Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген      

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн,
шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни
бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне немесе шетелдiк дiни орталықтың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктердің басшыларын тағайындауына келiсім-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
      3) шетелдiк дiни бiрлестiктің пайда болу тарихы мен діни наным негіздерін ашатын, өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерден тұратын баспа діни материалдар;
      4) құрылтайшы шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қайылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған құжат;
      шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктердің басшыларын тағайындауына келiсу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер туралы, оның шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер қамтылған қолдаухат;
      2) үміткерді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн дiни бiрлестiктiң басшысы етiп тағайындау туралы шешiм;
      3) дiни бiрлестiктiң басшысы лауазымына үміткердің паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда, олардың қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiндегі аудармасы ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысының қызметi конституциялық құрылысына, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни 
бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни
орталықтардың Қазақстан        
Республикасындағы           
дiни бiрлестiктерінің басшыларын    
тағайындауын келiсу»          
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

өтініш нысаны

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы 
_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)              

Өтініш беруші ___________________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), мекенжайы мен телефоны.
Заңды тұлғалар үшін ұйымның атауы,   
почталық мекенжайы мен телефоны)    

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк дiни бiрлестiктің
қызметiне келiсім беру туралы өтініш

      Мен, __________________________________________________________
          (шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты
                                 (бар болса)
____________________________________________________________________,
        (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат
            (берілген күні, нөмер, құжатты берген орган)
____________________________________________________________________,
            (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)

Қазақстан Республикасы аумағындағы __________________________________
                                   (шетелдік дiни бiрлестiктің толық
                                                  атауы)
қызметіне келісуді сұраймын.

      Қосымша:
      1)
      2)

Өтініш берушінің қолы ______________ Өтініш берген күні _____________

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни  
бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни 
орталықтардың Қазақстан          
Республикасындағы             
дiни бiрлестiктерінің басшыларын     
тағайындауын келiсу»          
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

қолдаухат нысаны

Қазақстан Республикасы                    
Дін істері агенттігінің төрағасы          
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)  

шетелдiк дiни бiрлестiктiң басшысынан     
___________________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) мекенжайы мен телефоны)

Қазақстан Республикасында шетелдiк дiни орталықтың дiни
бiрлестiктің басшысын тағайындауы туралы қолдаухат

      Осымен Қазақстан Республикасындағы ____________________________
_____________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктің толық атауы)

басшысы ретінде ____________________________________________________,
               (Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысының
                         тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат
_____________________________________________________________________
            (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)
тағайындауға келісуіңізді сұраймын.

____________________________________________________________________
    (кандидаттың шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы
                        мәлiметтерді көрсету керек)
____________________________________________________________________,
    (шетелдік дiни орталықтың орналасқан жерi туралы мәліметтер)
____________________________________________________________________.
(құрылтайшы шетелдік діни орталықтың шетел мемлекетінің заңнамасы
     бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын құжат
  (тіркеу нөмірі, күні, құжатты берген орган, қолданылу мерзімі)
____________________________________________________________________.
    (шетелдiк дiни орталықтың ұстанатын дiнi мен орналасқан жері)

      Қосымша:
      1)
      2)

Өтініш берушінің қолы _____________ Өтініш берген күні ______________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген     

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дін істері басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргiзу мерзiмі сараптама объектісі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн;
      Осы көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тоқтатылғаннан (дінтану сараптамасы ұзартылған) бастап екі жұмыс күні ішінде оның мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату туралы хабарлайды;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар діни бірлестік берген құжат;
      4) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.
      Шет тіліндегі құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
      2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Миссионерлік қызметті жүзеге  
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша            

куәлік нысаны

____________________________________________________________ әкімдігі
(облысының, республикалық маңызы бар қаланың және астананың)        

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлік
________________________
(тіркеу нөмірі)

      _______ қаласы                            20  жылғы «  »

      Осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011
жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
____________________________________________________________ берілген
(куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және миссионер ретінде 20__ жылғы «___» __________ тіркелгенін
растайды.
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: ____________________________.
Алғашқы тіркелген күні 20__ жылғы «___» _____________________________
                           (қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

Паспорт немесе жеке куәлігі:
____________________________________________________________________.
           (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)
Азаматтығы: ________________________________________________________.
____________________________________________________________________.
    (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни
                            бірлестіктің атауы)

Осы куәлік 20__ жылғы «___» __________________ дейін жарамды.
Әкім не ол уәкілеттік берген тұлға (лауазымы мен тегi, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
Қолы __________________________________ Мөр
Бланк сериясы                           Бланк №

«Миссионерлік қызметті жүзеге  
асыратын тұлғаларды тіркеуді және 
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша              

өтініш нысаны

_______________________________________________
(облысының, республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың) әкіміне                            
_______________________________________________
(тегi, аты-жөні)              
өтiнiш берушi _______________________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты 
(бар болған жағдайда), мекенжайы және телефоны)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге)
өтініш

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты: ___________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы: _____________________________________
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күні, нөмірі,
құжатты берген орган) ______________________________________________.
Азаматтығы: ________________________________________________________.
____________________________________________________________________.
   (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни
                            бірлестіктің атауы)
Миссионерлік қызмет мерзімі: _______________________________________.
Визаның қолданылу мерзімі __________________________________________.
Қызметті жүзеге асыру аумағы: ______________________________________.
                (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

Мен, ___________________________________________________ миссионерлер
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)
қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен танысқанымды растаймын _________________________ (қолы).

