Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1102 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1102 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiнде:
      5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 10 жылдан 49 жылға дейiн пайдалану.»;
      14-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалар үшін – жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариатта расталған);»;
      «3. Тендерлерді ұйымдастыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшадағы 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Мемлекеттік орман иеленуші
___________________________________
             (Т.А.Ә.)
___________________________________
    (заңды тұлғаның толық атауы)
Орналасқан жері ___________________
БСН _______________________________
Е/шот _____________________________
                 (қолы)
М.О.

Орман пайдаланушы
_______________________________
            (Т.А.Ә.)
_______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Орналасқан жері _______________
ЖСН немесе БСН ________________
Е/шот _________________________
                (қолы)
М.О.

      _________________________________________
      ______________________ № _______ тіркелді
      Тіркелген күні 20__ жылғы «___» ________.
      М.О.                                                         ».
      2. «Мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 12, 160-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережеде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнде – директорлар – бас орман күтушілер, директорлардың орынбасарлары – бас орман күтушілердің орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлерi, аңтанушылар, орман питомниктерiнiң бастықтары, орман өрт сөндiру станцияларының бастықтары, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшiлерi, орман шеберлері, орманшылар (қорықшылар);».
      3. «Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi мен Балық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi – Комитеттер) төрағалары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.».
      4. «Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 2-құжат):
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аң аулау объектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша, жәндіктер – орман зиянкестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
      2) балық ресурстары және балық аулау объектілеріне жатқызылған және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарлары бойынша – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;».
      5. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 8, 75-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесінде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
      «51) түбір – ағашты құлатқаннан кейін оның топырақ бетінде қалған тамырға таяу биіктігі 10 см аспайтын (ағаштар диаметрі 30 см аспайтын кезде) немесе кесу диаметрінің 1/3 (ағаштар диаметрі 30 см асып түсетін кезде) бөлігі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу және ағаштарды таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 852 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларына сәйкес жүргізiледi.»;
      79-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын тәртiппен ағаш кесу орындарын куәландыру жүргiзiледi және акті жасалады, оған өз бетiмен кесiлген сүректiң көлемi, зақымдалған ағаштардың саны және ағаш кесу кезiнде жол берiлген басқа да бұзушылықтар көрсетiле отырып, бүкiл учаскеде дайындалған сүректің мөлшерi текше метрмен енгiзiледi. Акті учаскеде дайындалған сүректiң мөлшерiн растайтын құжат ретiнде ағаш кесу билетiне қоса тiркеледi;»;
      113-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ағашы кесілген алаңдар туралы деректер орманшылық бойынша жүргізілетін орманның шығыс кітабына енгізіледі, ал учаскелердің өздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес алаңы, ағаш кесу жылы және ағаш кесу түрінің қысқартылған белгісі көрсетіліп, планшеттерге көкшіл бояумен тұтас сызықпен белгіленеді. Бір мезгілде мөлшерлеу сипаттамасына ағаш кесу жылы, ағаш кесілген алаң, ағаш кесудің түрі, тұқымдары бойынша кесілетін қор, ал өскіндер үшін – кесуден кейінгі ағаштың құрамы мен жуандығы енгізіледі.»;
      көрсетілген ережеге 1-қосымшада:
      Республиканың әкімшілік облыстарының шегінде орман шаруашылығы аудандары бойынша орман мекемелерінің тізбесінде:
      «Орман мекемелері және басқа мемлекеттік орман иеленушілер» деген бағанда:
      «Далалық аймақ» деген бөлімде:
      «Бұланды,» деген сөз алынып тасталсын;
      «Таулы ормандар» деген бөлімде:
      «Лепсі,» және «Сарқанд,» деген сөздер алынып тасталсын.
      6. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      5-бағандағы «Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Ақмола облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «93500» деген сандар «47076» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 38-жолдың 3-бағанындағы «102979» деген сандар «102971» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 40-жолдың 4-бағанындағы «Тарбағатай» деген сөзден кейін «, Көкпекті» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. «Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 567 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларында:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;».
      8. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1338 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 45-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларында:
      8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкі жаюға арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана рұқсат етіледі.».
      9. «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 512 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 45, 603-құжат):
      Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларына 2-қосымшада:
      «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды өткізуге жолдама» деген нысанда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. «Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 724-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларында:
      2-тармақтың 1)2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      2) уәкілетті органның ведомстволары – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (балық ресурстарынан және өзге су жануарларынан басқа жануарлар дүниесінің объектілері) мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (балық ресурстары және басқа су жануарлары);
      3) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;».
      11. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 735 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімде:
      2-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар;».
      12. «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1014 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 911-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;»;
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелері; заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;»;
      «2. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру тәртібі» деген бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшадағы 8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тараптардың заңдық мекенжайлары мен деректемелері:

Бағдарламаның әкімшісі
________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар                 болса)
________________________________
     (заңды тұлғаның атауы)
Орналасқан жері ________________
________________________________
БСН ____________________________
Е/шот __________________________
________________________________
       (мөр орны, қолы)


Қатысушы
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
             болса)
________________________________
     (заңды тұлғаның атауы)
Орналасқан жері ________________
________________________________
ЖСН немесе БСН _________________
Е/шот __________________________
________________________________
        (мөр орны, қолы)

      Тіркелді: _____________________________________________________
                       (аумақтық қазынашылық органының атауы)
      №
      Тіркелген күні 201_ жылғы «___»                              »;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
      «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш» деген нысанда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. «Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1015 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 912-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      14. «Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1087 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 964-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
      2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы қарауындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.».
      15. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 69, 1001-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларда:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіруді және (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарын сақтауы мақсатында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство) мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары жүзеге асырады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы орман заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі өкім» деген нысанда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1102 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 1015 қаулысымен  
бекітілген     

Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты
емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру тәртібін айқындайды.
      2. Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырады.
      3. Орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға: жерлерді бұдан бұрын белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкін болмаған; қоныстану шегі өзгерген; елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгерген; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне жатқызылған жағдайда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарына сәйкес жол беріледі.
      4. Мемлекеттік орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде мүдделері үшін осы ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын мемлекеттік орман иеленушінің есеп-қисаптары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысымен бекітілген Орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес өтейді.

2. Мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттардағы жерлерге
ауыстыру тәртібі

      5. Мемлекеттік орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға (бұдан әрі – жер учаскелерін ауыстыру) мүдделі мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) сұралып отырған жер учаскелері орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрі – атқарушы орган) басшысына өтініш береді.
      Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері; орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
      Егер жер учаскелерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болса, өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт көшірмесі қоса беріледі.
      6. Атқарушы орган жер учаскелерін ауыстыру қажеттігі туралы қорытынды шығару үшін арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      Комиссияның жұмыс органы жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
      7. Комиссияның құрамына:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;
      2) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;
      3) орман шаруашылығын қадағалайтын атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің;
      4) мемлекеттік орман иеленушінің;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің;
      6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының;
      7) жұмыс органының;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;
      9) өзге де мүдделі органдардың өкілдері енгізіледі.
      8. Атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушімен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушіге орындалу мерзімі көрсетілген өтініштің көшірмесін жібереді.
      Актіге масштабы 1:10000 орман картасынан (планшеттен) көшірме қоса тіркеледі, онда сұралып отырған жер учаскесінің шекарасы көрсетіледі.
      9. Комиссия мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін ауыстыру туралы өтінішті қараған кезде осы жерлердегі екпелерді сақтау немесе кесу туралы мәселелер бір мезгілде шешіледі.
      Екпелер кесілген жағдайда ағаш кесуді өтініш берушімен жасалған шарт бойынша аумағынан жер ауыстыру жоспарланып отырған мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді, бұл ретте алынған сүрек мемлекеттік орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.
      10. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жер учаскелерін ауыстыру қажеттігі туралы жазбаша дәлелді оң немесе теріс қорытынды береді.
      Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады, Комиссияның оң қорытындысының бір данасы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ол жерге орналастыру жобасын дайындау үшін беріледі.
      11. Өтініш беруші Комиссияның оң қорытындысы негізінде құрамында ауыстырылатын жер учаскесінің алқабы, оның шекаралары, орналасқан жері, жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар нақтыланатын жерге орналастыру жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны жұмыс органына мынадай құжаттарды қоса тіркей отырып жібереді:
      1) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акті;
      2) екпелердің масштабы 1:10000 орман картасынан (планшеттен) көшірме;
      3) орман иеленуші жасайтын мемлекеттік орман қорының жерлерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеудің есеп-қисабы;
      4) мемлекеттік орман иеленушінің келісімі;
      5) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның келісімі;
      6) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі;
      7) жұмыс органының келісімі;
      8) осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бірінші басшылар келіскен және олар қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген карта немесе сызба;
      9) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
      12. Өтініш берушіден осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жерге орналастыру жобасы мен ілеспе құжаттар (бұдан әрі – материалдар) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде жұмыс органы жерге орналастыру жобасын бекітеді.
      Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      13. Атқарушы орган Комиссияның оң қорытындысы негізінде және бекітілген жерге орналастыру жобасын, материалдар мен жер қойнауын пайдалануға (жер учаскелерін пайдалы қазбаларды игерумен байланысты ауыстыру кезінде) арналған келісімшарт көшірмелерін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының талаптарына сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша өтініш түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруды мақұлдау туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) шығарады. Көрсетілген мерзімге осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.
      Атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге шығарылған оң қорытынды туралы жазбаша хабарлайды.
      Комиссия немесе қоғамдық тыңдаулар теріс қорытынды берген жағдайда атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      14. Атқарушы орган он жұмыс күні ішінде материалдар қоса берілген өзінің оң қорытындысын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына келісу үшін жібереді.
      15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде атқарушы органға орман қоры жерлерін ауыстыруды келісу нәтижелері туралы жауап ұсынады.
      Материалдар пысықтауға қайтарылған жағдайда өтініш беруші бір ай ішінде пысықталған материалдарды уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды атқарушы органға ұсынады.
      16. Уәкілетті орган орман қорының жерлерін ауыстыруды оң келіскен жағдайда, атқарушы орган Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде материалдарды жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Орман қорының жерлерін орман    
шаруашылығын жүргізумен байланысты 
емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы
жерлерге ауыстыру қағидаларына   
қосымша               

Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы
акті

      Қазақстан Республикасы ___________________ облысы _____________
ауданы _________ жылғы _________________ айының _______________ күні.
      Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін _________________________
_____________________________________________________________________
               (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
атынан мемлекеттік орман шаруашылығы ұйымының өкілі (бұдан әрі –
мемлекеттік орман иеленуші) бір тараптан және ереже (жарғы) негізінде
әрекет ететін ______________________________________________________,
                         (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
мемлекеттік органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (қажеттісінің
асты сызылсын) екінші тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе мемлекеттік органның
                    немесе заңды тұлғаның атауы)
келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде
тексеру жүргізілді.
      Қарап-тексеру кезінде мыналар анықталды:
      1. Учаске _____________________________________________________
                            (орман иеленушінің атауы)
_________________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.
      2. Қарап-тексерілген учаскеде _______ га алаң бар, оның ішінде:
      орман, орман көмкерген _________ га,
      орман, орман көмкермеген _______ га,
      оның ішінде орман ағаштары ________ га,
      алқаптар _________ га,
      шабындықтар ___________ га,
      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ га,
      жайылымдар _______ га,
      жолдар ___________ га,
      басқа жерлер ______ га.
      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































      4. Қарап-тексерілген учаске ________ өзенінің жиегі шекарасында
орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды.
      5. Мемлекеттік орман қорының санаты __________________________.
      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________
____________________________________________________________________.
      7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай
геологиялық-жер сипаттамасы бар: ____________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Бұдан бұрын орман қоры жерлерінен орман шаруашылығын
жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге
ауыстырылған жер учаскелерінің болуы және орналасуы:
_____________________________________________________________________
    (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген
                   ұйымның атауы көрсетілсін)
      9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану
мақсаттары
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      10. Әкімшілік ауданның ормандануы ____________________________.
      11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:
      а) беру мерзімі ______________________________________________;
      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу
мөлшері ____________________________________________________________;
      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      12. Актіні жасау кезінде мынадай, оның ішінде сұралып отырған
учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы
ескертпелер мен ұсыныстар жасалды: __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қолдары:
орман иеленушінің өкілі: ____________________________________________
                          (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш беруші: ______________________________________________________
                      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Мемлекеттік орман
шаруашылығы ұйымының
басшысы _____________________________________________________________
                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)