Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Киров ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарағанды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі Киров ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Степная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Буденного" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Чапаев" көшесі – "Халықтар Достығы" көшесі;
      "Киров" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Плясункова" көшесі – "Ақжол" көшесі;
      "Крупская" көшесі – "Абай" көшесі;
      "Коммунистическая" көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "Речная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Почтовая" көшесі – "Мәңгілік ел" көшесі;
      "Больничная" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Колхозная" көшесі" – "Бірлік" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "Желтоқсан" көшесі;
      "Казахстанская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
      "Карагандинская" көшесі – "Қарағанды" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Сагидулина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды ауылдық
      округінің әкімі Д. Акмамбетов