Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.
Осы Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес әзірленді және кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер берілген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды.
2.
Еңбек сіңірген жылдар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдермен өзгеше белгіленбесе, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есептеледі.
Зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына:
1)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы (бұдан әрі - Қарулы Күштер) мерзімді және келісімшарттық әскери қызмет және бұрынғы КСРО-дағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердегі және осы Достастықтың Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті әскери қызмет, міндетті мерзімді әскери қызмет;
2)
қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу-жаттығу ұйымдарында ұшқыштар құрамының запастағы офицерлеріне оқып-үйретілген әскери қызметке шақырылған адамдардың іс жүзіндегі ұшу даярлығында болған уақыты - 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3)
әскери-құрылыс жасақтарындағы (бөлімдеріндегі) әскери құрылысшылар ретіндегі қызмет;
4)
әскери қызметші ерінің одан әрі әскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен әскери қызметші әйелдердің шетелде болған уақыты;
5)
бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы әскери қызметшілер лауазымдарындағы, ал 1955 жылғы 1 қазанға дейін - бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдар тізбесі бойынша жедел, жетекші және басшы құрамының лауазымдарындағы, ал басқа да лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап; 1955 жылғы 1 қазаннан бастап - әскери қызметшілер лауазымдарындағы қызмет;
6)
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет;
7)
прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарындағы офицерлер, басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарындағы (оның ішінде тағылымгерлер лауазымдарындағы) қызмет - лауазымға тағайындалған күнінен бастап;
8)
әскери қызметте немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі және бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарындағы қызметте қалдырумен Қазақстан Республикасының Үкіметі жіберген жағдайларда өкілдік және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген уақыт;
9)
Қарулы Күштерге, арнаулы мемлекеттік органдарға, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарына қызметке ауысқан жағдайларда сот органдарында судьялар лауазымдарында жұмыс істеген уақыт;
10)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы есептейтін қызметке қабылданғанға дейінгі қызметінің еңбек өтілі;
11)
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығы есептейтін қызметке қабылданғанға дейінгі қызметінің еңбек өтілі;
12)
Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін қызметке қабылданғанға дейінгі қызметінің еңбек өтілі;
13)
кеден органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және азаматтық қызметшілер лауазымдарындағы арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі;
14)
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде әскери бөлімдер мен бөлімшелер құрамында Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағындағы ұлтшыл астыртын ұйымдарды жою жөніндегі жауынгерлік операцияларға қатысқан уақыт;
15)
Ұлы Отан соғысы кезеңінде партизан жасақтары мен құрамаларындағы, халық жасақтары бөлімдері мен құрамаларындағы қызмет;
16)
егер тұтқынға ерікті түрде түспесе және көрсетілген адамдар тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты;
17)
негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылған, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, мәжбүрлеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты есептеледі.
3.
Қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін қызметтен негізсіз шығарылған, ал кейіннен денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеулер болмағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы комитеті (милиция) төрағасының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды адамдарының, Бас прокурордың, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі бастығының, сондай-ақ Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының шешімі бойынша заңсыз шығарылған деп танылуына байланысты қызметіне қайта тағайындалған Қарулы Күштер прапорщиктерінің, мичмандарының және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептеледі.
4.
Әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдарына, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақылар тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары жеңілдік шарттарында төмендегідей есептеледі:
1)
әрекеттегі армия айыптылар бөлімдерінің тұрақты құрамында қызметтің бір айы алты ай болып;
2)
қызметтің бір айы үш ай болып:
Жауынгерлік іс-қимылдар кезеңінде әрекеттегі армия құрамына кірген әскери бөлімдердегі, штабтар мен мекемелерде, партизан жасақтарындағы және халық жасағының құрамаларындағы;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде батыр қалаларда болған әрекеттегі армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы: Одессада 1941 жылғы 10 тамыздан бастап 16 қазанға дейін, Ленинградта 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін, Севастопольде 1941 жылғы 5 қарашадан бастап 1942 жылғы 4 шілдеге дейін, Сталинградта 1942 жылғы 12 шілдеден бастап 19 қарашаға дейін;
әрекеттегі армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе науқастануы салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыт;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағындағы ұлтшыл астыртын ұйымдарды жою жөніндегі жауынгерлік операцияларда, ал осы операцияларда жараланған, контузия алған немесе мертіккен кезде - емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыт;
1950 жылғы қарашадан бастап 1953 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан 64-ші жойғыш авиация корпусының құрамындағы;
әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан басқа елдердің аумағында болған әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелер мен бөлімшелерде: Венгрияда 1956 жылғы 24 қазаннан бастап 10 қарашаға дейін, Солтүстік Кореяда (оның ішінде Солтүстік Кореядағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан кеңес әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің аумағына орналастырылған ҚХР-да) 1950 жылғы маусымнан бастап 1953 жылғы шілдеге дейін, Алжирде 1962 жылдан бастап 1964 жылға дейін, Біріккен Араб Республикасында (Египет) 1962 жылғы 18 қазаннан бастап 1963 жылғы 31 наурызға дейін, 1967 жылғы маусымда, 1968 жылы, 1969 жылғы наурыздан бастап 1972 жылғы шілдеге дейін, 1973 жылғы 5 қазаннан бастап 1974 жылғы 31 наурызға дейін, 1974 жылғы маусымнан бастап 1975 жылғы ақпанға дейін, Йемен Араб Республикасында 1962 жылғы 18 қазаннан бастап 1963 жылғы 31 желтоқсанға дейін, 1967 жылғы қарашадан бастап 1969 жылғы желтоқсанға дейін, Вьетнамда 1961 жылғы қаңтардан бастап 1974 жылғы желтоқсанға дейін, Сирияда 1967 жылғы маусымда, 1970 жылғы наурыздан бастап шілдеге дейін, 1972 жылғы қыркүйектен бастап қарашаға дейін, 1973 жылғы қазанда, Мозамбикте 1967 1969 жылдары, 1975 жылғы қарашадан бастап 1979 жылғы қарашаға дейін, 1984 жылғы наурыздан бастап 1988 жылғы тамызға дейін, Эфиопияда 1977 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 1990 жылғы 30 қарашаға дейін, Бангладеш Халық Республикасында 1972 1973 жылдары, (ӘТФ корабльдері мен қосалқы кемелерінің жеке құрамы үшін) Камбоджада - 1970 жылғы сәуірден бастап желтоқсанға дейін, Қытайда 1924 жылғы тамыздан бастап 1927 жылғы шілдеге дейін, 1937 жылғы шілдеден бастап 1944 жылғы қыркүйекке дейін, 1945 жылғы шілдеден бастап қыркүйекке дейін, 1946 жылғы наурыздан бастап 1949 жылғы сәуірге дейін, 1950 жылғы наурыздан бастап мамырға дейін (ӘШҚҚ әскерлер тобы үшін, Шанхай қаласының ауданы), 1950 жылғы маусымнан бастап 1953 жылғы шілдеге дейін, Лаоста 1960 жылғы қаңтардан бастап 1963 жылғы желтоқсанға дейін, 1964 жылғы тамыздан бастап 1968 жылғы қарашаға дейін, 1969 жылғы қарашадан бастап 1970 жылғы желтоқсанға дейін, Ауғанстанда 1978 жылғы сәуірден бастап 1989 жылғы 15 ақпанға дейін, Анголада 1975 жылғы қарашадан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін, Сирияда 1982 жылғы маусымда, Ливанда 1982 жылғы маусымда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертіккен әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыт;
1993 жылғы 5 шілдеден бастап Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекараларын күзетуді күшейту жөніндегі міндеттерді орындағандарға;
Даман аралындағы жауынгерлік іс-қимылдар 1969 жылғы наурыз;
Жалаңашкөл көлі ауданындағы жауынгерлік іс-қимылдар 1969 жылғы тамыз;
армиялары жауынгерлік іс-қимылдар жүргізген немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдерде, осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде іссапарға жіберілген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанына қарамастан;
1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандардағы қызмет;
1986 жылғы 26 сәуірден бастап 1987 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-індегі авария салдарын жоюға және тұрғындар көшірілген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары эвакуацияланған аумақтағы) қоршаған ортаны ластауды болдырмауға байланысты жұмыстардағы;
негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылған, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, мәжбүрлеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы жауынгерлік құрамы адамдарының қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
терроризмге қарсы операцияларға қатысқан кезеңдер.
4-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жеңілдік шарттарында бұрынғы КСРО Қарулы Күштері Бас штабының тиісті тізбелеріне сәйкес мынадай кезеңдер шегінде әрекеттегі армия құрамына кірген әскери бөлімдердегі, штабтар мен мекемелердегі әскери қызметшілердің қызметі зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі:
фашистік Германиямен және оның одақтастарымен болған Ұлы Отан соғысында:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейін;
империалистік Жапониямен 1945 жылғы 9 тамыздан бастап 3 қыркүйекке дейін;
3) қызметтің бір айы екі ай болып:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде әрекеттегі армияның құрамына кірмеген әскери бөлімдердегі, штабтар мен мекемелердегі, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы (осы тармақтың бесінші және жетінші абзацтарында көрсетілген жағдайлардан басқа);
егер тұтқынға ерікті түрде түспесе және көрсетілген адамдар тұтқында болғанда Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшілердің, арнаулы органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде тұтқында болған уақыты;
тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Республикалық ұланының қолбасшысы және Төтенше жағдайлар министрі айқындаған шарттарда реактивтік және турбовинттік авиациядағы ұшу жұмысындағы;
армиялары жауынгерлік іс-қимылдар жүргізген немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдерде, осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде маман ретінде іссапарға жіберілгендерге (ұшқыштар құрамынан басқа), олардың жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанына қарамастан;
теңіз деңгейінен 2500 метр және одан да биік таулы жерлердегі: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;
осы бөлімде көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағында аталған шалғай жерлерде;
сүңгуір қайықтардағы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-тармағына сәйкес;
қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болатын жағдайлардағы жұмысты орындайтын сүңгуірлер лауазымдарындағы 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Ішкі істер министрі айқындайтын шарттарда;
алапес және оба ауруына қарсы мекемелердегі, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды емдеу жөніндегі инфекциялық мекемелердегі қызмет;
4) қызметтің бір айы бір жарым ай болып:
мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес құрылған арнаулы әскери құралымдардағы қызмет;
авиациядағы ұшу жұмысындағы тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Ішкі істер министрі айқындайтын шарттарда;
суүсті атом корабльдеріндегі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын мерзімдерде;
сүңгуір қайықтарда олар сапта болған кезеңде;
жауынгерлік миналарды сүзіп алу уақытында мина сүзушілерге;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын шарттарда 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап саптағы сүңгуір қайықтар құрамаларының және жауынгерлік миналарды сүзу уақытында мина сүзушілер құрамаларының басқармаларындағы;
барлық атаулар мен мамандықтардың сүңгуірлер лауазымдарындағы (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сүңгуірлерден басқа);
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы айқындайтын жылдық нормаларды орындау кезінде міндеттерін орындау жүйелі түрде парашютпен секірумен байланысты лауазымдардағы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі және Әділет министрі айқындайтын шарттарда бөлімшелердің, лауазымдардың тізбелері бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелеріндегі;
осы бөлімде көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тармағында аталған Қазақстан Республикасының және Орта Азияның климаттық жағдайы ауыр жерлерінде, сондай-ақ Ресей Федерациясының шалғай жерлерінде;
осы бөлімде көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-тармағына сәйкес - жекелеген санаттағы адамдардың қызметі;
шекаралық заставалардағы, бекеттердегі, комендатуралардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі, маневрлік бөлімшелердегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету бойынша қызмет өткеретін корабльдердегі және катерлердегі, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітетін тізбе бойынша Шекара қызметінің басқа да бөлімшелеріндегі - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал көрсетілген күнге дейін - бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік шекарасында орналасқан заставалардағы, комендатуралардағы және оларға теңестірілген шекара әскерлерінің бөлімшелеріндегі, саптағы және мемлекеттік шекараны күзетуді тікелей атқарған шекаралық теңіз корабльдері мен катерлеріндегі, егер зейнетақы үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде осы жерлердегі қызметін есептеудің анағұрлым жеңілдік шарттары белгіленбесе;
1968 жылғы 22 қарашадан бастап саптағы бұрынғы КСРО-ның дизельдік-электр сүңгуір қайықтары екінші экипаждарының құрамындағы;
Мурманск облысында болған уақытта Солтүстік теңіз жолымен корабльдер мен кемелердің орнын ауыстыру жөніндегі ерекше мақсаттағы экспедициялар құрамында экспедиция аяқталғаннан кейін белгіленген порттарға ауысу және тұрақты қызмет орнына қайтып оралғанда 1971 жылғы 22 қазаннан бастап;
теңіз деңгейінен 1500 метр және одан да жоғары биік таулы жерлерде (2500 метр және одан да жоғары биік жерлердегі қызметтен басқа) мынадай мерзімдерде: әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1973 жылғы 1 сәуірден бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;
теңіз деңгейінен 1000 метрден 1500 метрге дейін биік таулы жерлердегі, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлердегі - тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы комитеті (милиция), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бекітетін әскери бөлімдердің, бөлімшелер мен мекемелердің тізбелері бойынша - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
1974 жылғы 8 шілдеден бастап бұрын Байкал-Амур теміржол магистралі мен БАМ Тында Беркакит теміржол желісіндегі құрылыспен және қызмет көрсетумен айналысқан (құрылыс кезеңінде) бұрынғы КСРО-ның теміржол және ішкі әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі, ішкі істер органдарындағы;
1975 жылғы 10 мамырдан бастап бұрын Байкал-Амур теміржол магистралінің Шимановская станциясындағы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының кешенін салумен айналысқан бұрынғы КСРО теміржол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі;
1975 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын Байкал-Амур теміржол магистралінің және БАМ - Тында - Беркакит теміржол желісіндегі құрылысқа қызмет көрсетумен айналысқан бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы;
1976 жылғы 29 шілдеден бастап бұрынғы КСРО-ның Байланыс министрлігіне берілген және бұрын Байкал-Амур теміржол магистралі трассасы бойында радиорелелік байланыс желілерін салумен айналысқан әскери бөлімдер мен әскери-құрылыс жасақтарындағы;
1977 жылғы 4 шілдеден бастап бұрын Тюмень облысы Ханты-Мансийск автономдық округінің аумағындағы Сургут-Уренгой теміржол желісінің учаскесін салумен айналысқан бұрынғы КСРО теміржол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі;
1979 жылғы 23 тамыздан бастап бұрын Байкал-Амур теміржол магистралін салумен айналысқан бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі, құрамаларындағы, кәсіпорындары мен ұйымдарындағы;
1980 жылғы 28 ақпаннан бастап бұрын Байкал-Амур теміржол магистралінің жасанды құрылыстарын күзетумен айналысқан бұрынғы КСРО ішкі әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдеріндегі және бұрын көрсетілген магистральға іргелес аудандардың мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз еткен бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы;
1980 жылғы 1 қаңтардан бастап жауынгерлік есептоптар құрамында қорғаныстық бекіністер құрылыстарында жауынгерлік кезекшілік атқаратын (атқарған) күшейтілген аудандардағы әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
1988 жылғы 1 қаңтардан бастап 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-індегі авария салдарын жоюға және оқшауланған аймақтағы (1986 жылы тұрғындары эвакуацияланған аумақтағы) қоршаған ортаны ластауды болдырмауға байланысты жұмыстардағы;
1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандардағы қызмет;
1988 жылғы 1 сәуірден бастап бұрын Ресей Федерациясының қара топырақты емес аймағында автомобиль жолдарын салумен және реконструкциялаумен айналысқан жол-құрылыс бөлімдеріндегі және оларды қамтамасыз ету бөлімдеріндегі;
тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайтын кезеңдерде жаппай қоғамға қарсы көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындаған Қарулы Күштердің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының әскери бөлімдеріндегі, бөлімшелері мен мекемелеріндегі;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарындағы, мекемелеріндегі, органдарындағы, кәсіпорындарындағы және білім беру ұйымдарындағы (жоғары оқу орындарын қоспағанда), ал 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы, 2004 жылғы 30 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары оқу орындарындағы қызмет;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы қызмет;
ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарындағы, сондай-ақ қылмыстық топтардағы тапсырмаларды орындау уақыты;
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы;
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан кезеңдер;
5) 1965 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде лауазымдар тізбесі бойынша және Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі айқындайтын шарттарда ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының барлаушы әйелдеріне қызметтің бір айы 1,25 ай болып.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1396 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
5.
Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай қолданылған, терроризмге қарсы операция жүргізілген кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде iшкi iстер және қылмыстық-атқару жүйесінің органдарының қатардағы басшы құрамдағы адамдарына қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысу уақыты жеңiлдiк шарттар бойынша зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарға бір күні үш күн болып есептеледі.
6.
Міндетті мерзімді әскери қызмет және мерзімді әскери қызмет арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери қызметшілері жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан басқа елдердің аумағында болған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери бөлімдердің, штабтардың, мекемелер мен бөлімшелердің әскери қызметшілері, Чернобыль АЭС-індегі авария салдарын жою жөніндегі жұмыстарға қатысқан, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандарда қызмет өткерген немесе негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылған не қуғын-сүргінге ұшыраған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери қызметшілері үшін көзделген жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептелуге тиіс кезеңдерді қоспағанда, күнтізбелік есептеумен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
7.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге және сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарына әскери қызметке ерікті түрде қабылданған әйелдерге осы Қағидалардың 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қызмет кезеңдері тиісті жеңілдік шарттарында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, бірақ 1976 жылғы 5 тамыздан ерте емес.
8.
Қызмет көрсететін әскери бөлімдердің жеке құрамымен қызмет өткерудің бірдей жағдайларында болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының бөлімшелері әскери қызметшілерінің қызметі зейнетақы тағайындау үшін осы әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне сияқты жеңілдік шарттарында және осындай тәртіппен еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
9.
Жеңілдік шарттарында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін қызметтің сол бір кезеңінің екі және одан да көп негізі болған кезде еңбек сіңірген жылдары анағұрлым көп жеңілдік беретін бір негіз бойынша есептеледі.
10.
Зейнетақылар тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар қызметтен шығарылған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Зейнетақылар тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдары осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін есептелген зейнетақы төлемдерін алушыларға еңбек сіңірген жылдары қайта қаралуға жатпайды.
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет, қызметкерлеріне,
сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар,
сыныптық шендер алу және нысанды киім
киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан
бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген
жылдарын есептеу қағидаларына
1-қосымша
Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілердің, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер берілген арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жергілікті жерлердің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.
Қызметі жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына қызметтің бір айы екі ай болып есептелетін жергілікті жерлер:
1)
Куриль аралдарында және Беринг теңізі аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап;
2)
Охотский теңізі аралдарында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3)
Моржовец аралында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
4)
Солтүстік Мұзды мұхит аралдарындағы әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1954 жылғы 30 тамыздан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
5)
Архангельск облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ненецк автономиялық округінің жергілікті жерлерінде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милиция жеке құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
6)
Коми Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан жергілікті жерлерде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
7)
Тюмень облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ямало-Ненецк автономиялық округінің жергілікті жерлерінде, Салехард Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақпен Салехард қаласында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
8)
Красноярск өлкесінде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялық округінде, Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Эвенк автономиялық округі мен Турухан ауданының жергілікті жерлерінде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін -1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
9)
Якутия Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан жергілікті жерлерде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
10)
Магадан облысында - Чукот автономиялық округіндегі және бұрын Камчатка облысы Красноярск автономиялық округінің құрамына кірген Солтүстік-Эвенк ауданының аумағында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Магадан облысының қалған аумағында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан бастап;
11)
Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап;
12)
Хабаров өлкесіндег - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап.
2.
Қызметі жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына қызметтің бір айы бір жарым ай болып есептелетін жерлер:
Қазақстан Республикасы
1)
Ақмола облысында - Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есіл, Жақсы1 аудандарында, Сілеті селолық округінде2 және Степногор қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2)
Ақтөбе облысында - Байғанин және Мұғалжар3 аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3)
Алматы облысында - Жамбыл, Іле (Күрті селолық округін қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ (Шелек селолық округін қоспағанда), Райымбек4, Алакөл (Үйгентас селолық округін қоспағанда) аудандарында, Кербұлақ ауданының Гвардейск қала үлгісіндегі кентінде, Көксу5, Сарқанд6, Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелі қаласындағы және Ақсу ауылындағы - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қапшағай, Қарасай (бұрынғы Қаскелең), Балқаш, Кербұлақ аудандарында, Іле ауданының Күрті селолық округінде, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
4)
Атырау облысында - Махамбет ауданында7 - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
5)
Шығыс Қазақстан облысында - Қатонқарағай және Күршім8 аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Аягөз, Жарма9, Зайсан, Тарбағатай10 аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы селолық округінде, Семей қаласында және Курчатов қаласында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
6)
Жамбыл облысында - Қордай,11 Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Талас, Байзақ12 және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
7)
Батыс Қазақстан облысында - Жаңақала және Орда аудандарында, сондай-ақ Теректі13 ауданының Тайпақ селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
8)
Қарағанды облысында14 - Абай ауданында15, Шет ауданының Ағадыр селолық округінде, Ұлытау ауданының Жезді селолық округінде, Қаражал қаласында және Жәйрем кентінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра16, Шет, Ұлытау аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Балқаш, Жаңаарқа, Қаражал, Жезқазған аудандарында), Сәтбаев, Жезқазған және Приозерск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қарқаралы17 ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
9)
Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
10)
Қызылорда облысында - Шиелі ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
11)
Маңғыстау облысында - Қарақия18 ауданында, Жаңаөзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Бейнеу және Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Мұнайлы ауданында (Өмірзақ селосын, сондай-ақ бұрынғы Түпқараған ауданының жерлерін қоспағанда) - 2007 жылғы 1 шілдеден бастап;
12)
Павлодар облысындағы - Май және Лебяжі аудандарындағы - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
13)
Солтүстік Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
14)
Оңтүстік Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округін қоспағанда) аудандарында және Түркістан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
15)
Байқоңыр қаласында және «Байқоңыр» ғарыш айлағына іргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
__________________________
1Державин, Есіл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген.
2Сілеті селолық округіне бұрынғы Сілеті ауданының аумағы кірді.
3Мұғаджар ауданы Мұғалжар ауданы болып қайта аталды.
4Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кірді.
5Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейск аудандары тиісінше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталды.
6Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлітөбе ауданы аумағының бір бөлігі кірген.
7Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кірген.
8Күршім ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл ауданының аумағы кірді.
9Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кірді.
10Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кірді.
11Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кірді.
12Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталды.
13Теректі ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кірді.
14Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кірді.
15Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
16Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжын және Теңіз аудандарының аумағы кірді.
17Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егіндібұлақ ауданы болған Қазыбек би ауданының аумағы кірді.
18Ералиев ауданы Қарақия ауданы болып қайта аталды.
Ресей Федерациясы
1)
Мурманск облысында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуірден бастап; милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2)
Карелия Республикасында - Беломор, Калеваль, Кемск, Костомуш19, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3)
Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск20, Пинежск, Онежск, Плесецк, Приморск, Соловецкий21 және Холмогор аудандарында, Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалалық Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақпен Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберінен оңтүстікке қарай Ненецк автономиялық округінің жерлерінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарындағы - 1992 жылғы 1 шілдеден бастап;
4)
Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
5)
Коми Республикасында (осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
6)
Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округінде (осы тізбенің 1-бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Ханты-Мансийск автономиялық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
7)
Алтай өлкесіндегі - Таулы-Алтай автономиялық облысының Онгудай, Улаганск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинск аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
8)
Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошеинский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарындағы, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке кентінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
9)
Краснояр өлкесінде - Поляр шеңберінің оңтүстігіне қарай Эвенк автономиялық округі мен Турухан ауданының жерлерінде, Солтүстік-Енисей ауданында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, Лесосибирск қалалық Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақпен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
10)
Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
11)
Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
12)
Якутия Республикасында (осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
13)
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
14)
Приморск өлкесінде - Самарги өзенінен солтүстікке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
15)
Хабаровск өлкесінде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаван қалаларында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдары үшін -1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
16)
Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
_________________________
19 Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
20 Новодвинский ауданы Приморский ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
21 Соловецкий ауданы Приморский ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
Қырғыз Республикасы
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетіөгіз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Мәскеу және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тәжікстан Республикасы
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Мәскеу және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилікөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван кентінде; Ленинабад облысы Чкалов қалалық Халық депутаттары кеңесінің Табошар кентінде, Нүрек қалалық Халық депутаттары кеңесінің Пастакон кентінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақта - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).
