Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 322 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы).»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба ____________________________________________________
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiнде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттарының ауылдық, кенттiк кеңесiнiң, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;»;
      1) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «СТН________________,» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖСН_____________________,»;
      «Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      2) көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:
      «Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасында:
      3-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Орталық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, ауыл әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін, ішкі істер органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.»;
      2) 1-қосымшада:
      «Менің (СТН) ___________________ ӘЖК _____________________» деген жол алынып тасталсын;
      «Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Төленетін ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығу, сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.» деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
      8. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
      1) көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      мына:
      «Жұмыс беруші ____________________________________________
________________________________________________________________
                (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
________________________________________________________________
                  тіркеу нөмірі, тіркелген күні;
________________________________________________________________
      жеке тұлға үшін: Т.А.Ә., паспорт мәліметтері, үйінің мекенжайы)»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс беруші ____________________________________________ ________________________________________________________________
             (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
________________________________________________________________
               тіркеу нөмірі, тіркелген күні, БСН;
________________________________________________________________
      жеке тұлға үшін: Т.А.Ә., ЖСН, үйінің мекенжайы)»;
      2) көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
      «СТН:_____________, ЖСН__________________, БСН: ______________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖСН____________________, БСН _________________»;
      3) көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:
      «Қолданыстағы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарымен таныстым» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Жұмысқа орналасуға рұқсат беру/ұзарту үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».