты проблемаларды шешуге, қаржыландыруға және жинақталған тәжірибені сақтауға, корпоративтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
      Кадр саясаты ӘКК-нің миссиясымен және негізгі міндеттерімен тығыз байланысты, әрі мынадай қағидаттар мен бағыттарға негізделеді:
      1) стратегияда көзделген қызметтің барлық бағыттарын іске асыру мен іске қосуды ескере отырып, ұйымдық құрылымды оңтайландыру;
      2) бос лауазымдарға кадрларды қабылдау ашықтық және конкурстық іріктеу қағидаттарында жүзеге асырылады;
      3) басқарушылық орындарға жұмыскерлер негізінен ішкі резервтен тағайындалады, мұның өзі қызметкерлерді өсуге ынталандыруды қамтамасыз етеді;
      4) семинарлар мен біліктілікті жоғарылату курстарында қызметкерлердің біліктілік деңгейін үнемі жоғарылатып тұру, жүйелі түрде аттестаттаудан өткізу.
      ӘКК-де персоналды басқарудың тиімді жүйесін құруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адами ресурстарды басқару стратегиясын да әзірлеу жоспарланып отыр. Персоналды іріктеу және бейімдеу, кадрлар резервін қалыптастыру, персоналды оқыту және дамыту жүйесі құрылмақ.
      2014 - 2023 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы компаниялар тобының кадр саясатының қағидаттарын ескере отырып, ӘКК-нің кадр саясатын жетілдіру жоспарланып отыр.

      Қаржылық жағдайы
      ӘКК-де бюджеттеу жүйесі жұмыс істейді, ол ашықтықтың, теңгерімділіктің және тиімділіктің жалпы қағидаттарына негізделген.
      ӘКК-нің жарияланған акцияларының саны 10 000 000 дана қарапайым акцияны құрайды, номиналды құны 1000 теңге (бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы 2011 жылғы 13 желтоқсандағы А 5852 куәлік).
      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК-нің сатып алынған және орналастырылған акционерлік капиталы 3 654 303 мың теңгені құрайды.
      2012 жылғы шоғырландырылмаған көрсеткіштер:
      «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайынғы міндетті аудитін «Инсар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» аудиторлық компаниясы жүргізген ӘКК-нің 2012 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес:
      1. 2012 жылы ӘКК жалпы 156 609,7 мың теңге кіріс алды;
      2. 2012 жылы ӘКК шығыстарының жалпы сомасы 132 383,1 мың теңге болды.
      Осылайша, есепті 2012 жылдың қорытындысы бойынша салық салынғанға дейінгі ӘКК пайдасы 24 226,6 мың теңге болды.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 412,1 мың теңгені құрады.
      Салық салынғаннан кейінгі пайда 23 814,5 мың теңгені құрады.
      Өткен жылдың 23 624,6 мың теңге сомасындағы залалды өтеуді ескерсек, салық салынғаннан кейінгі бөлінбеген пайда 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 189,9 мың теңгені құрады.
      2012 жылғы шоғырландырылған көрсеткіштер:
      ӘКК Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі отырысының хаттамасына және Қызылорда облысы қаржы басқармасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 85 бұйрығына сәйкес «Қызылорда қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды, оның жарғылық капиталына ӘКК 100 % қатысады. Инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мақсатында ӘКК Директорлар кеңесі ӘКК-нің қатысу үлесімен мынадай бірлескен кәсіпорындарды құрды (1-кесте):

                                    1-кесте

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атауы

ӘКК-нің қатысу үлесі, %

«Қызылорда құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49,00

«Жан-Арай Жем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49,00

«Шипажай «Жаңақорған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49,00

«Қаратерең Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

44,50

«Бөген» сервистік-дайындау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

9,50

«Шөгірлі сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

31,30

«ӘКК Қызылорда Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49,0

«КазРос Инновация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10,0

«Арал балық өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49,0

      Жобалардың бастамашыларымен жасалған бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі құрылтай шарттарына сәйкес олар құрылған кезден бастап 5 (бес) жыл ішінде ӘКК-нің қатысу үлесін сату (иеліктен шығару) болжанып отыр.
      «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайынғы міндетті аудитін «Инсар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» аудиторлық компаниясы жүргізген ӘКК-нің 2012 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес:
      1. ӘКК-нің Компаниялар тобы 2012 жылы жалпы сомасы 561 380,8 мың теңге кіріс алды;
      2. Компаниялар тобының 2012 жылғы шығыстарының жалпы сомасы 589 996,8 мың теңге болды, оның ішінде:
      1) КТС бойынша шығыстар - 412,1 мың теңге;
      2) үлестік қатысу әдісімен есептелетін бірлескен кәсіпорындардың пайдасындағы (шығынындағы) ұйымның шығыны - 3129,5 мың теңге.
      Осылайша, ӘКК-нің Компаниялар тобының есепті 2012 жылдың қорытындысы бойынша шығыны 28 616,0 мың теңгені құрады.
      31 686,6 мың теңге сомасындағы өткен жылдың шығынын ескерсек, ӘКК-нің Компаниялар тобының шығыны 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 60 302,6 мың теңге болды.
      2012 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық орнықтылық мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
      1) борыш/EBITDA коэффициенті, % - 0,5, норматив бойынша - 0,4;
      2) қаржылық левередж коэффициенті, % - 1,1, норматив бойынша - 1,0.

      Қаржылық орнықтылықты жоғарылату және шығынсыздық деңгейіне шығу мақсатында ӘКК бірқатар іс-шараларды орындауды көздеп отыр:
      1) мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес сапалы стратегия мен даму жоспарларын әзірлеу;
      2) корпоративтік басқаруды дамыту және жоғарылату;
      3) тиімді менеджмент жүйесін енгізу, бұл сыртқы ортамен оңтайлы әрі мейлінше нәтижелі өзара іс-қимыл жасауға, компаниялардың ресурстарын өнімді әрі нысаналы таратуға мүмкіндік береді;
      4) ӘКК құрамына кіретін компаниялардың проблемаларына жедел ден қою мақсатында еншілес және тәуелді компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақты негізде мониторингтеу және талдау;
      5) ӘКК-нің әкімшілік шығыстары мен әкімшілік-басқарушылық персоналды оңтайландыру;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау.
      Бұдан басқа, ӘКК жекелеген үкіметтік бастамаларды (шағын кредит беру, ТКШ жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігі және басқа да іс-шаралар бойынша мәселелер) іске асыруға қатысқан кезде қаржылық шығындар мен барабар емес тәуекелдерді көздеу қажет.
      ӘКК одан әрі орнықты даму үшін ӘКК-ні дамыту тұжырымдамасында айқындалған ӘКК қызметінің негізгі қағидаттарын да басшылыққа алатын болады:
      Жеке меншік сектормен әріптестік
      ӘКК жеке меншік сектор иеленбеген немесе толық иеленбеген кеңістікте тиімді жұмыс істеп, бизнесті дамытуды ынталандырады, онымен бәсекеге түспей, оны дамыту үшін жағдайлар жасайтын болады.
      Инвестицияларды белсенді басқару
      ӘКК бизнесті дамытудың түйінді шешімдеріне бастама жасай отырып, қоржынды инвесторларға қарағанда белсенді акционер (қатысушы) рөлін орындайтын болады.
      Шығындарды белсенді басқару
      ӘКК өз функцияларын жүзеге асыру кезінде шығындарды барынша азайтатын болады.
      Әлеуметтік жауапкершілік
      Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын іске асыру мақсатында ӘКК таза пайдасының бір бөлігін дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционерінің шешімі бойынша жергілікті бюджетке жіберуге ұмтылады.
      Бизнесті дамытуға жәрдемдесуге басқа қатысушылармен әріптестік
      Қайталауды болдырмау және күш-жігер синергиясын қамтамасыз ету үшін ӘКК қаржылық және қаржылық емес даму институттарымен, мемлекет қатысатын компаниялармен, екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылды белсенді жүргізетін болады.

      ӘКК SWOT-талдау
      SWOT-талдау ағымдағы жағдайды талдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады және дамудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін негіз болады. Бұл ретте мықты және осал тұстары ұйымның ішкі ортасының компания ықпалын тигізе алатын жай-күйін көрсетеді, ал мүмкіндіктер мен қауіптер компаниянық бақылау аймағынан тыс болады, әрі елдегі және әлемдегі (сыртқы ортадағы) жалпы ағымдағы жағдайды сипаттайды.

                                    2-кесте

Мықты тұстары

Осал тұстары

- ұлттық компания мәртебесі
- минералдық шикізат базасы мен мемлекеттік активтерді щаруашылық айналымға тарту мүмкіндігі.
- бастапқы капиталдың болуы
- салалық көпбейінділік
ӘКК бизнес-жобаларының қоржыны қалыптастырылған.,
- бизнес-жобалардың ТЭН мен ТЭҚ әзірленген.
ӘКК облыс деңгейінде іске асырылатын, бүгінгі күні операторлары ретінде әртүрлі институттар мен ведомстволар әрекет ететін әртүрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың бірыңғай үйлестірушісі әрі интеграторы бола алады.
- аутсорсинг
- ауыл шаруашылығының тиімділігін жоғарылату есебінен тамақ өнімдеріне деген ішкі сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі.
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысандарын кеңейту мүмкіндігі.
- пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын
айналымға тарту есебінен жаңаөндірістер құру мүмкіндігі.

даму институттарымен өзара қарым-қатынастың жеткілікті дамымауы компанияның инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджетінің шектеулі болуы кәсіпкерлік ортадан келген қызметкерлер үлесінің төмен болуы
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында жұмыс істеу тәжірибесініқ аз болуы.
- коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласуы, бұл ӘКК алдына басымдық қоюға мүмкіндік бермейді.
- маркетингтік зерттеулер базасы қалыптастырылмаған. қызмет тиімділігінің теріс көрсеткіштері.
операциялық және қаржылық нәтиженің теріс болуы
- ИСО 9001-2008 халықаралық стандарттарына (сапа менеджменті жүйесі) сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесінің болмауы.
- жеке меншік капиталды тарту тәжірибесі мен тетіктерінің болмауы.
- инновациялық, технологиялық және инженерлік сипаттағы инвестициялық салымдардың төмен деңгейі.
- қоржында ұзақ мерзімді бизнес-жобалардың қомақты үлесінің болуы, осыған байланысты қазіргі кезеңде инвестициялық қызметтен әлеуметтік әсер алу қиындық тудырады.
- ӘКК жобаларына, құрылыс индустриясы мен машина жасауға инвестиция құюды жүзеге асырған кезде қаржылық тәуекелдің жоғары болуы.
- әлеуетті инвесторлардың ӘКК іске асыратын және жоспарлайтын бизнес-жобаларға қатысу мүмкіндігіне қызығушылығының әлсіз болуы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

- инвестиция тартуға сұраныстың жоғары болуы.
- өңірдің өсіп келе жатқан инвестициялық әлеуеті
- мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдау
- облыстық бюджеттен жаңа бағыттарға қаржы бөлінуі
- мемлекеттік даму институттарынан тәжірибе мен ақпараттық ресурстар трансферті
- құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың болжамды мүмкіндіктері.
- өндіріс пен басқарудың инновациялық технологияларын енгізу жолымен ғылыми-техникалық

- облыстың шикізатқа бағытталуы
- бизнес өкілдері тарапынан сенімсіздік
- өндіріс процесі шығындарының жоғары болуы (энергияны көп қажет ету, қоршаған ортаға эмиссиялар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы)
- коммуналдық меншік объектілерінің тозуы және жарғылық капиталды төлеуге берілетін жердің инженерлік инфрақұрылыммен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі
- инвестициялар салу және инновациялар үшін макроөңірдің түйінді секторларының жете

әлеуетті жоғарылату.

зерделенбеуі

- облыстың салалық мамандануына сәйкес облыста инженер кадрлар мен білікті жұмысшыларды даярлау мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту.
- қолайлы географиялық орналасуы

- қаржы дағдарысы: инфляция, өтімсіздік және т.б.
- қызметтер көрсету нарығында қызмет түрі ұқсас басқа қатысушылардың болуы.
- ұзақ мерзімді қаржыландыру нарығының дамымауы.
- облыс экономикасы салаларының өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің өсуі нәтижесінде төлемге қабілетті сұраныстың темендеу қаупі.
- өндіруші салалар өнімдері бағасының өсуі, ол сатып алу қабілетінің ықтимал құлдырауына себеп болады.
- екінші деңгейдегі банктердің кредит саясатын қатаңдатуы.
- заңнама мен реттеуші шаралар өзгерісінің ықпалына ұшырау қаупінің жоғары болуы.
- мамандану салаларының қажетті техникалық жарағының болмауы немесе артта қалуы.
- тұрғындардың кәсіпкерлік қызметтегі белсенділігінің төмен болуы.
- еңбек нарығының теңгерімсіздігі.

      Стратегиялық дамудағы шектеулер мен мүмкіндіктер
      Мықты және осал түстарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді құрылымдалған талдау ӘКК-ні дамытудағы негізгі шектеулерді анықтауға мүмкіндік берді:
      1) облыстың инвестициялық әлеуетінің даму деңгейінің төмен болуы;
      2) халықтың кәсіпкерлік белсенділігі деңгейінің төмен болуы;
      3) облыс экономикасының құрылымында шикізат құрамдасының үстем болуы;
      4) нысаналы аудитория тарапынан мемлекеттік даму институттары қызметінің кәсіпқойлығы мен тиімділігіне сенімсіздіктің болуы.
      ӘКК-ні одан әрі дамытудың мейлінше жоғары мүмкіндіктеріне мыналар жатады:
      1) мемлекет берген құзыреттің болуы және қызметті мемлекеттің қолдауы;
      2) өңірді капиталдандыруға ықпал ететін «серпінді» инвестициялық жобаларды, өңіраралық жобаларды және ірі бизнесті дамытудың өңірлік стратегияларын іске асыру;
      3) облыстың қолайлы географиялық орналасуы;
      4) облыстың көліктік жүйесінің жаһандық көлік-логистика желісіне кірігуі;
      5) экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және экспортты әртараптандыру.
      ӘКК-нің бірқатар сөзсіз мықты тұстары бар, оларды келешектегі өсу мен дамуды қамтамасыз ету үшін тірек нүктелері ретінде пайдалануға болады және солай болуға тиіс. Қазіргі осал тұстарды жоюға болады.
      Мүмкіндіктерді іске асыру, ӘКК-нің осал тұстарымен жұмыс жүргізу және қауіптерді азайту жөніндегі шараларға бастама жасау үшін келешектегі қызмет ӘКК-нің мықты тұстарын пайдалануға бағытталатын болады.
      Облыстың экономикалық базасын дамыту және әртараптандыру, сыртқы ортаның өзгерістерін есепке алу және оған бейімделу, ӘКК қызметінің тиімділігін арттыру ӘКК-ні одан әрі дамытудың аса маңызды қозғаушы күштері болып табылады.

       2. ӘКК миссиясы мен пайымы

      ӘКК миссиясы - мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
      ӘКК пайымы - 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді калыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институтына айналады.
      ӘКК мақсаты - өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру.
      ӘКК негізгі міндеттері:
      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;
      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;
      3) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;
      4) активтердің құнын ұлғайту;
      5) ісін жаңа бастаған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);
      6) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе құраушы және ірі компанияларының айналасынан ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру арқылы бизнес-бастамаларды қолдау;
      7) компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;
      8) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;
      9) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;
      10) өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнім брендингіне жәрдемдесу;
      11) перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;
      12) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;
      13) өңірлердің негізгі мамандықтары ескерілген өңірлік карталарды әзірлеу және инвесторларды тарту үшін перспективалы және бәсекеге қабілетті жобалар тізімін құру.

       3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі - ҚСБ),
мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша
күтілетін нәтижелер.

      Өзінің пайымына қол жеткізу және өз миссиясын жүзеге асыру үшін ӘКК мынадай стратегиялық бағыттар бойынша әрекет ететін болады:
      1) активтердің құнын ұлғайту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру;
      2) өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар қалыптастыру;
      3) ӘКК-нің тиімді қызметін қамтамасыз ететін ішкі ортаны дамыту;
      4) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

      1-ҚСБ. «Активтердің құнын ұлғайту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру»

      1-мақсат. Инвестициялардың өсуін және тиімділігін қамтамасыз ету

      Міндеттер:
      1) тиімділік дәрежесі жоғары жаңадан құрылған және жаңғыртылған бәсекеге қабілетті өндірістер санын ұлғайту;
      2) инвестициялық қоржын көлемін ұлғайту.

      Іс-шаралар:
      1) жобалық қуатқа шыққан, облыста өндіріс көлемін және еңбек өнімділігін ұлғайту бойынша жәрдем көрсететін пайдалы бизнес-жобалардың санын ұлғайту;
      2) бизнес-жобаларға құйылатын инвестициялар көлемін ұлғайту;
      3) мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету;
      4) бизнес-жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестициялар тартуды қамтамасыз ету;
      5) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;
      6) ӘКК іске асыратын бизнес-жобалар санын ұлғайту;
      7) ӘКК бастама жасайтын бизнес-жобалар санын ұлғайту;
      8) облыс аумағында экономиканың басым салаларында ірі бизнес- жобалардың бастамашыларымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою;
      9) мемлекет қолдайтын өңірлік бизнес-жобалар мен жекелеген мемлекеттік бағдарламаларды және нысаналы мемлекеттік іс-шараларды (Индустрияландыру картасы, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы, сервистік-дайындау орталықтарын құруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені және т.б.) іске асыруға жәрдемдесу;
      10) инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ететін ресурстық базаны ұлғайту;
      11) қайта инвестицияланатын пайда көлемін ұлғайту;
      12) ӘКК бизнес-жобаларын қаржыландыруға республикалық бюджет қаражатын тартудың тиімді тетіктерін енгізу;
      13) капитал нарықтарында ӘКК-ніқ орта және ұзақ мерзімді қарыз алу бағдарламаларын іске асыру (бағалы қағаздар шығаруды қоса алғанда).

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) жыл нәтижесі бойынша ӘКК-нің инвестициялық қоржын көлемінің өсуі;
      2) жыл сайын іске қосылатын инвестициялық, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын жобалар саны (жыл сайын кемінде бесеу), бірлік;
      3) өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің кемінде 20 %-ға өсуі.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Инвестициялардың өсуін және тиімділігін қамтамасыз ету» 1-мақсатына жету нәтижесінде:
      1) ӘКК-нің инвестициялық қоржын көлемінің өсуі 2015 жылы 3 %-ды құрап, бұл көрсеткіш 2023 жылға қарай біртіндеп 5 %-ға дейін өседі;
      2) жыл сайын іске қосылатын инвестициялық, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын жобалар санының жалпы шамасы 70 бірлікті құрайды;
      3) өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің кемінде 20 %-ға өсуі қамтамасыз етіледі.

      2-мақсат. ӘКК табыстылығын ұлғайту

      Міндеттер:
      1) кірістілікті ұлғайту;
      2) ӘКК қызметінің рентабельділігін ұлғайту.

      Іс-шаралар:
      1) инвестициялық қоржынның кірістілігін арттыру;
      2) кірістілік пен ӘКК-нің уақытша бос қаражатын орналастыру сенімділігінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету;
      3) кіріс алу көздерін кеңейту;
      4) ӘКК әкімшілік шығыстарының құрылымын оңтайландыру;
      5) қарыз алудың арзан көздерін іздеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) жыл қорытындысы бойынша ӘКК таза пайдасы, млн. теңге;
      2) жыл қорытындысы бойынша бір қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге;
      3) ӘКК активтерінің рентабельділігі, %.

      Күтілетін нәтижелер:
      ӘКК «ӘКК табыстылығын ұлғайту» 2-мақсатына жету нәтижесінде:
      1) ӘКК таза пайдасы 2015 жылға қарай 40 млн. теңгені құрап, 2023 жылға қарай 250 млн. теңгеге жетеді;
      2) бір қызметкерге шаққандағы таза пайда 2015 жылы 1,3 млн. теңгені құрап, 2023 жылға қарай 8,3 млн. теңге көрсеткішіне жетеді;
      3) 2015 жылы активтердің рентабельділігі 0,7 %-ға дейін жетіп, бұл мән 2023 жылға қарай 2,3 %-ға дейін өседі.

      3-мақсат. Мемлекеттік активтерді оңалту

      Міндеттер:
      1) оңалту (сауықтыру) жөніндегі іс-шараларды жүргізу, қайта құрылымдау және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін қызметінің сипаты коммерциялық бағытталған мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) іздеу;
      2) берілген мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) қаржылық сауықтыру жөніндегі даму перспективаларына талдау жүргізу.

      Іс-шаралар:
      1) қаржылық сауықтыру (оңалту), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа өндірістерді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізудің орындылығы тұрғысынан қаржылық-шаруашылық қызметті талдау/берілетін кәсіпорынды/активтерді кешенді талдау;
      2) берілетін кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарын талдау және/немесе берілетін активтерді сауықтыру (оңалту), қайта құрылымдау  және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын талдау;
      3) бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер, маркетингтік зерттеулер, берілетін кәсіпорын/актив үшін сауықтыру жөніндегі жоспарлар әзірлеу;
      4) кейіннен бәсекелі ортаға беру үшін мемлекеттік активтерді (кәсіпорынды) оңалтуға (сауықтыруға) қатысу мүмкіндігі мақсатында инвесторлар іздеу;
      5) қаржылық сауықтыру, қайта құрылымдау және берілген мемлекеттік активтер (кәсіпорын) негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:
      1) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Мемлекеттік активтерді оңалту» деген 3-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде 2017 жылы ӘКК бір кәсіпорынды оңалтуды жүзеге асырады, ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі кәсіпорынға дейін жетеді.
      Берілген кәсіпорындардың немесе проблемалы активтер берілген кәсіпорындардың орнықты қаржылық жағдайына қол жеткізу кәсіпорынды оңалту (сауықтыру) нәтижесі болмақ.

      2-ҚСБ. «Өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау»
      Мақсат. Өңірдің өсу нүктелерінде бизнес бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру

      Міндеттер:
      1) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту (индустриялық аймақтар, бизнес инкубаторлар);
      2) кластерлік бастамаларды дамыту;
      3) ірі компаниялармен бірге әріптестік бағдарламаларды дамыту.

      Іс-шаралар:
      1) өңірде шағын кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның тиімді объектілерін құруға ықпал ету;
      2) оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру жолымен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау;
      3) ӘКК жүзеге асыратын бағдарламалар шеңберінде жеңілдікті кредит беру;
      4) «серпінді» жобаларды қолдау;
      5) шикізаттық емес секторда кластерлік бастамаларды қолдау;
      6) өңірдегі ірі компаниялармен әріптестік қатынас орнату және оны нығайту;
      7) өңірдегі ірі компаниялардың айналасынан жергілікті өнім берушілердің желісін дамыту үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастық;
      8) АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру және оны сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысу және көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кепілдіктер беру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың көлемі (жыл сайын кемінде екеу), оның ішінде Global-2000 тізімінен (2023 жылға дейін кемінде үшеу), бірлік;
      2) өңірде құрылған бизнес-инкубаторлар саны, бірлік;
      3) өңірдегі ӘКК қатысатын бірыңғай кластер кәсіпорындарының саны, бірлік.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Өңірдің өсу нүктелерінде бизнес бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру» деген мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде:
      1) тартылған шетелдік инвесторлардың саны 16 бірлікті құрайды (оның ішінде Global-2000 тізімінен үшеу);
      2) өңірде құрылған бизнес-инкубаторлардың санын 2015 жылы біреуден бастап 2023 жылы үшеуге дейін жеткізу;
      3) өңірдегі ӘКК қатысатын бірыңғай кластер кәсіпорындарының саны 2014 жылы 2 деген мәнді көрсетіп, 2023 жылға қарай біртіндеп 27-ге дейін ұлғаяды.

      3-ҚСБ. «ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін, ішкі ортаны дамыту»
      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату.

      Міндет:
      1) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

      Іс-шаралар:
      1) практикаға корпоративтік басқару кодексін енгізу және оньщ стандарттарын жетілдіру;
      2) ӘКК Директорлар кеңесінің кәсіпқой құрамын қалыптастыру;
      3) ӘКК-ге және оның еншілес құрылымдарына ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі корпоративтік басқару рейтингін беру жөнінде жұмыстар жүргізу;
      4) акционерлердің құқықтарын іске асырудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
      5) ӘКК қызметіне тәуекел менеджментін енгізу;
      6) компанияда адами әлеуетті дамыту;
      7) ақпаратты ашу мен қызметтің ашықтығы жүйесін қалыптастыру;
      8) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен корпоративтік басқару стандарттарын енгізу;
      9) ӘКК компаниялар топтары қызметінің операциялық нәтижелілігін арттыру және синергияның тиімділігін күшейту;
      10) ӘКК-дегі корпоративтік басқаруды регламенттейтін ішкі құжаттар жүйесін жетілдіру;
      11) ӘКК-нің БАҚ-тағы ақпараттық-имидждік қызметін жандандыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:
      1) корпоративтік басқару рейтингін алу.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату» деген 1-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде 2015 жылы корпоративтік басқарудың сапалы жүйесі құрылатын болады. Корпоративтік басқару рейтингінің мәні 2015 жылы 3-ті құрал (орташа деңгей), 2023 жылы бұл деңгей біртіндеп 6-ға дейін (жоғары деңгей) өсетін болады.

      2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту

      Міндеттер:
      1) ӘКК қызметінің шеңберінде қаржылай емес қолдау көрсету;
      2) барынша ашықтықты, сондай-ақ ӘКК қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсартуды қамтамасыз ету;
      3) көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.

      Іс-шаралар;
      1) қоржынды және басқа да компаниялар арасында коммуникацияларды дамыту және машықтармен алмасу;
      2) өнімнің нарықтағы неғұрлым белсенді брендингіне жәрдемдесу;
      3) бизнес жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;
      4) корпоративтік сайт контентін ӘКК қызметі туралы өзекті, әрі жедел ақпаратпен үнемі жаңартып тұру;
      5) ӘКК-нің тұтынушымен кері байланысын жолға қою, кездесулер, форумдар, презентациялар өткізу;
      6) тұтынушылардың ықтимал ескертулерін жою мақсатында өңірдің кәсіпкерлеріне ұдайы сауалнама жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) ӘКК интернет-ресурсына кірушілер саны;
      2) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны;
      3) облыс кәсіпкерлерінің ұсынылған көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану %-ы.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту» 2-мақсатына жеткен кезде:
      1) 2015 жылы корпоративтік веб-сайтқа кірушілер санын 5 000-ға жеткізу;
      2) 2023 жылы - 33 000 кіру.
      Келіп түскен бизнес-өтінімдер саны бойынша мыналар жоспарланады:
      1) 2014 жылы бірлескен жобаларды іске асыруға 25 өтінім алу;
      2) 2023 жылы өтінімдер санын 120-ға жеткізу.
      Облыс кәсіпкерлерінің ӘКК қызметіне қанағаттану коэффициентінің мәні бойынша:
      1) 2015 жылы 40 %-дық мәнге қол жеткізу жоспарланады;
      2) 2023 жылы - 93 %.

      3-мақсат. Тиімді кадр саясатын қалыптастыру
      Міндеттер:
      1) қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
      2) кадрлар ауысуын азайту.

      Іс-шаралар:
      1) семинарлар, тренингтер мен біліктілігін арттыру курстарына қатысу;
      2) ӘКК қызметкерлерін ынталандыру жүйесін енгізу;
      3) қызметкерлер үшін әлеуметтік пакетті енгізу;
      4) кәсіпкерлікте жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді тарту;
      5) қызметке "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту;
      6) шетелдік мамандарды тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) кадрлардың тұрақтамау коэффициенті, %;
      2) оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті, %;
      3) «Болашақ» бағдарламасының түлектері, озық шетелдік университеттерде оку бітірушілер, сондай-ақ шетелдік мамандар қатарынан шақырылған жұмыскерлер саны.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Тиімді кадр саясатын қалыптастыру» деген 3-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК мыналарды жоспарлайды:
      1) 2014 жылы кадрлардың тұрақтамауының 9 %-дық, 2023 жылы -3 %-дық мәніне қол жеткізу.
      Оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті бойынша мыналар жоспарланады:
      1) 2014 жылы 25 %-дық, 2023 жылы - 90 %-дық мәнге қол жеткізу.
      «Болашақ» бағдарламасының түлектері, алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерде оқу бітірушілер қатарынан шақырылған жұмыскерлер саны.
      1) 2014 жылы - 4, 2023 жылы - 7.

      4-ҚСБ. «Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу»
      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру

      Міндеттер:
      1) өңірлік инновациялық жүйені дамыту;
      2) инновациялық белсенділікті ынталандыру.

      Іс-шаралар:
      1) инновациялық инфрақұрылымның жай-күйі мен дамуын зерттеу;
      2) индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықта;
      3) арнайы экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар,
технопарктер, бизнес-инкубаторлар, конструкторлық бюролар,
коммерцияландыру кеңселерін, тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық
қорларын, R&D орталықтар, зертханалар, инжинирингтік және жобалық
компаниялар құру және дамыту;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
      5) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялы өндірістерді дамытуды қолдау;
      6) сынақ зертханаларын құруда және жаңғыртуда, оның ішінде шекара маңындағы сауда орталықтарын, арнайы экономикалық аймақтар салу шеңберінде, оның ішінде инвестициялық жобалар шеңберінде қолдау;
      7) жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін пайдаланудан алынған қаражаттың 1 %-ын ҒЗТКЖ-ға жіберу, оны технопарктердің, коммерцияландыру орталықтарының, тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорларының, R&D орталықтардың, зертханалардың, инжинирингтік және жобалық компаниялардың жұмысына жіберу;
      8) бизнес-идеялар мен жобаларды іздеу, талдау және сүйемелдеу;
      9) инновациялық бизнес-идеялар мен жобалар банкін қалыптастыру;
      10) кейіннен коммерцияландыру мақсатында неғұрлым перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертапқыштық ұсыныстарды іріктеп алу;
      11) құрылатын және жұмыс істеп тұрған өндірістердің энергия тиімділігін арттыруға және энергия сыйымдылығын төмендетуге жәрдемдесу;
      12) инновациялық процестерді ауқымды ақпараттық-насихаттық қолдау;
      13) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облыс атынан республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтері мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны;
      2) уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялар саны;
      3) баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар пайдаланылатын жобалар саны.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру» деген 1-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде инновациялық процестердің интеграторы ретінде ӘКК облыста инновациялық инфрақұрылым қалыптастырмақ, онда 2017 жылы 1 элемент (арнайы экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, конструкторлық бюролар, коммерцияландыру кеңселері, тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорлары, R&D орталықтар, зертханалар, инжинирингтік және жобалық компаниялар), ал 2023 жылы 3 элемент болады.
      Уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялар саны 2017 жылы 3 бірлікке, ал 2023 жылы 15 бірлікке жетеді.
      Іске асырылып жатқан, энергия тиімді және (немесе) энергия үнемдеуші технологиялар пайдаланылатын жобалар саны 2017 жылы 5 бірлікке, ал 2023 жылға қарай 14 бірлікке дейін жетеді.

      2-мақсат. Өңір экономикасына инвестициялардың құйылуын ынталандыру

      Міндеттер:
      1) перспективалы жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
      2) жобаларды үлескерлікпен қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қаржы алуда инвесторларға көмек көрсету.

      Іс-шаралар:
      ӘКК базасында Инвесторларға қызмет көрсету орталығын (бұдан әрі - ИҚО) құру және дамыту жоспарланып отыр, оның негізгі міндеттері өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу мен инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу болып табылады.
      Инвесторларға қызмет көрсету орталығының функциялары:
      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;
      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде «бірінші терезе» функцияларын жүзеге асыру;
      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;
      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және енгізу;
      5) Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;
      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңқайын құру;
      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;
      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      9) жергілікті кәсіпкерлер үшін инвестициялар тартуға және оны тиімді пайдалануға қатысты оқыту семинарларын өткізу;
      10) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, «дөңгелек үстелдерін» ұйымдастыру;
      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар/көрмелер ұйымдастыру;
      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;
      13) Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;
      14) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер көрсету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) бизнес-жобаларға тартылған жеке меншік инвестициялардың жалпы көлемі;
      2) ИҚО сервистік қызмет алған кәсіпкерлер саны.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Өңір экономикасына инвестициялардың құйылуын ынталандыру» деген 2-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде тартылған жеке меншік инвестициялардың жалпы көлемі 2014 жылы 900 млн. теңгені құрайды, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 2800 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.
      ИҚО сервистік қызмет алған кәсіпкерлер саны 2014 жылы 20 болады, бұл көрсеткіш жыл сайын біртіндеп өсіп, 2023 жылы 80-ге дейін жетеді.

      3-мақсат. Орнықты әрі өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

      Міндет:
      1) өз бетімен жұмыс істейтін, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халықты өнімді экономикалық қызметке жұмылдыру

      Іс-шаралар:
      1) халыққа микрокредит беру процесін жетілдіру;
      2) қаржыландырылған жобаларды мониторингтеу жүйесін жетілдіру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) қаржыландырылған жобалар саны;
      2) микрокредиттердің қайтарылу коэффициенті;
      3) микрокредит беру бағдарламасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны.

      Күтілетін нәтижелер:
      «Орнықты әрі өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру» деген 3-мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде қаржыландырылған жобалар саны 2014 жылы 100-ге жетеді, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1500-ге дейін ұлғаяды.
      Микрокредиттердің қайтарылу коэффициенті 2014 жылғы 80 %-дық деңгейден 2023 жылы 94 %-дық көрсеткішке жетеді.
      Микрокредит беру бағдарламасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны қаржыландырылған жобалар санына тікелей байланысты бола отырып, 2014 жылы 200 болады, бұл мән 2023 жылға қарай 3000-ға дейін өседі.
      Стратегияның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін бірқатар сандық және сапалық индикаторлар әзірленді. Олар ӘКК-нің жаңа миссиясы мен пайымын енгізудің жалпы процесін, болжамды инвестициялық қоржынды қалыптастыруды (қайта құрылымдауды және әзірлеуді қоса алғанда) және ішкі ұйымдық өзгерістерді жүргізуді қамтиды.
      ӘКК осы индикаторларға қатысты өз нәтижелерін қадағалап отырады және барлық қажетті ресурстары мен күш-жігерін осы нысаналы мәндерге қол жеткізуге жұмсайтын болады.
      Сондай-ақ, Стратегияны іске асыру мақсатында ӘКК дамытудың бесжылдық жоспарлары әзірленеді, ол Стратегияны іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезең ішінде жүзеге асырылатын іс-шараларды нақтылайды және айқындайды.

«Байқоңыр» (Байконур)» әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамының
2014 - 2023 жылдарға арналған  
даму стратегиясына       
қосымша             

«Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған стратегиялық даму қызметінің негізгі түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі - ҚТК)

1-ҚСБ. Активтердің құнын ұлғайту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

1-мақсат. Инвестициялардың өсуін және тиімділігін қамтамасыз ету

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Жыл нәтижесі бойынша ӘКК-нің инвестициялық қоржын көлемінің өсуі, %

3

3

3

3

4

4

4

5

5

5

2-ҚТК. Жыл сайын іске қосылатын инвестициялық, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын жобалар саны (жыл сайын кемінде бесеу), бірлік

5

5

5

6

7

7

7

8

9

10

3-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің кемінде 20 %-ға өсуі, %.

101

102

104

105

108

111

114

116

118

120

      2-мақсат. ӘКК пайдалылығын ұлғайту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Жыл қорытындысы бойынша ӘКК таза пайдасы, млн. теңге

-

25

40

60

90

120

150

180

210

250

2-ҚТК. Жыл қорытындысы бойынша бір қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге

-

0,8

13

2

3

4

5

6

7

8,3

3-ҚТК. ӘКК активтерінің рентабельділігі, %

-

0,6

0,7

0,8

1

1,2

1,4

1,7

2

2,3

      3-мақсат. Мемлекеттік активтерді оңалту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны, бірлік

-

-

-

-

1

1

1

1

2

2

      2-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      1-мақсат. Өңірдің өсу нүктелерінде бизнес бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың көлемі (жыл сайын кемінде екеу),
оның ішінде Global-2000 тізімінен (2023 жылға дейін кемінде үшеу), бірлік

2

-

2

-

2

-

2

-

2

-

1

1

2

-

1

1

2

-

1

1

2-ҚТК. Өңірде құрылған бизнес-инкубаторлар саны, бірлік

-

-

1

1

1

1

2

2

3

3

3-ҚТК. Өңірдегі ӘКК қатысатын бірыңғай кластер кәсіпорындарының саны, бірлік

-

2

4

6

9

12

15

19

23

27

      3-ҚСБ. ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін, ішкі ортаны дамыту

      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК.Корпоративтік басқару рейтингін алу

-

-

3

-

4

-

5

-

-

6

      2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ӘКК интернет-ресурсына кірушілер саны

5

7

9

12

15

18

21

25

29

33

2-ҚТК.
Қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны

30

40

50

60

70

80

90

100

110

120

3-ҚТК.
Облыс кәсіпкерлерінің ұсынылған қызметтердің сапасына қанағаттану %-ы

40

50

60

70

75

80

85

88

90

93

      3-мақсат. Тиімді кадр саясатын қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Кадрлардың тұрақтамау коэффициенті, %

9,0

8,0

6,0

5,0

4,0

4,0

3,6

3,4

3,2

3

2-ҚТК. Оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті, %

25

45

50

60

65

70

75

80

85

90

3-ҚТК. «Болашақ» бағдарламасының түлектері, алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерде оқу бітірушілер, сондай-ақ шетелдік мамандар қатарынан шақырылған жұмыскерлер саны

-

1

3

3

3

4

4

5

6

6

      4-ҚСБ. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтері мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны

-

-

-

-

1

-

-

2

-

3

2-ҚТК. Уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялар саны

-

-

1

2

3

5

7

9

12

15

3-ҚТК. Баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар пайдаланылатын жобалар саны

-

-

2

3

5

7

9

10

12

14

      2-мақсат. Өңір экономикасына инвестициялардың құйылуын ынталандыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Бизнес-жобаларға тартылған жеке меншік инвестициялардың жалпы көлемі, млн. теңге

900

1000

1100

1200

1400

1600

1900

2200

2500

2800

2-ҚТК.Инвесторларға қызмет көрсету орталығынан сервистік қызмет алған кәсіпкерлер саны

20

25

30

40

50

60

65

70

75

80

      3-мақсат. Орнықты әрі өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК.Қаржыландырылған жобалар саны

100

200

300

450

600

750

900

1100

1300

1500

2-ҚТК.Микрокредиттердің қайтарылу коэффициенті, %

100

80

82

84

86

87

88

90

92

94

3-ҚТК.Микрокредит беру бағдарламасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны

200

400

600

900

1200

1500

1800

2200

2600

3000