Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 13, 166-құжат);
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 211 қаулысымен
бекiтiлген
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды
тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 8-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында, Департаменттердің ақпараттық стенділерінде орналастырылған.
5. Миссионерді тіркеу және қайта тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Куәлік осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделеді.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік отыз күн;
тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін діни сараптама жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама Департаменттерге сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 40 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) куәлікті алу кезіндегі күту уақыты – 1 сағаттан аспайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет күн сайын осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Департаменттердің жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Департамент ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру есігі бөлек рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсаттама Департаменттің тікелей қызмет көрсетуші лауазымды адамының телефон арқылы берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқық тәртібін сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген. Кіреберістің алды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) мемлекеттік қызметті алу үшін департаменттерге мынадай құжаттарды:
1) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесін;
2) миссионерлік қызмет аумағы мен мерзімі көрсетілген өтінішті;
3) діни бірлестік берген діни бірлестіктің атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжатты;
4) миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және оның жарғысының көшірмелерін;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар миссионер ретінде тіркелу үшін Департаменттерге қосымша мынадай құжаттарды:
миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде табыс етіледі.
Тұтынушы көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетеді.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде Департамент олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді. Құжаттардың толық және дұрыс болмауы фактілері белгіленген жағдайда Департамент құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Өтініш үлгісі Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет ресурсында және осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген Департаменттердің ақпараттық стенділеріне орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген департаменттерге тапсырылады.
14. Департаменттің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың өткізілгендігін растау болып табылады.
15. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкілге) куәлік осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларға жеке өзі келгенде беріледі.
Куәліктің берілуі берілген куәліктер журналында тіркеледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:
1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет болып табылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Жұмыс қағидаттары
17. Департамент мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде мынадай: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпараттың берілуі, әдептілік, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Агенттік басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі түсіндіреді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының тиісті Департаментке шағымдануға құқығы бар.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол беріледі.
23. Шағымды тиісті Департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым беруші адамға өтініштің тіркелген уақыты мен күні, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беріледі.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының
Дін істері департаменттерінің мекенжайлары мен жұмыс кестелері
р/с № |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмірлері |
Электрондық |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Ақмола облыстық Дін істері департаменті |
Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1 «б» |
8-7162-401603 |
akmola@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
2. |
Ақтөбе облысының Дін істері департаменті |
Ақтөбе қ., Әбiлқайыр хан даңғ., 40 |
8-7132-52343, 8-7132-46006 |
aktobe@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
3. |
Алматы облысының Дін істері департаменті |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38 |
8-7282-270638 |
zhetysu@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
4. |
Атырау облысының Дін істері департаменті |
Атырау қ., Әйтеке би көш., 77 |
8-7122-357464 |
atyrau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
5. |
Батыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Орал қ., Молдағалиев көш., 19 |
8-7112-506395 |
batys@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
6. |
Жамбыл облысының Дін істері департаменті |
Тараз қ., Достық даңғылы, 1 |
8-7262-438006 |
zhambyl@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
7. |
Қарағанды облысының Дін істері департаменті |
Қарағанды қ., Бейбiтшiлiк көш., 39 |
8-7212-20752, 8-7212-413410 |
karaganda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
8. |
Қостанай облысының Дін істері департаменті |
Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 66 |
8-7142-500633 |
kostanay@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
9. |
Қызылорда облысының Дін істері департаменті |
Қызылорда қ., Жақаев көш., 76 |
8-7242-263874 |
kyzylorda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
10. |
Маңғыстау облысының Дін істері департаменті |
Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1 үй |
8-7292-430332 |
mangystau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
11. |
Оңтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Шымкент қ., Бейбiтшiлiк көш., 3 |
8-7252-231640 |
ontustik@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі |
12. |
Павлодар облысының Дін істері департаменті |
Павлодар қ., Жеңiс алаңы, 15 |
8-7182-327325 |
pavlodar@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі |
13. |
Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Петропавл қ., Конституция көш., 58 |
8-7152-463025 |
sko@din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
14. |
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Өскемен қ., М. Горький көш., 40 |
8-7232-55024 |
shygys@din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі |
15. |
Астана қаласының Дін істері департаменті |
Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11 |
8-7172-327421 |
astana@din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
16 |
Алматы қаласының Дін істері департаменті |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
8-727-668603, 8-727-2672366 |
almaty@din.gov.kz |
Жұмыс күндері: |
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК № ________________________
тіркеу нөмірі
Астана қ. 20___ж.«___» _____________
осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
_____________________________________________________ берілген
миссионердің Т.А.Ә.
және миссионер ретінде 20___ж. «___» __________ тіркелгенін растайды.
(алғашқы тіркелген күні 20___ж. «___» __________)
Паспорт: ____________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:______________________________
_____________________________________________________________________
Осы куәлік 20___ ж.«___» ________ дейін жарамды.
Орган басшысы Қолы
Мөр
Бланк сериясы Бланк №
_____________________
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
___________________________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы және мекенжайы)
Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты: ___________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
(күні, нөмірі, құжатты берген орган)__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Миссионерлік қызмет мерзімі: ________________________________________
Визаның қолданылу мерзімі ___________________________________________
Қызметті жүзеге асыру аумағы: _______________________________________
Мен, ___________________________________________________ миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы).
Қосымша:
Өтініш берушінің қолы ____________
Өтініш берілген күн ____________
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.3. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |