Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысы

Жаңартылған

      Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және  жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 855 қаулысымен   
бекітiлген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.».
      3. «Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 501-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті аумақтық басқармаларының (бұдан әрі – жол полициясы органдары) байланыс телефондарының нөмірлері;»;
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 349-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесінде:
      «Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер*» деген 2-бөлімде:
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;».
      5. «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 430-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (mvd.gov.kz);»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.»;
      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
      «Астана қаласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Астана қаласы

ІІМ ӘПК ТЕП

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4

71-58-30,
71-58-14


ІІД ЖПБ ТЭБ

Алматы ауданы, Жетіген көшесі, 35

71-69-90,
53-22-40

http://www.ast_guvd.mvd.kz

                                                                ».

      6. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (mvd.gov.kz);»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.»;
      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
      «Астана қаласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Астана қаласы

ІІМ ӘПК ТЕП

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4

71-58-30,
71-58-14


ІІД ЖПБ ТЭБ

Алматы ауданы, Жетіген көшесі, 35

71-69-90,
53-22-40

http://www.ast_guvd.mvd.kz

                                                             ».

      7. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 432-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (mvd.gov.kz);»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.»;
      көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
      «Астана қаласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Астана қаласы

ІІМ ӘПК ТЕП

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4

71-58-30,
71-58-14


ІІД ЖПБ ТЭБ

Алматы ауданы, Жетіген көшесі, 35

71-69-90,
53-22-40

http://www.ast_guvd.mvd.kz

                                                             ».

      8. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 6-бөлімде:
      реттік саны 207-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру».
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 98-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
      63-тармақ алынып тасталсын.