Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1102 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1102 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесiнде:
      5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 10 жылдан 49 жылға дейiн пайдалану.»;
      14-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалар үшін – жарғының, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариатта расталған);»;
      «3. Тендерлерді ұйымдастыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшадағы 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Мемлекеттік орман иеленуші
___________________________________
             (Т.А.Ә.)
___________________________________
    (заңды тұлғаның толық атауы)
Орналасқан жері ___________________
БСН _______________________________
Е/шот _____________________________
                 (қолы)
М.О.

Орман пайдаланушы
_______________________________
            (Т.А.Ә.)
_______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Орналасқан жері _______________
ЖСН немесе БСН ________________
Е/шот _________________________
                (қолы)
М.О.

      _________________________________________
      ______________________ № _______ тіркелді
      Тіркелген күні 20__ жылғы «___» ________.
      М.О.                                                         ».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1338 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 45-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларында:
      8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкі жаюға арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана рұқсат етіледі.».
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      11. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 735 қаулысында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімде:
      2-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар;».
      12. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1102 қаулысына   
қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).