Түрікменстан Республикасы
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және Чарджоу қалалық Халық депутаттары кеңесінің Нефтезаводск кентінде, Ашгабат облысының Ашгабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Каах, Серах және Теджен аудандарында, Тедмен қаласында, Красноводск облысындағы, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұрғаб, Тахта-Базар аудандарында, Байрам-Әли және Мары облысының Мары қалаларында (Ашгабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақта - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Өзбекстан Республикасы
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашдария облысындағы Мүбәракта, Самарқанд облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының Зарафшан қалалық Халық депутаттары кеңесінің кенттерінде және Үшқұдық қалалық Халық депутаттары кеңесінің Көкпетас кентінде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Қазақстан Республикасының, Түрікменстан Республикасының және Әзербайжан Республикасының әкімшілік бағынысындағы Арал теңізінің, сондай-ақ Каспий теңізінің аралдарындағы - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет, қызметкерлеріне,
сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар,
сыныптық шендер алу және нысанды киім
киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан
бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген
жылдарын есептеу қағидаларына
2-қосымша
Кеден органдарын қоспағанда, қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептелетін әскери қызметшілердің, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер берілген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.
Әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы, қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшін жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдар - қызметтің бір айы бір жарым ай болып есептелсін:
1)
тікелей бекеттік қызметті өткерген, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет өткеретін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел құрамына;
2)
барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайтын шарттарда және мерзімдер бойынша бөлімшелер мен лауазымдар тізбесі бойынша;
3)
ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының барлаушы әйелдеріне - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі айқындайтын шарттарда лауазымдар тізбесі бойынша.
2.
Әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне зейнетақы тағайындау үшін жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдар - қызметтің бір айы екі ай болып есептелсін:
атомдық сүңгуір қайықтарындағы, қосалқы атомдық энергетикалық қондырғылармен жабдықталған дизельді сүңгуір қайықтарындағы және арнайы энергетикалық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарындағы (оның ішінде жасалынып жатқан атомдық сүңгуір крейсерлері және атомдық сүңгуір қайықтары екінші экипаждарының құрамындағы).
Бұл ретте, атомдық крейсерлердегі, қосалқы атомдық энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атомдық сүңгуір қайықтарындағы қызмет жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына экипаж оқу-жаттығу орталығында оқығаннан бастап, ал оқытуға жатпайтын әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне - сүңгуір крейсерінің (қайығы)1 реакторы жұмыс істегеннен бастап есептеледі. Тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін булы-газды турбиналық қондырғылары мен дизельдері бар сүңгуір қайықтарындағы қызмет жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына олар қатарға қосылған кезеңде, ал көрсетілген энергетикалық қондырғылары бар жасалып жатқан қайықтардағы - зауыттық жүргізіп сынау басталғаннан бастап есептеледі. Осындай тәртіппен жеңілдік шарттарында 1977 жылғы 24 наурыздан бастап атомдық сүңгуір крейсерлеріне (екінші экипаждарды және жасалынып жатқан крейсерлер экипаждарын қоса алғанда) қызмет көрсететін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ерекше бөлімдері офицерлерінің қызметі есептеледі;
ауыр атомдық сүңгуір крейсерлерінің техникалық экипаждары құрамындағы, крейсерлік атомдық және үлкен атомдық сүңгуір қайықтарындағы және атомдық терең су қабатындағы станциялардағы (жасалып жатқанды қоса алғанда) көрсетілген корабльдер мен станцияларда нақты қызмет өткерген уақыты үшін - 1981 жылғы 13 қарашадан бастап. Бұл ретте, жасалып жатқан ауыр атомдық сүңгуір крейсерлеріне, крейсерлік атомдық және үлкен атомдық сүңгуір қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы станцияларға қызмет көрсететін техникалық экипаждар құрамындағы қызмет корабль (станция) реакторы жұмыс істеген күннен бастап жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал 705-ші жобадағы атомдық сүңгуір қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бастап есептеледі.
__________________
1Егер әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері оқу-жаттығу орталығында оқығаннан кейін реакторды іске қосу жүргізілмеген атомдық крейсерде немесе атомдық сүңгуір қайығында қызмет өткеру үшін жіберілген болса, осы корабльдердегі қызметтің кезеңі реактор жұмыс істеген күннен бастап жеңілдіктер жағдайларында еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 129 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. 2014 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын Қағиданың 10, 11, 12, 13-тармақтарын қоспағанда, «Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жылғы, № 29, 255-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 жылғы, № 49-50, 590-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 184-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 241-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 148-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 850 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 413-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 513-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 және 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 748 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 405-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат).