Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9622 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1404) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
      4-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

Б. Сұлтанов