Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 322 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы).»;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба ____________________________________________________
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш иесі өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға немесе ол болмаса кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Жүгінген кезде өтініш иесі осы Ережеге 1234-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша өтініш, өтініш иесінің отбасы құрамы, өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің бланкілерін (бұдан әрі – құжаттар) тегін алады.
      Құжаттарды өтініш иесінің өзі толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда – еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелерін көрсете отырып, оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне тапсырады.»;
      56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иесінен құжаттарды алғаннан кейін оларды бірден тіркейді және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы растау қағазын береді.
      Өтініш уәкілетті органда немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекітілген журналға тіркеледі.
      Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.
      Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның актісімен бекітілетін Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітетін Учаскелік комиссиялар туралы ережелермен реттеледі.
      Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш иесінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі – тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
      6. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иелерінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иелерінің құжаттарын учаскелік комиссиялардың қорытындыларын қоса бере отырып, уәкілетті органға тапсырады.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі қабылданған құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган оларды бірден тіркейді.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкілетті орган құжаттарды өтініш иесінен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысын қарайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бекітетін нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды, бас тартылған жағдайда – тағайындаудан бас тартудың себебін көрсетеді.»;
      2) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын – 3 данада 2-4-қосымшалар.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      «уәкілетті органның құжаттардың ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі 200_ж. «__» _______ құжатты қабылдап алған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті органның құжаттардың ауылдың, ауылдық округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі 20__ж. «__» _______ құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы»;
      3) көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
      «ӘЖК № _____________________________» деген жол алынып тасталсын;
      «Менің отбасым____________ адамнан тұрады.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      «уәкілетті органның ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 20_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы ____________________;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 20_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы _______________________;».
      3. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесінде:
      2) көрсетілген Ережеге 19-қосымшада:
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесiнде:
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган қол қойған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген бала туғанда және (немесе) бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысанында:
      «Құжаттарды сканерлеуге және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті мәліметтер сұратуға келісім беремін.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бала туғанда және (немесе) бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      «20__ ж. «___» _____________
      Өтініш иесінің қолы __________________» деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Өтініш қабылданды 20__ж. « » ___________________ № ___
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы____»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініштің нысанында:
      «Құжаттарды сканерлеуге және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті мәліметтер сұратуға келісім беремін.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындауға арналған өтініштің нысанында:
      «Құжаттарды сканерлеуге келісім беремін.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiнде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттарының ауылдық, кенттiк кеңесiнiң, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;»;
      1) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «СТН________________,» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖСН_____________________,»;
      «Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      2) көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:
      «Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасында:
      3-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Орталық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, ауыл әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін, ішкі істер органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.»;
      2) 1-қосымшада:
      «Менің (СТН) ___________________ ӘЖК _____________________» деген жол алынып тасталсын;
      «Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Төленетін ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығу, сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.» деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
      7. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 832-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
      13-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
      көрсетілген Стандартқа 1-қосымшада:
      «9) __________________ 10) __________________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
      көрсетілген Стандартқа 1-қосымшада:
      «9) __________________ 10) __________________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);»;
      көрсетілген Стандартқа 1-қосымшада:
      «Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ________________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
      көрсетілген Стандартқа 1-қосымшада:
      «Жақын туыстары туралы деректер: _____» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік бейімдеуден және оңалтудан өту үшін уақытша болуға қабылдау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін».
      2-қосымшада:
      мына:
      «9. Бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)

Құжат түрі

Нөмірі/сериясы

Берілген күні

Мерзімі

Кім берді

Жеке куәлік





Паспорт





СТН





ӘЖК





                                                              »
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін белгілеу)

Құжат түрі

Нөмірі/сериясы

Берілген күні

Қолданылу мерзімі

Кім берді

Жеке куәлік





Паспорт





                                                                »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
      «9-1. ЖСН ________________________________».
      8. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
      1) көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      мына:
      «Жұмыс беруші ____________________________________________
________________________________________________________________
                (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
________________________________________________________________
                  тіркеу нөмірі, тіркелген күні;
________________________________________________________________
      жеке тұлға үшін: Т.А.Ә., паспорт мәліметтері, үйінің мекенжайы)»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс беруші ____________________________________________ ________________________________________________________________
             (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
________________________________________________________________
               тіркеу нөмірі, тіркелген күні, БСН;
________________________________________________________________
      жеке тұлға үшін: Т.А.Ә., ЖСН, үйінің мекенжайы)»;
      2) көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
      «СТН:_____________, ЖСН__________________, БСН: ______________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖСН____________________, БСН _________________»;
      3) көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:
      «Қолданыстағы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарымен таныстым» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Жұмысқа орналасуға рұқсат беру/ұзарту үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».