Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 632 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімде "Аудандық АХАЖ-дар - 789" деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі