Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Мемлекеттік көрсетілетін кызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті (Т.Б. Омарбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарналауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Е.К.Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген
«Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық
гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушымен технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 85 қаулысымен бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар алуға берілетін өтінімі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, рәсімдері (іс-қимылдық), және олардың орындалу бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдердің (іс-қимылдың) өту кезеңдері:
1-рәсім: өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырады, тіркеу нөмірі мен және күні беріліп тіркеледі, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;
2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары Өтінімді қарауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне Өтінімді тапсырады (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше);
3-рәсім: Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің бірі Өтінімді алған күні Өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді, одан кейін құрылымдық бөлімше басшысы қарастыру үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі - жауапты орындаушы) тағайындайды;
4-рәсім: жауапты орындаушы Өтінімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамызындағы № 1037 қаулысымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарына сәйкестігіне қарастырады;
5-рәсім: жауапты орындаушы Өтінім материалдарын (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға қағаз және электрондық тасығышта жібереді;
6-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші тартқан тәуелсіз сарапшылар тәуелсіз сараптаманы жүргізеді және сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті берушіге қағаз және электрондық тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген) ұсынады;
7-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының жобасы бойынша мәлімделген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізеді және, егер көрсетілетін қызметті алушы жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда көрсетілетін қызметті беруші грант беру туралы шешім шығарады;
8-рәсім: егер көрсетілетін қызметті алушы өнеркәсіп прототипін жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда ол ұсынылған Өтінімін қорғау үшін сараптамалық кеңестің отырысына қатысады.
Бұл ретте, сараптамалық кеңес Өтінімді және тәуелсіз сараптаманың қорытындысын қарастырады және көрсетілетін қызметті берушіге Өтінімнің коммерциялық перспективасына қатысты ұсынымдар енгізеді;
9-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық кеңестің оң ұсынымдарын алған сәттен бастап грант беру туралы шешім шығарады, көрсетілген қызметті алушымен жобаны іске асыру уақытын өзектендіреді және грант беру туралы шарт жасауды жүзеге асырады.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық
бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшелер;
5) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
6) Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жауапты тұлға;
7) жауапты орындаушы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау осы регламентке 2-қосымшасында көрсетілген.
«Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме
болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің
(іс-қимылдың) нәтижесі
1 |
Іс-қимылдың (барысы, жұмыс ағыны) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
ҚФБ атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (орынбасары) |
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы |
Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы |
Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті берушімен тартылатын тәуелсіз сарапшылар |
Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы |
Сараптамалық кеңес |
Көрсетілетін қызметті беруші |
3 |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдау |
Қарар жазу және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына құжаттарды жіберу |
Өтінімдерді тіркеу журналына өтінімді тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының Өтінімді қарастыру үшін жауапты орындаушыны тағайындауы |
Өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру |
Өтінімді және материалдарды (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға қағаз және электрондық тасығышта дайындау |
Тәуелсіз сараптаманы жүргізу |
1) Егер көрсетілетін қызметті алушы жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда қызмет беруші грант беру туралы шешім шығарады. |
Өтінімді сараптамалық кеңестің қарастыруы және тәуелсіз сараптаманың қорытындысы |
Грантты беру туралы шешім қабылдау және шарт жасасу |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) |
Өтінімді тіркеу, нөмір және күн беру |
Қарар |
Қарар |
Өтінім материалдарын (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) қағаз және электрондық түрде тәуелсіз сараптамаға жіберуге шешім қабылдау |
Өтінімді және материалдарды (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға қағаз және электрондық түрде жіберу |
Сараптамалық кеңесітің ұсынымы |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің грантты беру туралы шешімі; |
көрсетілген қызметті берушіге сараптамалық кеңестің ұсынымдарын беру |
Грантты беру |
5 |
Орындау мерзімдері |
15 минут |
4 сағат |
4 сағат |
5 жұмыс күні |
5 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
17 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
|
15 минут |
4 сағат |
4 сағат |
5 жұмыс күні |
5 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
17 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
||
6 |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 - егер көрсетілетін қызметті алушы жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңінде грант алуға үміткер болса 9 - егер көрсетілетін қызметті алушы өнеркәсіп прототипін жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде грант алуға үміткер болса |
9 |
- |
«Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша