РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығын қараңыз.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 85 қаулысымен
бекітілген
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы берілген сәттен бастап:
технологияларды коммерциялық пайдалану үшін жоба тұжырымдамасын негіздеуге грант беру үшін – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні;
өнеркәсіптік прототип жасауға және оны коммерциялық көрсетуге грант беру үшін – 58 (елу сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы шартқа қол қою.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының сауалнамасы;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;
4) өтінім қолма-қол тәсілмен берілген кезде қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда, қосылған құн салығына есепке қою туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
5) өтінім қолма-қол тәсілмен берілген кезде лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (бар болған жағдайда), салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және ғылыми техникалық саладағы жұмыстарды орындауға (болған жағдайда) біліктілігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарының жобасы;
7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржыландыру кестесінің жобасы;
9) мәлімделген технология бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп;
10) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінім беру, қол қою және инновациялық грант беру туралы шартқа және басқа құжаттарға қол қою құқығын беретін сенімхат.
Заңды тұлғалар мыналарды қосымша ұсынады:
1) салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша өтініш берілген күнінің алдындағы үш айдан асып кетпеген берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соңғы 2 жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі, егер заңды тұлға 2 жылдан аз жұмыс істесе, соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есебі ұсынылады;
3) өтініш қолма-қол тәсілмен ұсынған кезде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының көшірмелері және түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен кезде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен жарғының нотариат куәландырған көшірмесі;
4) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының тағайындалуы/сайлануы туралы құжаттың көшірмесі.
Жеке тұлғалар мыналарды қосымша ұсынады:
1) салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқ немесе бар екені салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
2) өтініш қолма-қол тәсілмен берілген кезде жеке куәлігінің не паспортының түпнұсқалары мен көшірмелері, салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен кезде жеке куәліктің не паспортының нотариат куәландырған көшірмелері.
Өнеркәсіптік прототип жасау және оны коммерциялық көрсету сатысында қаржыландыру алуға үміткер және технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасын негіздеу сатысында грантқа ие болған көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасының негіздемесі;
2) мемлекеттік және/немесе жеке меншік сектор тарапынан жоба бойынша мүдделілік білдіру хаттары;
3) заңды тұлғаның тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат;
4) штатта кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар мамандардың болуын растайтын нотариат куәландырған құжаттар.
Технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасын негіздеу сатысынан өтпей, өнеркәсіптік прототип жасау және оны коммерциялық көрсету сатысында грант алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдар мен құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өткізілген сынақтар туралы есепті қоса алғанда, өнім өндірісіне ұсынылатын макет және/немесе үлгі;
2) технологияны қолдану бойынша техникалық құжаттама;
3) технологияны одан әрі коммерцияландыру стратегиясы бар алдын ала бизнес-жоспар;
4) технологияны өндіріске енгізуге және (немесе) технологияны сатып алуға мүдделі тұлғалардың ниеттерін растайтын құжаттар;
5) ұлттық патент алуға еркін нысандағы өтінім (бар болған жағдайда).
Грант алуға арналған құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз жеткізгіште төрт данада – түпнұсқа бір данада және көшірмелері үш данада және электрондық жеткізгіштерде (PDF немесе JPEG және DOC форматында сканерден өткізілген) ұсынылады.
Бұл ретте тұжырымдаманы негіздеу сатысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, өнеркәсіптік прототип жасау және оны коммерциялық көрсету сатысында өткізілген сынақтар туралы есепті қоса алғанда, қосымша өндіру ұсынылатын өнімнің макеті және/немесе үлгісі көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға ағылшын тілінде электрондық жеткізгіште (PDF немесе JPEG және DOC форматында сканерден өткізілген) де ұсынылады.
Құжаттар бірыңғай папкаға жинақталған, парақтары нөмірленген және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына және олардың қосымшаларына қатаң сәйкестікте ресімделген болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің көзі және есепті жүргізу күні көрсетілуі қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды берген кезде оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу күні мен нөмірі көрсетілген тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport tower» ғимараты, № 2117 кабинет, телефондары: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегін, аты-жөнін, қабылдаған күні мен уақытын, шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Қызмет берушінің, Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Өтінішті қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінен қолма-қол алынады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» деген тарауда орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына қашықтықтан қолжетімділік режимі арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 57-10-18, 57-10-16, факс: 51-70-21 (ішкі нөмір 323), Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: (1414).
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Тіркелген күні: Өтінім нөмірі:
20__ ж. «___» ___________ _____________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші береді)
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық грант алуға
ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
мына:
1) технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба
тұжырымдамасын негіздеуге;
2) өнеркәсіптік прототип жасауға және оны коммерциялық
көрсетуге (қажеттісінің астын сызыңыз) инновациялық грант алу үшін
қажетті құжаттардың топтамасымен бірге осы өтінішті жіберіп отыр.
Ұсынылатын жобаның тақырыбы: __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаның толық құны, теңгемен (цифрмен және жазбаша): __________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Инновациялық гранттың сұрау салынған сомасы, теңгемен (цифрмен
және жазбаша):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және жобаның құны қоса
беріліп отырған құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың
дұрыстығына кепілдік береміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1097
қаулысымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға арналған
инновациялық гранттар беру қағидаларымен таныстым.
Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттар _______ парақта қоса
берілген.
_________________________ __________________________________
_________________________ __________________________________
(өтініш берушінің атынан __________________________________
құжаттарға қол қою үшін (Т.А.Ә.)
өкілеттігі бар адамның __________________________________
лауазымы) (қолы)
_____________________________________________________________________
Құжаттарды алғаны туралы белгі (көрсетілетін қызметті беруші
толтырады)
Алынған күні: 20__ жылғы «___» ________________________________
Өтінімнің тіркеу нөмірі _______________________________________
Тіркеуші ______________________________________________________
(Т.А.Ә.)
_______________
(қолы)
Заңды тұлғалар үшін ескертпе: ұйымның бланкісінде жасалады.
Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қояды.
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамасы
(заңды тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
Заңды мәртебесі және меншік түрі: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жетекшілік ететін ведомство, ұйым, жоғары оқу ведомствосы,
ғылыми-зерттеу институты немесе холдинг: ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құрылған жылы: ______________________________________________________
Мекенжайы: индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй (пәтер, кеңсе):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тел.: ________________________ Факс: ________________________________
Эл. пошта: ____________________ Веб-сайт: ___________________________
Банк деректемелері, есепшот, валюталық шот, банктік дербес код,
бизнес сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызмет түрі: ________________________________________________________
сала, кіші сала:
_____________________________________________________________________
Бірінші басшы (Т.А.Ә., туған жылы, лауазымы, нақты пошталық мекенжайы
және жұмыс телефонының нөмірі, білімі): _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., телефоны): ___________________________________
_____________________________________________________________________
Байланыс жасайтын тұлға (Т.А.Ә., телефоны, ұялы телефоны,
мекенжайы):
_____________________________________________________________________
Ұйым басшысының қолы: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушылардың сауалнамасы
(жеке тұлға үшін)
Тегі, аты, әкесінің аты: ____________________________________________
Туған күні: _________________________________________________________
Білімі: _____________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (атағы): ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке куәлігі немесе паспорты (нөмірі және кім берді) ________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызмет тел.: ____________________ Үй тел.: __________________________
Ұялы тел.: ______________________ Факс: _____________________________
Эл. пошта: __________________________________________________________
Банк деректемелері, есеп шот, валюталық шот, салық төлеушінің тіркеу
нөмірі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолы ________________
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ
(технологияны коммерциялық пайдалануға арналған
индустриялық-инновациялық жобаның тұжырымдамасын
негіздеу/өнеркәсіптік прототипін жасау және оны коммерциялық
көрсету сатысындағы инновациялық грант үшін)
1. Жобаның атауы: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Жобаның өзектілігі: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жобаның және оның мақсаттарының жаңашылдығын, бірегейлігін, жоба
нәтижелерін нақты қолдануды, пайдалану перспективаларын және
басқаларды қамтитын сипаттамасы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жобаның күтілетін нәтижелері (сату көлемі): ноу-хау, патент, басқа
құжаттама; зертханалық/тәжірибелік үлгі, технология, технологиялық
процесс, бұйымдардың, тораптардың және агрегаттардың прототиптері;
сервистік және өзге де қызметтер (қажеттісінің астын сызыңыз);
басқасы (көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Әзірлеменің қолданылу саласы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Техникалық нәтиженің сипаттамасы (қажеттісінің астын сызыңыз):
жаңа өнімді, процесті, көрсетілетін қызметті жасау, басқалары
(көрсетіңіз): _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Жобаны іске асыру жоспары: _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау
(қажеттісінің астын сызыңыз): талап етіледі, талап етілмейді, патенті
бар, құқықтық қорғауы бар.
