Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай құрамда Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің басқарма басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
2. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
3. Комиссия отырысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жарты жылда кемінде бір рет өткізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов