Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 674 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 674 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығын қараңыз.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында  жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшін жоятын 1-тармақтың 1)3) тармақшаларын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 г., № 26, 416-құжат).
      3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1)3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 586 қаулысымен   
бекітілген     

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар
жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) кеңсе немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      3) www.egov.kz.  «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызмет көрсетуінің  рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына берілетін аттестат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО-ның жұмыс кестесі — бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді;
      ХҚО-ға:
      1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді.
      Порталда электрондық өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
      Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), сәйкестендіруге қажетті шығарылған жылы, шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.
      Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың, оқу құралдары қорының болуы және мазмұны, олардың сарапталып отырған оқыту түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      2) әрбір оқу түрі, кәсібі бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтерді;
      4) материалдық база: оқу сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдісін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірибесі үшін базаның болуы туралы мәліметтерді;
      5) оқу ұйымының штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар мамандардың кәсібилігі туралы мәліметтерді. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен келісім шарттардың болуын қамтуы тиіс.
      Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, әдістемелік материалдардың болуы және мазмұны, олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін ұйымның техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтерді;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама бойынша жұмыстар жүргізу үшін ұйым персоналының біліктілігі және бейінді білімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап үш ай бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО-ның қызметкері уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) ХҚО-ға:
      құжаттардың нөмірі мен қабылдау күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні мен орны (уақыты);
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмауы;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
      Көрсетілген себептерді жою кезінде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойышна шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      ХҚО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген
жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-га өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің www.emer.kz, «Заңды тұлғаларға» бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімі;
      2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-98-20, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік    
қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу
құқығына аттестаттау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша              

Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ТЖМ  
Төтенше жағдайларды және   
өнеркәсіптік қауіпсіздікті  
мемлекеттік бақылау комитетінің
төрағасы           
_______________________ мырзаға

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат алуға

Өтініш

__________________________________________ «Азаматтық қорғау туралы»
                (ұйым атауы)
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын
басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін
қарап,
____________________________________________________________________
                                (ұйым атауы)
өнеркәсіптің мынадай салаларында: __________________________________
                                      (өнеркәсіп саласын көрсету)
өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына:
____________________________________________________________________
         (қызметтің түрін көрсету) аттестат беруіңізді сұраймын.

      Қосымшалар:
      Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды.
      Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________  _______________________________
      (ұйым басшысының лауазымы)      (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ө.)

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар жүргізу құқығына   
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына            
2-қосымша                  

(Тегі, аты, болған жағдайда  
әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘ),
не қызмет алушы ұйымының атауы)

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3) ....
      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      ТАӘ (ХҚО қызметкері)                           (қолы)

      Орындаған: ТАӘ _________
      Телефоны _________
      Алдым: ТАӘ/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___ж. «__»________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 586 қаулысымен   
бекітілген      

«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) кеңсе немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталта жүгінген кезде - күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО-ның жұмыс кестесі - бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолдану саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптама қорытындысы.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалары қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы;
      ХҚО-ға:
      1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптама қорытындысы;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптама қорытындысын ұсынады.
      Порталда электрондық өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
      Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіруге қажетті шығарылған жылы, шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде қолданылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы-мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану үдерісіндегі, авария, инциденттер жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
      13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) осы технология бойынша технологиялық үдерісті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде пайда болатын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) осы материалды қолдану кезінде пайда болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап үш ай бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО-ның қызметкері уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) ХҚО-ға:
      құжаттардың нөмірі мен қабылдау күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні мен орны (уақыты);
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
      3) портал арқылы — көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      ХҚО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының  заңнамасындабелгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-ға өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары
мынадай интернет-ресурстарда:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің www.emer.kz  «Заңды тұлғаларға» бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімі;
      2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-98-20, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Қауіпті өндірістік объектілерде   
қолданылатын технологияларды,    
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды    
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
1-қосымша               

Жеке немесе заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы        
ТЖМ Төтенше жағдайларды және      
өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
бақылау комитетінің төрағасы     
_________________________ мырзаға  

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруге
Өтініш

________________________________ «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
            (ұйым атауы)
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа ала
отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап,
___________________________________________________________________
                            (ұйым атауы)
мынадай: __________________________________________________________
(технологиялардың, техникалық құрылғылардың материалдардың атауы)

қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат беруіңізді сұрайды.
Қысқаша сипаттама: ________________________________________________
                     (технологиялардың, техникалық құрылғылардың,
                   материалдардың қолданылу мақсаты туралы қысқаша
                    ақпарат және оларды қолдану саласы көрсетіледі)

      Қосымшалар:
      Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық
қорытынды.
      Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      ___________________________    ______________________________
      (ұйым басшысының лауазымы)     (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)

«Қауіпті өндірістік           
объектілерде қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды, 
қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына            
2-қосымша                

(Тегі, аты, болған жағдайда әкесінің
аты (бұдан әрі - ТАӘ),      
не қызмет алушы ұйымының атауы)  
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету), «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _________________________;
      2) _________________________;
      3) ....
      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      ТАӘ (ХҚО қызметкері)                                     (қолы)

      Орындаған: ТАӘ ___________
      Телефоны __________
      Алдым: ТАӘ/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ж.«__» ________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 586 қаулысымен   
бекітілген      

«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) кеңсе немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - тіркеу шифрін бере отырып, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу.
      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарап, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды ұсынады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО-ның жұмыс кестесі - бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мерзімі аяқталудан бір күн бұрын ұсынады;
      3) порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы
куәландырылған электрондық құжат түріндегі қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
      3) декларацияның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптама қорытындысы;
      ХҚО-ға:
      1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат түріндегі қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
      3) декларацияның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптама қорытындысы;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат түріндегі қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
      3) декларацияның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сараптамалық қорытынды ұсынады.
      Порталда электрондық өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
      Декларацияның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісінің қысқаша сипаттамасы мен мақсатына;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдық-техникалық іс-шараларды;
      12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, инциденттердің қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап үш ай бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сарапта ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мерімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) ХҚО-ға:
      құжаттардың нөмірі мен қабылдау күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, I мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысынын атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      ХҚО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының  заңнамасындабелгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-ға өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің www.emer.kz «Заңды тұлғаларға» бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімі;
      2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-98-20, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Қауіпті өндірістік объектінің  
өнеркәсіптік қауіпсіздік     
декларацияларын тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша            

Жеке немесе заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ТЖМ  
Төтенше жағдайларды және   
өнеркәсіптік қауіпсіздікті  
мемлекеттік бақылау комитетінің
төрағасы           
______________________ мырзаға

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруге

Өтініш

______________________________ «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
         (ұйым атауы)
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала
отырып, Сізден қоса беріліп отырған өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларациясын қарауды және оған тіркеу шифрін беруді сұрайды.

      Қосымшалар:
      Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
      Сараптама қорытындысы.
      Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      _____________________________ _____________________________
       (ұйым басшысының лауазымы)    (ұйым басшысының қолы)

«Қауіпті өндірістік объектінің  
өнеркәсіптік қауіпсіздік     
декларацияларын тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша             

(Тегі, аты, болған жағдайда  
әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘ),
не қызмет алушы ұйымының атауы)

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету). «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________;
      2) ___________________;
      3) ....
      Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарап үшін бір данадан.

      ______________________                   __________
       ТАӘ (ХҚО қызметкері)                      (қолы)

      Орындаған: ТАӘ ____________
      Телефоны __________________
      Алдым: ТАӘ/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ж. «__» _______