9. Жобаның дайындық дәрежесі (қажеттісінің астын сызыңыз):
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді (шифр, код),
кәсіпорында/холдингте/корпорацияда талқыланды (хаттама),
жобалық-конструкторлық құжаттама бекітілді (хаттама), өндіріске
беруге дайындығы және/немесе ҒЗЖ аяқталуы туралы растайтын құжаттар
(көрсетіңіз): _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Жобаны іске асыратын топ (Т.А.Ә., жұмыс өтілі, біліктілігі,
функционалдық міндеттері, түйіндемесі қоса берілген, 4 адамнан
аспайды). Топ мүшесінің қайсысы бизнес жүргізу дағдысына ие екенін
көрсетіңіз:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Жоба тәуелсіз сараптамадан өтті ме (иә, жоқ, қалай, кімнен)?
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Маркетингтік зерттеу жүргізілді ме? Маркетингтік зерттеу
жүргізілген жағдайда нәтижесін (бар болса) сипаттаңыз: ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Жоба нәтижелерін сатып алу ниеті туралы шарттар/хаттамалар бар ма
(иә, жоқ, кіммен, қандай көлемде):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
15. Жоба іске асырылатын орын: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Жобаның толық құны: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
17. Талап етілетін қаржыландыру: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
18. Аталған жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма (иә, жоқ) және
қандай мөлшерде? ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
19. Салалық, өңірлік және мемлекеттік деңгейде жобаны қолдау жөнінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері қабылданды ма (нөмірі,
күні және атауы)? ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20. Жобаны іске асыру мерзімі (ай): _________________________________
_____________________________________________________________________
(Жалғасы)
Жоба бойынша толтырылатын қосымша нысан
Технологияны әзірлеушілер туралы мәліметтер |
|
Кәсіпорын атауы |
|
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
|
Телефоны |
|
Факсы |
|
Хат алысу мекенжайы |
|
Электрондық пошта |
|
Сіздің технологияңыз қай сатыда? |
|
Зерттеушілер/әзірлеушілер технологияны коммерцияландыру жобасына қатысты ма? |
|
Инновациялық жобаларды іске асыруды басқару бойынша қажетті тәжірибеге ие технологияны коммерцияландыру жобасының менеджерлер тобы бар ма немесе анықталды ма? Бар болған жағдайда, оларды сипаттап көрсетіңіз. |
|
Әзірлеушілер тікелей технологияны коммерцияландыру жобасына қатыса ма? |
|
Жобаны әзірлеушілер/зерттеушілер сыртқы инвесторлардың жобаны қаржыландыруының орнына өздерінің инновациялық кәсіпорындарының үлесімен немесе зияткерлік меншік үлесімен бөлісуге дайын ба? |
|
Жобаны әзірлеушілер/зерттеушілер технологияны коммерцияландыру жобасын іске асыратын кәсіпорынға өз ресурстарын салуға дайын ба? |
|
Технологияның/өнімнің сипаттамасы |
|
Технологияның/өнімнің атауы |
|
Технологияның функционалдық мақсаты |
|
Технологияның толық сипаттамасы |
|
Қолданылу саласы, оның ішінде қолданылу перспективасы |
|
Технологияны бағалауға қажетті кемінде 5-6 техникалық параметр тізімі |
|
Ұсынылған технология параметрлері мен қазіргі бәсекелес әзірлемелер өлшемдерін салыстырыңыз |
|
Ұсынылған технологияның болжамды артықшылықтарын осы саладағы қазіргі техникалық даму деңгейімен салыстырыңыз |
|
Қосымша анықтамалар үшін бәсекелес технологиялардың атауын және/немесе толық сипаттамасын енгізіңіз |
|
Әзірлеменің әрбір артықшылығын қолданыстағы технологиялармен салыстыра отырып, кем дегенде 5 сөйлеммен сипаттаңыз |
|
Әрбір қолданылу саласын кем дегенде 5 сөйлеммен сипаттаңыз |
|
Технологияның жұмысы нәтижелерін әлеуетті инвесторларға/әріптестерге көрсету үшін прототиптерді әзірлеу, оларды сынау мақсатында қосымша ҒЗТКЖ жүргізу үшін қосымша уақыт, қаражат және басқа ресурстар қажет бола ма және қандай көлемде? |
|
Технологияны қолдануға қандай да бір шектеулер бар ма, нарықта өнім немесе көрсетілетін қызметтер өндіру және сату үшін қандай да бір қадағалау органынан лицензиялар, рұқсаттар сертификатын алу қажет пе? |
|
Зияткерлік меншікті бағалау |
|
Технология авторының Т.А.Ә. |
|
Патенттердің болуы (алдын ала патент, инновациялық патент, Еуразиялық патент, шетелдік патент) |
|
Бәсекелес технологияны патенттік іздеу нәтижелері |
|
Ноу-хау-дың болуы |
|
Патентке өтінім беру күні |
|
Патентке өтінім берілген мемлекет |
|
Патент берілген күн |
|
Қосымша патенттерге өтінім беріле ме? |
|
Лицензиялаудың басталған күні (егер болса) |
|
Лицензиялаудың тоқтатылған күні |
|
Болжамды лицензия алушылар |
|
Зияткерлік меншіктің авторы мен иегері кім (әзірлеушілер, зерттеушілер, институт, тапсырыс беруші, т.б.)? |
|
Осыған дейін шығарылған технологиялар (мысалы, есептеп шығару алгоритмі) және ҒЗТКЖ нәтижелерін алу үшін, бірақ ҒЗТКЖ тыс пайда болған зияткерлік меншік бар ма? Бұл зияткерлік меншік қандай үлгіде және қайда қорғалады, оның құқықтық иегері кім? |
|
Технологиялық әзірлік деңгейін бағалау |
|
Аналогтары мен алмастырғыштардың болуы |
|
Өндіруші фирмалар |
|
Осы өндіруші өнімнің бір данасының нарықтағы бағасы |
|
Өнімнің негізгі тұтынушы тобы |
|
Сіздің технологияңыздың осы өндірушімен салыстырғандағы негізгі артықшылығы |
|
Жобаның нарықтық тартымдылығын бағалау |
|
Инновациялық өнім немесе көрсетілетін қызмет нарықтық сынақтан өтті ме? |
|
Жобаның нәтижесі бойынша не сатылады: технология немесе оны қолдануға байланысты әзірленген өнім/көрсетілетін қызметтер? |
|
Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің нысаналы тұтынушылары кімдер? |
|
Нарықтағы немесе сатылатын өнімдермен салыстырғанда бұл өнім/көрсетілетін қызмет қандай қосымша тұтынушылық қасиеттерге немесе бәсекелестік артықшылықтарға ие? |
|
Географиялық, секторлық немесе басқа белгілерге теңестірілген өнімді немесе көрсетілетін қызметті сату үшін нысаналы нарығы қандай? |
|
Әзірленген технологияны қолдана отырып, өнімге немесе көрсетілетін қызметке қызығушылықтарды анықтау арқылы нарықты зерделеу жүргізілді ме? Мына технологияға қызығушылықты құжат түрінде танытқан компанияның атауын немесе тұлғалардың атын жазу қажет. |
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның басшысы (жеке тұлға)
____________________________
____________________________
____________________________ ______________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖОБАСЫ
Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Р/с |
Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы |
Жұмыстарды орындау мерзімі |
Кезеңнің есеп айырысу бағасы |
Есептілік нысаны мен түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның басшысы (жеке тұлға)
____________________________
____________________________
____________________________ ____________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Жобаның атауы _______________________________________________________
Жұмысты орындауға жұмсалатын шығындар |
Шығындардың барлық сомасы, теңге |
Жұмыстардың кезеңдері |
||
1 |
2 |
3 |
||
Шығындар - БАРЛЫҒЫ: |
||||
оның ішінде баптар бойынша - |
||||
1. Үшінші тұлғалар (бірлесіп орындаушылар, смета бойынша барлық шығындардың 50 %-нан аспауы тиіс) орындаған жұмыстарға ақы төлеу |
||||
2. Жабдық (смета бойынша барлық шығындардың 50 %-нан аспауы тиіс) |
||||
3. Материалдар және жинақтауыштар (смета бойынша барлық шығындардың 50 %-нан аспауы тиіс) |
||||
4. Іссапарлар (смета бойынша барлық шығындардың 10 %-нан аспауы тиіс) |
||||
5. Қосымша шығыстар (смета бойынша барлық шығындардың 10 %-нан аспауы тиіс) |
||||
6. Қазақстан Республикасында паттенттеу шығындары (смета бойынша барлық шығындардың 10 %-нан аспауы тиіс) |
||||
Анықтама: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - БАРЛЫҒЫ: |
||||
оның ішінде: |
||||
меншікті қаражат |
||||
өзгелері (қандай екенін көрсету керек) |
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның басшысы (жеке тұлға)
____________________________
____________________________
____________________________ ____________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КЕСТЕСІНІҢ ЖОБАСЫ
Жобаның атауы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Р/с |
Жоба бойынша жұмыс кезеңдері |
Кезеңнің басталған және аяқталған күні |
Әр кезеңге арналған қаржыландыру сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның басшысы (жеке тұлға)
____________________________
____________________________
____________________________ ____________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
«Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
7-қосымша
ТЕХНОЛОГИЯНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН НЕГІЗДЕУ
1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындау нәтижелері.
2. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстың мәні мен мазмұны (техникалық бөлім 1,5 беттен артық емес, маркетингтік бөлім 3,5 беттен артық емес).
ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Ұсынылған әзірлеме жобасының техникалық мәні егжей-тегжейлі сипатталады (қажет болса жазылғанды суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. көрсету керек). Әзірленетін өнімнің, процестің немесе көрсетілетін қызметтің техникалық параметрлерін және негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын жасауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнімді және технологияны жасаудың немесе (ұқсас әзірлеменің түпкілікті объектісі үшін) оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін функционалдық, тұтынушылық, құндық және басқа көрсеткіштерді жақсартудың алғышарттары қандай жаңашылдықтардың есебінен пайда болатынын көрсету керек. Мәлімделген мақсаттарға қол жеткізген кезде мүмкін техникалық тәуекелдер талқыланады.
МАРКЕТИНГТІК БӨЛІМ
3. Тауар өнімін өткізудің әлеуетті нарығы және оны тұтынушылар.
Тауар өнімін өткізу нарығына сипаттама және баға беріледі. Өнімге ішкі және сыртқы нарықтардағы қолданыстағы және болжамды сұраныстың заттай есептелген және ақшалай баламада бағасы келтіріледі. Мыналар: арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілді ме, қандай компаниялар жобаның нәтижелерін немесе олардың негізінде жасалған өнімдер мен технологияның әлеуетті тұтынушысы болады, ұқсас өнімдерді өндіруші негізгі компаниялар сипатталады. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілген жағдайда тиісті құжаттаманы қоса беру қажет.
4. Өнімнің артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігі негізделеді.
Өнімнің техникалық және құндық көрсеткіштерінің қандай жиынтығы оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіні айқындалады. Ұсынылатын жаңа өнімнің нақты өлшемдерін нарықтағы техникалық көрсеткіштері мен құнының жиынтығы бойынша ұқсастарын салыстыру кестесі келтіріледі. Өнім иелену мүмкін нарық тауашасы (ақшалай және заттай мәндегі өткізу көлемі, нарық үлесінің пайызы) бағаланады. Көрсетілген өлшемдері бар тауар өнімін нақты тұтынушыларға өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды (кепілдеме хат, міндеттемелер, шарттар және т.с.с.) қоса берген жөн. Өнімнің немесе оның құрауыштарының болжамды санаттарын сертификаттауды жүргізудің қажеттілігі нақтыланады.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ БӨЛІМ
5. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері.
Кезеңдер бойынша және тұтастай жоба бойынша жұмыс жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезең бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есеп құжаттарымен расталатыны көрсетіледі. Айтылғандардың негізінде күнтізбелік жоспардың жобасы жасалады.
6. Жоба бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) көрсетіледі. Жоба бойынша жұмыстарды өтінім беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйым арасында бөлу қажеттігі негізделеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау неге негізделгендігі көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама беріледі:
1) ұйымның толық атауы;
2) заңды және нақты мекенжайы;
3) ұйым басшысының Т.А.Ә., телефоны.
Жоба бойынша жұмыс процесінде бірлесіп орындаушы ұйымды ауыстыруға жол беріледі.
ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Жобаны орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану негізделеді (шығындар).
7. Ғылыми жұмыстар үшін арнайы жабдықтар сатып алу қажеттілігі, өнім берушілерді таңдау, номенклатура мен бағалар. Арнайы жабдықтарға мыналар жатқызылады: егер бұл техникалық тапсырма жобасында көзделген болса, стендтер, сынақ станциялары, аппаратура, аспаптар, тетіктер, құрылғылар және басқалары (оның ішінде зерттеулердің/сынақтардың объектілері болып табылатын сериялы бұйымдар). Зерттеулердің (сынақтардың) объектілері болып табылмайтын сериялы бұйымдар және сериялық (оның ішінде импорттық) есептеу техникасы ғылыми жұмыстарға арналған арнайы жабдыққа жатпайды.
8. Материалдарды және жинақтауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары.
9. Жобаға қатысуға бірлесіп орындаушыларды тартудың қажеттілігі және тиісінше аударымдарымен бірге жалақы төлеуге мәлімделген қаражат көлемі: жоба бойынша әрбір жұмыс кезеңі бойынша әрбір қызметкердің функциялары көрсетілген штаттық кестені, жоба бойынша жұмысқа қызметкердің қатысу дәрежесі (толық жұмыс уақыты, жартылай қоса атқару), қызметкердің жалақысы, ғылыми іссапарлар (ғылыми мақсаттағы іссапарлар) көрсетіледі.
10. Бірлесіп орындаушылар сатып алатын жабдық пен материалдарды шамалап көрсетуді қоса алғанда, олар атқарған жұмыстардың құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.
11. Жоғарыда жазылғандардың негізінде смета жобасы және жобаны қаржыландыру кестесінің жобасы жасалады.
Ескертпе: Барлық шығыс мәліметтер мен есептеу шамалары үшін оларды алу көздері көрсетілуі тиіс. Бағалық шамалар үшін есептеу жүргізілетін нақты күні көрсетілуі тиіс.