Қосымша:

Өтініш берушінің қолы ____________ Өтініш берілген күн ______________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен 
бекітілген     

«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынылу нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің көшірмесі, не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Аталған құжаттар мынадай жағдайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына сондай–ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттың материалдардың түсуі; жеке тұлғалардың миссионерлер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші; жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелу;
      4) дінтану сараптамасының объектілері (діни бірлестіктің құрылтай құжаттары; діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктің құрылымын, діни ілімінің негіздерін, діни тәжірибесін айқындайтын құжаттар, сондай-ақ діни қызметтің нысандары мен әдістерін сипаттайтын құжаттар); рухани (діни) білім беру бағдарламалары; діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиеттер; діни мақсаттағы заттар). Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, оның мемлекеттік не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған теңтүпнұсқалы аудармасы беріледі.
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Дінтану сараптамасын жүргізу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                 

өтініш нысаны

Қазақстан Республикасы                
Дін істері агенттігінің төрағасы      
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)      

Өтініш беруші                         
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) мекенжайы мен    
телефоны. Заңды тұлғалар үшін    
почталық мекенжайы мен телефоны)  

Өтініш

      Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын
жүргізуді сұраймын: _________________________________________________
(авторы (және/немесе аудармашы, құрастырушы), басылым деректері (қала, баспасы, шыққан
                    жылы, бет саны) сараптама нысанының атауын көрсете отырып тізбелеу)
      Дінтану сараптамасын жүргізу __________________________________
__________________________________________________________ байланысты
  (себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен жағдайда ұйымның атауы
мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеуге өтініш
         берілген жағдайда,  қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған органды,
          Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда – әкеліну күнін көрсету
                                                                                 қажет)
Өтініш берушінің қолы, күні,
мөр (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген     

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» – мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (дін істері басқармаларымен келісім бойынша сәулет және қала құрылысы басқармалары) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, немесе үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімі немесе осы стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
      4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
      4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
      6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
      7) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Үйдің (ғимараттың) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу       
және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын   
өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына                 
1-қосымша                      

Өтініш нысаны

__________________ (облысының, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) әкіміне     
____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)        

Өтiнiш берушi                              

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн
ұйымның атауы, почталық мекенжайы және  
телефоны)                

ӨТIНIШ

      ____________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы
көлемi _________ гектар жер учаскесiнде ғибадат үйiн (ғимаратын) салу
туралы шешiм берудi сұраймын.
      Ғибадат үйi __________________________________________________.
                            (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ______________________.
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      _____________
        Қолы, күнi

      Мөрi (заңды тұлғаларға)

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу       
және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын    
өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына                
2-қосымша                     

Өтініш нысаны

__________________ (облысының, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) әкіміне     

____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)         

Өтiнiш берушi                              
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн
ұйымның атауы, почталық мекенжайы және  
телефоны)                 

ӨТIНIШ

      _____________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан _____________________________ үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi
(ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)
туралы шешiм берудi сұраймын.
      Ғибадат үйi __________________________________________________.
                            (конфессияға тиесiлiлiгi)
      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      ______________
        Қолы, күнi

      Мөрi (заңды тұлғаларға)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген     

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дін істері басқармалары (бұдан әрі – басқамалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну түрі: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркін нысандағы негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, сондай ақ үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жайдан (ғимараттан) бес жүз метр қашықтықта діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сот және құқық қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарының жоқ екендігі, сондай-ақ екі жүз метр қашықтықта мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар ғимараттарының жоқ екендігі көрсетілген);
      4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
      5) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға рұқсат етуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың     
орналастырылуын бекіту туралы шешім
беру» мемлекеттiк көрсетілетін  
қызмет көрсету стандартына    
қосымша             

өтініш нысаны

________________________________________ әкіміне
(облыс, республикалық маңызы бар қала,        
астана)                        
______________________________ (тегi, аты-жөні)

өтiнiш берушi                                 

_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң   
аты (бар болса), мекенжайы және телефоны,  
заңды тұлғалар үшiн заңды тұлға (басшысының 
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) атауы, 
почталық мекенжайы және телефоны)     

Өтініш

      Сізден __________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың
орналастырылуын бекіту туралы шешім беруіңізді сұраймын.

                                      Өтініш берушінің (жеке тұлғаның
                                      не заңды тұлға басшысының) қолы
                                      және күні

                                      мөр (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен  
бекітілген     

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дін істері басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру туралы еркін нысандағы негіздеме (ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауы; үй-жайларды салу мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны; үй-жайдан (ғимараттан) бес жүз метр қашықтықта діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сот және құқық қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарының жоқ екендігі, сондай-ақ екі жүз метр қашықтықта мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар ғимараттарының жоқ екендігі көрсетілген);
      4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
      5) осы үй-жай немесе ғимарат орналасқан ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) діни іс-шараларды өткізуге (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
      6) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
      7) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің аталған ғимаратта немесе үй-жайда діни іс-шараларды өткізуге (жақын маңда заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің үй-жайлары болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы хаты беріледі.
      Осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан артық болмауға тиіс.
      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Үй-жайдың мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған
үй-жайларды ғибадат үйлерінен  
(ғимараттарынан) тыс жерлерде  
орналастыруға келісу туралы шешім
беру» мемлекеттiк көрсетілетін 
қызметтер стандартына      
қосымша            

_________________________________________ әкіміне
(облысының, республикалық маңызы бар         
қаланың, астананың)                 
_________________________________________________
(тегi, аты-жөні)                 

өтiнiш берушiден                                
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
(діни бірлестік басшысының тегi, аты, әкесiнiң 
аты, діни бірлестіктің атауы, почталық     
мекенжайы және телефоны)            

Өтініш

      Сізден ___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісуді сұраймын.

                                     ________________________________
                                      діни бірлестік басшысының қолы

                                     ________________________________
                                       күнi, діни бірлестіктің мөрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 426-құжат);
      2. «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1086-құжат);
      3. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 385-құжат).
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 460 қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 және «Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 476-құжат).