Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысы

Қолданыстағы

      Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мынадай құрамда Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Балтатегі
Әбдел Хасанбиұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті басқармасының басшысы, хатшы

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Кармазина
Лена Мағауияқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Байжүнісов
Ерік Әбенұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Петров
Валерий Викторович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Баймұханов
Тимур Сұлтанбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары

Айтжанов
Дулат Нұлиұлы

-

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша).

      2. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
      3. Комиссия отырысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жарты жылда кемінде бір рет өткізілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов